«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫНЫҢ «ӘКЕМ ШЕШЕМ, МЕН ЖӘНЕ ТУҒАН ТІЛІМ» АТТЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 74 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА ӨТКЕН ОТЫРЫСЫ

Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды тәрбие құралы отбасында ақындарымыздың өлеңдерін жаттап, ондағы айшықты сөздердің мән-мағынасын түсініп, поэзия тілінің құдіретіне, оның адам бойына қажетті нәрлі де айшықты, әуезді ойларын ұрпағының бойына жастайынан сіңіріп отырған үлгілі шаңырақ иелерімен ой бөлісу.

Міндеттері:
  • отбасында ұлттық тәрбие мен туған тілімізге деген құрметті, құштарлықты қалыптастыру;
  • туған жердің қадір-қасиетін поэзияның құдіретімен сезіне білуге баулы;
  • сол арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
  • оқушылардың көркем шығармаларды оқи отырып оны сатылай талдап, әр сөздің терең қатпарларында жатқан мән-мағынасын түсіне білуге деген құштарлығын арттыру;
  • әдеби шығармаларды, тілдік материалдарды сатылай кешенді талдауға машықтандыру арқылы өз бетінше білім алу дағдысын жетілдіру;
  • қазақ тіліндегі талдаулар жүйесі негізінде екінші, үшінші (орыс, ағылшын) тілді сауатты меңгеру мүмкіндіктеріне жағдай жасау;
  • отбасылық тәрбие мен білім жолындағы ізденіс нәтижесінде мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты мақсатты түрде орнықтыру.

Отырыстың өту барысы:

Бірінші оқушы: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Мектебіміздегі «Нұрлы білім» ұлттық интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының «Әкем, шешем, мен және туған тілім» атты отырысына қош келдіңіздер!!!

Екінші оқушы: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біз өмір сүріп отырған қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мен мазмұны мүлде басқа. Жаңа дәуір табалдырығына ену қазіргі заман жастарынан ептілікті, шығармашылықты және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше ой қызметін талап етеді.

Бірінші оқушы: Иә, Аида, Міне, осындай заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеп шығару ата-ана мен мектеп бірлесе жұмыс жасағанда ғана өз жемісін бермек. Мектеп – білім ошағы болса, отбасы – тәрбие ордасы. Білім мен тәрбие – ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде отбасының да алар орны ерекше.

Екінші оқушы: Бақытты отбасы – келешек кепілі. Тәрбие – отбасының басты құндылығы. Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсетуге әрқашан үлкендер міндеті. Олай болса, отбасында ақын өлеңдерін жаттап, өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, одан өмірлеріне нәр ала білген мектебіміздің үлгілі отбасыларын ортаға шақырайық. (Музыкамен отбасылары ортаға шығады).

Бірінші оқушы: Құрметті ата-аналар, мектебіміздегі бүгінгі өтіп жатқан шарамызға қош келдіңіздер! Алғашқы сөзді Исабековтар отбасына береміз. Осы отбасының аялап өсірген қызы, төртінші сынып оқушышысы – Балауса. Ол – сыныбындағы озат оқушы. Өзі ақылды, әдемі, нәзік, ақ көңіл, көпшіл, мейірімді, намысқой. Осындай жақсы қасиеттердің барлығын Балаусаның өз отбасынан алғандығы белгілі. Құрметті Исабековтар әулеті сөз сіздерде.

Ата-ана. Рахмет. Құрметті қонақтар, біз отбасында қазақ халқының сүйікті ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін оқып, жаттап, талдап отыруды мақсат еткен едік. Сондықтан назарларыңызды біздің отбасына аударуларыңызды сұраймыз.

Әкесі – Нұрлан ақынның «Уақыт», анасы – Салтанат «Жолда», қызы – Балауса «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңдеріне мәнерлеп оқып, Балауса өлеңдегі «Жалау» сөзіне төмендегі үлгіде сөзсазындық талдау жасады. Соңынан отбасы қосылып ақынның «Асыл жарым әнін» нақышына келтіре отырып шырқады.

Екінші оқушы: Құрметті де қадірлі Исабековтар отбасы сіздерге үлкен рахмет.

Бірінші оқушы: Келесі сөзді Қази отбасына береміз. Бұл отбасындағы – Алмат 2-сыныптың оқушысы. Ол қай істе болмасын алғырлығымен және білімділігімен ерекшеленеді. Қолы бос кезде өлең шығаруды ұнатады. Ұстанымы – Тек қана алға. Бүгінгі отырысқа әкесі – Руслан, анасы – Сайлаукүл қатысуда. Ендеше, сөз кезегі Қази отбасында.

Ата-ана: Рахмет. Біз де отбасында ақындардың өлеңдерін жаттап, олардан өмірімізге қажетті үлгі-өнеге алып отыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Біздің сүйікті ақынымыз – Мұхтар Шаханов.

Отағасының іссапарда болуына байланысты ол кісінің оқитын «Достық пен махаббат» өлеңін отбасымыздың осы мектептің бірінші сыныбында оқитын Аяған орындап берсін. Анасы – Сайлаукүл «Бақыт Геометриясы», баласы – Алмат «Сен қазақсың» өлеңін мәнерлеп жатқа айта отырып, өлеңдегі атамекен, ержүрек сөздеріндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берді:

Берілгені: атамекен, ержүрек сөздерінде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды?

Шешуі: атамекен, ержүрек сөздерінде он бес дыбыс бар. Оның жетеуі – олар: 2а, 4е, ү дауысты дыбыстар. Себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады. Сегізі – олар: т, м, 2к, 2н, 2р дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

а) Тілдің қатысына қарай жеті дауысты дыбыстың екеуі – олар: 2а тіл арты немесе жіңішке дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді. Бесеуі – олар: 4е, ү тіл алды немесе жіңішке дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай жеті дауысты дыбыстың екеуі – олар: 2а ашық дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады; төртеуі – олар: 4е жартылай ашық дауысылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады; біреуі – ол: ү қысаң дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

б) Ерін мен езудің қатысына қарай қарай жеті дауысты дыбыстың біреуі – ол: ү ерін дауыссызы. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді; алтауы – олар: 2а, 4е, езулік дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады; төртеуі – олар: 4е

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай сегіз дауыссыз дыбыстың үшеуі – олар: т, 2к қатаң дауыссыздыр. Себебі, бұл дыбыстар тек салдырдан тұрады. Бесеуі – олар: м, 2н, 2р үнді дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым. Сөзде ұяң дауыссыздар жоқ.

ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай сегіз дауыссыз дыбыстың үшеуі – олар: т, 2к шұғыл дауыссыздыры. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады; біреуі – ол: р діріл дауыссызы. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне соқтығысып, ауа сүзіліп шығады; үшеуі – олар: м, 2н мұрын дауыссыздары. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа мұрын арқылы шығады. Сөзде ызың, ауыз жолды дауыссыздары жоқ.

б) Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай сегіз дауыссыз дыбыстың біреуі – ол: т тіл мен тіс дауыссызы; біреуі – ол: м ерін дауыссызы; екеуі – олар: 2к тіл ортасы; төртеуі – олар: 2н, 2р тіл алды дауыссыздары. 8 Δ = 1(м) еріндік Δ + 2 (2 к) тіл ортасы Δ + 4 ( 2н, 2р) тіл алды Δ

Екінші оқушы: Қази отбасына ерекше ықыласпен ризашылығымызды білдіре отырып келесі сөзді Бағзиевтар отбасына береміз.

Бірінші оқушы: Бағызевтар отбасының тұлымы желбіреп өсіп келе жатқан сүйікті қыздары – Ақмарал. Амарал – 5-сыныптың оқушысы. Ол мінезі ашық, әрқашан достарына көмектесуге әзір. Өзінің әсем биімен мектептегі барлық шаралардың сәнін келтіріп жүреді. Ұстанымы – Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан! Жақсы көретін ісі – әуелетімен бірге ән салу, би билеу. Сондықтан бүгінгі отырысқа әкесі – Еркінбек, анасы – Кенжегүл қатысады. Олай болса, келесі сөз кезегі – Бағзиевтар отбасында.

Ата-ана: Осындай шараларыңызға үлес қосуға сенім артқандықтарыңыз үшін рахмет. Әр отбасында ақын өлеңдерін жаттап, оны өмірлеріне азық ету қазақ халқының тамаша дәстүрі десек, артық айтқандық емес. Біздің де сүйікті ақынымыз бар. Ол – Тұманбай Модағалиев. Әкесі – Еркінбек ақынның «Бақытты бол, қазағым», анасы – Кенжегүл «Өмір маған...», қызыдары – Ақмарал «Әкеме хат»өлеңін жатқа айта отырып, төмендегі үлгі бойынша әке сөзін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына үш тілде талдады. Ақынның «»Құстар қайтып барады» әнін орындады.

Екінші оқушы: Сіздердің отбастарыңызға да бақытты ғұмыр тілей отырып, соңғы түйенің жүгі ауыр демекші, биыл ғана мектебімізге келіп, ерекше дарынымен көзге түскен Мейірланның отбасына сөз кезегін берейік. Мейірланның 6-сынып оқушысы. Оның арманы – елінің білімді азаматы болып, оның дамуына үлес қосу. Сондықтан да оған мұғалімдер ұжымы үлкен сенім артады. Бүгінгі отырысқа анасы – Гүлбарам, әкпесі – Нұрайлым қатысуда.

Анасы: Сөз кезегін ұсынғандарыңызға рахмет. Бұл мектепте ұлттық дәстіріміздің бірі – ақын өлеңдерін отбасы болып жаттап, оны бала санасына сіңіруге ерекше мән береді екен. Сондықтан бүгін біз өзіміз сүйіп оқитын ақынымыз – Мұқағали жырларынан шашу шашуды жөн көрдік дей келіп, әкесі – анасы – Гүлбарам «Мына қасқа...» Мейірлан «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы» өлеңін мәнерлеп айтып, өлеңге сатылай кешенді талдау жасады.

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

1. Авторы – М.Мақатаев. Ақын, қазақ халқының бір тауар азаматы. 1931 жыл Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауданында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.

2. Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл – шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Бұл шығарманың тақырыбы – ауылдың тіршілігін суреттеу.

3. Жанр түрі – өлең (поэзия). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идея – автордың өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Бұл өлеңнің идеясы – туған ауылын мақтан ету, құрмет тұту.

5. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 6 шумақтан тұр.

6. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы. Өлең 24 тармақты.

7. Бунақ дегеніміз – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны – 2-3 бунақты.

8. Буын саны – өлеңінің құрамындағы дауысты дыбыстарға байланысты: 11 буынды.

9. Ұйқас – ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі. Қара өлең ұйқасымен жазылған.

А-а-б-а

10. Әдеби-теориялық ұғымдар. Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Сағыныштай, сыбызғыдай, сағымдай.

11. Түсіндірме сөздік
Іргеде – маңында деген сөз.
Тіміскіп - іздеу, қарау, көзін жерден алмау.

12. Өлеңнің негізгі түйіні.
Ақынның айтуынша, оқып, білім алған азаматтың басты мақсаты – елдің қамын ойлау. Өзі өмір сүрген ауылының тіршілігін сағынышпен жеткізуі. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас...

Сонымен қатар мына сөйлемге: Тәрбие басы – тіл. (Сөйлемге: қазақ, орыс) екі тілде синтаксисті, күн сөзіне ағылшын тілінде сөзсазындық талдау жасады. Ақынның «Нұр жауып тұрған көктемде» әнін отбасы болып нақышына келтіріп шырқады.

1. Синтаксистік талдау:

1.1.Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар – нүкте және сызықша. Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. Сызықшаның қойылу себебі бастауышымыз (-ы) тәуелдік тұлғалы зат есімнен, баяндауышымыз атау тұлғалы зат есімнен болғандықтан бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр.

1.2. Айтылу сазы мен құрылысына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлемде ой хабарлай, суреттей, баяндай айтылады.

1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.


Язык – основа воспитания.

1. По цели высказывания – повествовательное, потому что повествуется о факте действительности.

2. По интонации – невосклицательное, так как не передает чувств говорящего.

3. Порядок слов в предложении – прямой, потому что после подлежащего следует сказуемое.

4. По структуре: простое, так как в нем одна грамматическая основа – Язык – основа.

5. По наличию главных членов: двусоставное, потому что есть подлежащее и сказуемое.

6. По наличию второстепенных членов-распространенное, так как в нем все члены предложения налицо.

7. Это предложение не осложнено, потому что в нем нет однородных членов, обращения, вводных слов.

8. Это полное предложение, так как в нем нет пропущенных членов предложения.

Бірінші оқушы: Құрметті де қадірлі отбасылары бүгінгі шарамызға қатысып, бала тәрбиесіне, оның болашағының жарқын болуына өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет.

Екінші оқушы: Сонымен «Нұрлы білім» ұлттық интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының «Әкем, шешем, мен және туған тілім» атты отырысы да өзінің мәресіне жетті.

Бірінші оқушы:
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға,
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл – шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы
Білімді сөз шырын жанның құнары, – деп баршамыз да білімді, білікті болайық.


«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ» КЛУБЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ» АТТЫ ОТЫРЫСЫ

Мақсаты: Ата-бабаларымыздың арманы болып кеткен тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстайтын, ой-өрісі жоғары, парасатты, өр рухты ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы екендігін жас ұрпақтың бойына сіңіру;
  • ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ділі бар тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы екендіктеріне көз жеткізу;
  • жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында, ең бастысы отбасы құндылығында жатқандығына көз жеткізу;
  • қазіргі таңда шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашылып, азат ойлауды қалыптастырушы болып отырғандығымызды қадірлей білуге баулу;
  • ата-бабаларымыз осындай тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басынан өткізді, ол жайлы ақындарымыз жырларын арнауда. Сол жырларды отбасы болып жаттап, оның қадір-қасиетін бағалай білуге үйрету;
  • сол арқылы отбасында ұлттық тәрбие мен туған тілімізге, тарихымызға, тәуелсіздігімізге деген құрметті, құштарлықты қалыптастыру.

ОТЫРЫСТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Отырыс «Көк тудың желбірегені» әнімен басталады.

Бірінші оқушы – Ділназ: Армысыздар құметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кезекті отырысына хош келдіңіздер!!!

Өткен, яғни, 2014-2015 оқу жылынан бері клуб мектеп, ата-ана, оқушы болып өз жұмысын үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінгі отырыс баршамыз үшін де өте ерекше болмақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл күнге былайша баға береді: «Тәуелсіздік тарихтың сыйы немесе бүгінгінің меншігі емес, ол өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық».

Иә, 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толып отыр.

Екінші оқушы – Аяулым:
Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіздік – елдің ең басты тұғыры. Ол – қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Сондықтан білім беріп, тәрбиелеуде тәуелсіздіктің арайлап атқан әрбір таңының құндылығын жас ұрпақтың байына дарыту мектеп пен ата-ананың парызы болмақ. Бүгінгі отырысқа осындай құндылықтарды отбасында ерекше қадірлейтін шаңырақ иелерін ортаға шақырайық.

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан! – дей отырып, алғашқы сөз кезегін Қазыбек Исаның отбасына берейік.

Қазыбек Иса – ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, республикалық «Қазақ үні» газетінің президенті, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы орынбасары , «Құрмет» орденінің иегері, талантты ақын Қазыбек Исаға Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының Сергей Есенин атындағы «Алтын күз» орденінің иегері, мектебіміздің белсенді ата-анасы.

Отбасы мүшелері ақынның төл туындыларын Тәуелсіздік мерекесіне тарту етпек. Осы отбасының қызы – Әмина 3 «В» сыныбында оқиды. Ол – оқу озаты. Ибалы да, инабатты қыз. Сөз сіздерде құрметті отбасы.

Бірінші оқушы – Ділназ: Құрметті отбасы, сіздерге көп рахмет. Отбастарыңыздағы тәуелсіз елдің ұрпақтары тілін, ділін, тарихын жете меңгерген биік тұлғалы азаматтар болып өсе берсін!!!

Екінші оқушы – Аяулым:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан! – дей отырып, сөз кезегін Тәуелсіздік мерекесіне жырдан шашу шашқалы отырған Беркінбаевтар отбасына сөз кезегін берейік. Әкесі – Бауыржан, анасы – Алмагүл. Осы отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз – Камила. Бұл шаңырақ иелері де ұлттық сал-дәстүрге ерекше мән беріп, бала тәрбиесінде ерекше құндылық ретінде бағалаумен қатар, мектеп өміріде болып жатқан түрлі шараларға белсені атсалысады.

Бірінші оқушы – Ділназ: Сіздердің де шаңырақтарыңызға тәуелсіздіктің нұры құйылып, ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрін қадірлей білетін ұрпақтар өсе берсін!!!
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын, – деп, ақындарымыз жырлағандай келесі сөзді Қарақұловтар отбасына берейік.

Бұл отбасының ұлы – Ғафур. Ол – 3 «В» сыныбының озат оқушысы. Бұл отбасының өзіндік ерекшелігі шаңырақтарында ұлттық тіл, салт-дәстүр ерекше орын алады екен. Сандықтан бүгінгі отырысқа ерекше ықыласпен, өзінің ұсынысы бойынша бірінші сыныпта оқитын Ғафурдің інісі Дияр да қатысып отыр. Сондай-ақ, отбасында тілімізді қадірлеп, оны тұғырын биік ұстайтындығы көрініп-ақ тұр. Құрметті отбасы сөз сіздерде.

Шаңырақтың отағасы – Талғат. Мектеп әкімшілігі «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық» клубын құрып, осындай шараларды өткізуімен қатар біз сияқты ата-аналардың мектеп өмірі, онда атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстармен хабардар етіп, оған тікелей араласып отыруымызға мүмкіндік туғызғандарыңызға көп рахмет. Клуб жұмысының мұнан әрі де түрлі тақырыптарды қозғап, ата-аналарды мектеп өміріне кеңірек араластыра берсе деген тілек білдіргем келеді. Балаларымыздың туған тіліміз арқылы білім, тәрбие алып, ұлттық құндылықтарымызды мектеп қабырғасынан бойларына сіңіріп өсетіндіктеріне дән ризамыз. Біз отбасымызбен Қостанайлық ақын Мұсабаев Хамитбектің «Тәуелсіздік толғауы» атты жырын мерекелік тарту етбекпіз. Мен 24 санына сатылай кешенді талдау жасайды.

Екінші оқушы – Аяулым: Құрметті ата-аналар бүгінгі шарамызға атсалысып, «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық» клубының «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты отырысымызда ата-бабамыздың өмір бойы арман еткен, Тәуелсіздің 24 жылдық мерекесіне атсалысқандарыңыз үшін рахмет.

Бірінші оқушы – Ділназ:
Ортамызда отырған 3 «А», 3 «В» және 3 «З» сынып оқушылары мерекеге білімдерімен шашу шашпақ. Құрметті қонақтар Сіздердің алдарыңызда үш пәнен (қазақ тілі, әдебиет, математика) бірнеше тапсырма қойылған. Солардың кез келгенін алып осы оқушыларға берсеңіздер, олар тапсырмаларды «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының талаптары бойынша ауызша орындайды.

Екінші оқушы – Аяулым. Құрметті оқушылар сіздерге де алғыс білдіреміз. Сіздер осы клуб құрылғалы бері әр отырысына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сонымен қатар өздеріңіз де жұрт алдында шешен де шебер сөйлеуге дағдыландыңыздар. Енді біздің клубымыздың жұмысына өз үлестерін қосып, Тәуелсіздік жылдарының шежіресін айтып беруге 6-сынып оқушылары да келіп отыр екен. Сөз кезегін осы оқушыларға берейік.

Бірінші оқушы – Ділназ: Алтыншы сынып оқушылары сіздерге де үлкен рахмет. Ендеше, Біздің де бұл мерекеге қосар үлесіміз бар. Елбасымыздың жас ұрпақтың алдына қойып отырған талаптарының бірі – үш тілді тұлға болу. Сол үрдістен шығуға біз де талпынудамыз. Сондықтан біздерге де бір назар салып қойсаңыздар.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата баба рухына, – дей келіп,
Қасиетті ұғым – Тәулсіздік сөзін үш тілде сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдап көрелік.

Екінші оқушы – Аяулым:
Алаштың ар-намысы қымбат маған,
Тағдырдың талай сырын жұмбақтаған.
Ақ мамық азаттықтың бесігінде,
Ақ қанат періштедей құндақтаған.

Айбарлы тарғыл түсті барыстаймын,
Ақылмен надандықты жаныштаймын.
Өнер, ғылым, білімді жандандырып,
Талаппен самғау көкке қарыштаймын.

Тәуелсізбін, азатпын, егеменмін,
Еліммен мол бақытқа кенелермін.
Ұлан байтақ шұрайлы сахарамда,
Қуаныш пен шаттыққа бөленермін, – дей отырып, сөз кезегін мектебіміздің директоры Айтжан Ермұхановнаға берейік.

Бірінші оқушы – Ділназ: Отырысымызды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір ұлағатты сөзімен аяқтағанды жөн көріп отырмыз: «Тәуелсіздік толғауы ұрпақтың жадында жаңғырып, тәуелсіз рухы әрбір азаматтың жүрегінде тербелсін, Мәңгілік еліміздің мәртебесі биік болсын, азаттық рухы асқақ болсын, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін, Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын!»

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар отырысымыз осымен аяқталды. Сау-саламат болыңыздар!


«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫ

 

СӨЗ БАСЫ

 

Жас ұрпақтың келешегіне, оның білімі мен білігінің өзге елдерден кем болмауына, оларға берілетін тәрбиенің ұлттық негізде қалануына қажетті құнды ғылыми тұжырымдар қалдырған Алаш арысы Ж.Аймауытов тәрбие туралы былайша ой түйіндейді: «Тәрбие Һам білімдендіру. Тәрбиенің де, білімдендірудің де тірегі мәдениетті өмір, яғни адам баласының түрлі тараулы толық өмірі. Тәрбие беру мен білім беру бірімен-бірі байланысулы: үйтсе де әрқайсының өзгеше мінезі, бірінен-бірі   өзгеше мақсұттары бар.

Тәрбие – кең мағыналы ұғым. Адам баласының өсу, өркендеу, жетілу дәуірінде тәрбиеге кірмейтін жағы жоқ: дене тәрбиесі, әдемілік сезім тәрбиесі, адамгершілік, құлық тәрбиесі – бәрі тәрбиеге жатады. Адамның талабын, амалын түзу бағытқа, ретке салып, адам баласының арасындағы қатынасын жөндеу – бұл да тәрбиенің ісі. Ол ғана емес, тәрбие одан да жаңа, одан да жоғары кемелдікке, яғни шындық, ізгілік, көркемдік көксеуге, оларды өмір жүзінде іске асыруға адамды жетектейді. Осындай қасиетті міндеттерге жетуге жанды қаруландырады, қанаттандырады. Немен? – Насихатпен, ақылмен, пайдалы біліммен, үлгілі амалмен, оқытумен, үйретумен. Үйрету алғашқы кезде ретсіз, жоспарсыз жай машықтандыру түрінде жүргізілуі мүмкін, жүре бере үйрету белгілі жүйемен жүреді» [1. 4-том, 283-б.] . Ал тәрбиенің өзіндік қырын М.Жұмабаев былайша түсіндіреді: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер».

Ж.Аймауытов айтқандай тәрбиенің түрі сан алуан. Дегенмен қазақ баласына берілетін ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Ұлттық тәрбие туралы академик Р.Сыздық былай дейді: «Ұлттық тәрбие ұлт (халық) болып ұйымдасқан адамдардың тұрмыс, тіршілігін, әдет-ғұрпына, мәдени-рухани болмысына орай жүзеге асады. Қай жұрттың да жас ұрпағын тәрбиелеудің өзі қалаған, өзі қалыптастырған амал-тәсілдері, мақсаты болады. Сірә, ұлттық тәрбиені жас ұрпақты оқытып, оған білім беру тәрбиесінен бөлек деп қарамай, бірлікте қарастырудың, сондай-ақ бұл консепцияның қазақтың халықтық тәрбиесіне тән екендігін баса айтудың мәні бар» [2. 3-б.].

 Ұлттық тәрбие жас ұрпаққа берілмей жүр деуден аулақпыз. Ол мүмкіндігіне қарай сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жұмыстарда да беріліп келеді. Дегенмен әлі де болса оларға қосымша жұмыстар жүргізе отырып, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін саналарына ерте бастан сіңіріп, өз елінің нағыз патриоты болуына аға ұрпақтың ақыл-кеңестері, көркем туындылардың үлгі-өнегесінің орны ерекше екендігіне көз жеткізуіміз керек. Оған дәлел: «Тіл білімінің тарланы атанған», профессор Құдайберген Жұбановтың «Абайды Абай еткен күш – бесік тәрбиесі, халықтың тұрмыс-салт жырлары»,  – деген тұжырымын Мүсілима Құдайбергенқызы Жұбанова әрі қарай былайша сабақтастырады: «Бесік баласы бес түлейді», – деген  қазақ халқы баланың өсу-даму кезеңдерін бақылап, сылап-сипап, денесін тәрбиелеуге қоса, жан-дүниесі, сезімдерін дамытудың жолын да дұрыс тапқан тәрізді» [3. 3-б.].

 «Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу әдісі – ғасырлар бойы жинақталып келген халық тәрбиесі. Көзімен көріп, басынан кешіріп, өмірге жанасымды жағын сұрыптап алған білім жиынтығы. Халықтың әлеументтік жағдайы, тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына сай өмірден жинаған тәжірибесі, соның ішінде ұрпақ тәрбиесі де халқымыздың құнды қажеттілігі болып келген», – дейді ғалым-әдіскер М.Жұбанова [3. 43-б.]. Ал көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева адам баласына тәрбие беру туралы ойын былайша түйіндейді: «Менің ойымша тәрбиелеу – адамның жанын жасау. Тек ақпаратты білумен ғана адам жасалмайды. Жаны лас білімпаздан адамзатқа пайда жоқ... Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін» [4. 187-б.].

Ұлттық тәрбиені ұлттық мектеп береді десек, ғылым мен жас ұрпақтың тәрбиесіне өз ұлтын шын сүйетін, ерекше қадірлейтін перзенті ретінде бар ғұмырын арнап, оның болашағына алаңдап түрлі жол, амал-тәсілдерді шарқ ұрып іздеп, басынан «тар жол, тағақ кешу» өткізген ұлағатты ұстаз Алма Мүтәліпқызының мына бір пікірін де айта кету орынды болар: «Бізде қазақ мектебі бар, бірақ ұлттық мектеп жасалған жоқ. Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын. Қазақ мектептеріне осы жетіспейді. Қазақ мектебі дегеніміз – қазақ тілінде оқытатын, ұлттық сананы, рухты қалыптастыратын мектеп» [5.76-б.]. Егемендік алғалы бері қазақ мектептерінің саны көбейіп отырғандығы  қуантарлық жағдай.  Өкінішке орай, әлі күнге Алма Қыраубаеваның армандаған мектебінің талабына жете алмай отырғанымыз өкінішті-ақ.

Отбасындағы қазақы тәрбиенің құндылығын М.Жұбанова былайша түйіндейді: «Адамдар арасындағы қарым-қатынасты бақылап, жақсы мен жаманның неден туындайтынын түсініп, ой түйіндейді. Қас пен қабаққа қарап, адамдардың ішкі жан дүниесін байқауға үйренеді. Отбасының тыныштығы неден бұзылып, қалай қалпына келетінін сезеді. Ағайын арасындағы татулықтың қажеттілігін көріп, біледі. Өзін ардақтап, еркелетіп өсірген ата-ана, ағайын-туыстың еңбегін ақтап, өз еліне, туыстарына деген сүйіспеншілігі артады» [3.59-б.]. Ғалымның пікірінше шыр етіп дүние есігін ашқаннан бала қазақы тәрбие алып, тілі өз ана тілінде шығып, ата-ана оны үнемі дамытып отырса, бүгінгі таңдағыдай кейбір отбасындағы тілге деген немқұрайдылық, келеңсіз жағдайлар болмас еді.

Халқымыздың жинақталған мақал-мәтелдері, нақыл сөздері ұрпағына берген білім қорын өмір  кітабы деуге болады. Профессор Қ.Жұбановтың: «Қазақтың халық әдебиеті сахналық әдебиет, сондықтан халық өлеңдеріндегі ұйқас үшін алынған басы артық сөздердің орны бар. Ондай сөздер тыңдаушыны демалдыру, кейде ойландыру үшін қажет мидың гимнастикасы», – деп, ой түюіндегі мақсаты халық  ауыз әдебитінің құнды дүниелерін, баланың жас ерекшелігіне сай өлең-жырлар оқытып, жаттату арқылы өз халықының психологиялық ерекшелігі мен ұлттық салт-дәстүрінің  сырларын   жас ұрпақ санасына ерте бастан сіңіруге болатындығын болжап айтса [3. 24 -б.], Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір пікірі кез келген қазақ баласының өз халқының әдебиетін оқып, біліп қана қоймай рухани-танымдық тағлым алуға, философиялық ой-қорытындылар жасауға негіз қаланатындығына көз жеткізуге болады: «...Қазақтардың рухани әлемі, негізінен, ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады» [6.149-б.]. Ал ғалым-әдіскер Мүслима Құдайбергенқызының қазақ халқының білім мен қатар тәрбие берудегі философиялық ұстанымын былайша тұжырымдайды: «Білім беруде қуаныш сезімін қоса беру бала табиғатын жете білуден туған педагогикалық шеберлік. Халқымыздың бұл шеберлігіне бас имеске болмайды. Баланы жалықтырмаған, көңілдеріне ұнаған өлеңдерді олар жаттап алып, біріне-бірі айтады. Қайталау бала білімін бекіте түседі. Бұл өлеңнің құрылысына көңіл аударғанда ана тілінің дыбыстарын, буын түрлерін саналы түрде меңгертіп, дұрыс дыбыстау дағдысын беруді де көздеп отырғаны айқын көрініп тұр» [3.38-б.].  
         Осы тұста ғалым-әдіскер Б.Жұмақаеваның «Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәні бағдарламалары:құндылық пен құзырлылық» атты мақаласындағы көркем шығарманың бала тәрбиесіндегі, таным көкжиегін дамытудағы маңызына қатысты айтқан мына бір пікіріне тоқтала кетсек: «Біздің айтпағымыз мемлекеттік басылымдар немесе халықтың әлеуметтік жайы емес. Халықтың әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, саяси, мәдени дамуына мониторинг жасау үшін бірнеше сала өкілдері мен ғылыми институттардың көмегіне жүгіну қажет болар. Қарапайым халық көзімен қарағанда байқалатын өзгерістер кімге болса да жасырын емес. Тоқталмағымыз өнертану пәні, адамтану пәні, адамның рухани болмысын қалыптастырушы, ой-санасын дамытушы қуат көзі ретінде әдебиет пәнінің бүгінгі оқытылу жайы болмақ. Бүгінгідей өркениет заманында арнаулы пән ретінде арнайы оқытылып отырған тұста оқушыларымыздың көркем әдебиеттен сырттауына жол жоқ сияқтанады. Кезінде халқымыз «дала мектебін» құраған «отбасы мектебінде-ақ» ертегілерді айту арқылы оқушы қиялын шыңдап, жұмбақтар арқылы ойын дамытып, жаңылтпаш арқылы тіл ұстартып, дастандар, батырлар жыры арқылы отаншылдық рухын бекітіп, халық поэзиясы, айтыстар арқылы эстетикалық талғамы мен образды ойын дамытып келгені белгілі. Соның жарқын көрінісі болар, халық ақындар, көрнекті талант иелерінен тапшылық көрген емес. Ал бүгінде мемлекет қаржы бөліп, жалпы білім беретін мектептептерде арнаулы пән ретінде әдебиет 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқытылып отырғанның өзінде оқушыларымыздың күн санап әдебиетке қызығушылығы бәсеңдеп, оқырман қауымның өз мәнінде қалыптаспауы кімді болса да ойландырмай қоймас» [7. 24 -б.].

Жоғарадағы Алаш арыстары мен ғалымдарымыздың айтқан ой-тұжырымдарын қорытындылай келгенде түйіндейтініміз, жас ұрпақтың тәрбиесі өзінің туған тілі, әдебиеті, салт-дәстүрімен тығыз байланысты екендігіне, оған ең алдымен отбасының жауапкершілігі жоғары болуының қажеттілігін баса айтып отырғандығына көз жеткізуге болады. Сондықтан біз лицейімізде   «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық» клубын ұйымастырып,  алдымызға мынадай мақсат қойдық: ата-аналармен біріге отырып, оқушыларымызға қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін ертерек саналарына сіңіруде түрлі шаралар жоспарлап, оны өздерінің қатысуымен нақты жұмыстар жүргізіп, олардың өз ұлтының шын мәніндегі патриоты болуына ықпал ету. Ол үшін осы бағыттағы озық ойлы, ұлтының болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтар мен азаматшаларды қатыстыра отырып рухани тәлім-тәрбие, өнеге алатын түрлі басқосулар, кездесулер ұйымдастыру. Кездесуге келген әрбір тұлғадан жүріп өткен өмір жолдарынан, елінің өркендеуіне қосқан үлестері, өздерінің азамттық көзқарастарынан тағлым алу.

«Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық»  клубы арқылы өткізілген шаралар білім алушыларымыздың сөздік қорын байытып, таным көкжиегін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жұрт алдында өз ойын шешен де шебер жеткізуге  негіз қалайды деген ойдамыз. Сонымен қатар бұл шаралар білім алушылар, ата-ана, мұғалім  арасында шынайы қарым-қатынас орнатып, ұстаз мәртебесіне өз ықпалын тигізетіндігіне сеніміміз мол. Ежелден айтылып жүрген «оқушы, ата-ана, мұғалім» деген үштік одақтың мақсатты түрде бірлікте жұмыс жасап, баланың шын мәнінде ұлт жанашыры, ата-ана қамқоршысы, елінің зиялы азаматы болумен қатар үлкенге ізетті, кішіге қамқоршы болатынды деген сенімдеміз.

Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ауыз әдебиетінен бастау алатын көркем шығармаларды оқытып, солар арқылы ойлы, инабатты, бүгінгі қоғамның талабына сай қазақы ұрпақ тәрбиелеу.

Бұл клубқа өткен, яғни 2013-2014 оқу жылында үздік оқып, ҚР Кіші ғылым академиясының 14-ауызша командалық олимпиадасында «Бас жүлде» алған №66 мектеп-лицей, №70 мектеп-лицей, №4 мектеп-гимназия, №8 жалпы білім беретін мектеп, 2014-2015 оқу жылынан  ашылып отырған  №74 мектеп-гиназия оқушылары және олардың ата-әжелері, әке-шешелері, ұстаздары мүше болып қабылданып, белсенді жұмыс жасайды деп жоспарлануда.

«Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық» клубының алдына қойған мақсаттары мен міндеттері өз уақытында орындалып, оң шешімін тауып отыру үшін ерікті түрде ақылдастар алқасы, ұйымдастырушылар және жауапты тұлғалар жұмысын бастады. Жасалған жұмыстар қорытындыланып, оның нәтижесі «Нұрлы білім»  сайтында жарияланып отырады. Сол сайт арқылы аталған клубтың жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық қалыптастыра алдық па деген қоғамдық пікірлерді көріп, біліп отырамыз.

 

«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫНЫҢ

 ЕРЕЖЕСІ

 

         Мақсаты: Ана тіліміз арқылы жас ұрпағымыздың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту, білімді, зиялы ұлттық салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін бағалайтын,  бүгінгі қоғамның талаптарына толық жауап бере алатын биік тұлғалы азаматтар тәрбиелеу. Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды: 

·   жас ұрапаққа туған тілінің сан қырларын терең меңгерте отырып, бүгінгі заман талабына сай саналы, білімді, мәдениетті, құзыретті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;

·   жырлардан үзінділер оқытып, жаттата отырып қазақ халқының саяси белсенділігін, адамгершілік қасиеттерін, тіл өнерін танып, білуге баулу;

·   көркем әдебиет, танымдық шығармаларды зерделеп оқуға баули отырып, таным көкжиегін кеңейту;

·   мемлекет, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдармен кездесулер ұйымдастырып, ерте бастан мамандық таңдау, елінің болашағына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

·   бұқаралық ақпарат өкілдерімен «Ана тілім, ата дәстүрім – менің болашағым» атты ойтолғаулар, пікірталас, сұбаттар өткізу арқылы жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

·    «Атам, әжем  және мен» атты семинар-тренинг жүргізіп, «Қарты бар үй – қазына» деген ұлағатты сөздің қадір-қасиетін бағамдай білуге баулу;

·    «Әкем-шешем, мен және туған тілім. Осы жұрт ұлы Абайды білер ме екен?» марафонын өткізе отырып, отбасы тәрбиесінің өзіндік құндылықтарын бағамдай білуге баулу;

·   бастауыш сыныптар бойынша «Ойлан, тап!» атты интеллектуалды ойындар сайысында білімдері мен біліктерін шыңдап отыруға үйрету;

·   орта буын оқушылары арасында  «Біз – зерделі де зерек ұрпақпыз» атты интеллектуалдық сайыстар өткізуге машықтандыру;

·   ұлттық дәстүрді қазіргі заманғы рухани талаптармен ұштастырып, әлеуметтік белсенділігін, іс атқарудағы жауапкершілікті сезіну қабілетін ұштап, бүгінгі өркениетке сай тұлға болып қалыптасуына көкейкесті, өзекжарды мәселелерді күн тәртібіне  қойып, ой еркіндігіне, сөз еркіндігіне бағыттап отыру;

·   атқарылатын шаралар барысында білім алушы, ата-ана, мұғалім, клуб мүшелері арасында ортақ мүдде, ортақ мақтасат орнатып, бірлікте жұмыс жасауға негіз қалау;

·   ана тілі (қазақ тілі) арқылы екінші, үшінші  тілді меңгеруге негізделген түрлі шараларды ұйымдастыру.

         Алынған міндеттерді жүзеге асырудағы орындалатын басты шарттар:

·   отбасылық әдет-ғұрыптардың дәстүрлі негіздеріне баулу;

·   тапсырылған істі тиянақты, тындырымды орындауға дағдыландыру;

·   кез келген ортада өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілінде мәдениетті сөйлеуге баулу;

·   өз ұлтының мінез болмыстың ерекшеліктерін бойларына сіңіру;

·   ұлттық үлгіге тән тән сұлулығы мен жан сұлулығын қазіргі заманның талабы және әлемдік тәжірибемен үйлестіріп отыру;

·   алаш арыстары және олардың ұрпақтарының өмір жолдары, тіршілік тыныстарымен таныстырып отыру;

·   бүгінгі қоғамның сұранысына орай жастарға міндеттелген  талаптар мен бағыттар жайлы сұбаттар жүргізу;

·   әлемдік өркениет, жалпы адамзаттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойна сіңіру бағытындағы ізденістерді дамытудың жолдарын ойластырып отыру.

  Клуб мүшелерінің құқықтары:

·   өз ойын еркін білдіруге;

·   өзіндік бастама, ұсыныс айтуға;

·   орталық мүшелерімен тең дәрежеде  барлық шараларға отыруға ерікті;                                

·түрлі ресми ұйым, жеке тұлғалардан демеушілік көрсетуін  қақысы бар.

       

       Клуб мүшелерінің міндеттері:                     

· ата-аналарымыз оқушылармен бірлікте өткізілетін шараларға үнемі түсіністікпен қарап, көмек көрсетіп отыру;

· кез келген ортада этикалық нормаға сай өзін әдептілік ұстауға;

· клуб жұмысын белгісіз себептермен сылтауратып ақсатпауға;

·  қажет болған жағдайда серіктестеріне көмек  көрсетіп отыру;

·  клубтың    мөлшерленген жарнасын уақтылы төлеп отыру;

·   үнемі ізденіп, өз білімін ұдайы жетілдіріп, біліктілікке ұмтылуға     міндетті.

 

Клубтың құрылымы: 

*Ақылдастар алқасы.

Жауапты тұлғалар.

Ұйымдастырушылар алқасы.

* Мүшелері.

* Редакция алқасы.

* Хатшы. 

Жоба авторлары: 

Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, "Сатылай кешенді оқыту" технологиясының авторы.

Шаяхметова Айтжан Ермұхамбетқызы - Астана қаласы, №66 мектеп-лицей директоры.


«Шаңырақ шуағы» атты семинар-тренинг

2 «И» сынып жетекшісі Шалова Роза Мейірбекқызы 

 

«ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»

                                                                           Н.Ә.Назарбаев

 

Мақсаты: Ата-анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, арасындағы байланысты нығайту, олардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін жетілдіру.

 Сабақтың барысы:

1.     Психологиялық дайындық.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (Ата-аналар өздері бір-біріне деген сыйластық лебіздерін білдіру).

·        Құрметті ата-аналар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» әрпіне ұқсайды.

«О» – әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

«О» – әрпін сатылай кешенді  талдап көрелік.

1.     Танысу. Адам есімінің түстері.

Мақсаты: Ата-аналар балаларына берілген есімдері жайлы ой-пікірлерін ортаға салу. Балаға берілген аттың ішікі құпиясын бөлісу. Ол үшін оларға төмендегідей түрлі-түсті жүрекше қағаздар үлестіріледі. Сол таңдалған қағаздар арқылы ата-аналар адами қасиеттері айқындалады.

Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

 Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

Қара түс – ақ көңіл, шыншыл.

Ақ түс – өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

 

         Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Өз ұрпағын тәрбиелеп, өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға да біл»,  «Баланы сүйсең, тәрбиесін де сүй», – деген  баланы құр  айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.

         Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жаста  болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.

2. Құрметті ата-аналар, мына «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» нақыл сөзінің төңірегінде не пікір айтар едіңіздер?  (ата-аналар пікірі тыңдалады).

3.     Ойын. «Тату-тәтті» отбасы.

Музыка ырғағымен билеу, билеп тұрып «Тату-тәтті отбасында» (2,3,4,5) адам деген кезде бірігіп құшақтап немесе қол ұстасып тұра қалады. (2-3 рет). 

4.     «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Қатысушыларға осы тақырыпқа  жоба жасау ұсынылады. Жоба жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын қорғайды.

5.     «Сіз қандай ата-анасыз?» тесті.

1. Саған қанша рет қайталап айтамын?   (2-ұпай)

2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)

3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)

4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)

5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай)

6. Туу, ұқсағансың.... (2-ұпай)

7. Мен сендей кезімде... (2-ұпай)

8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)

9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай)

10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)

11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)

12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)

13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен... (2-ұпай)

14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)

Енді жалпы ұпайды санап, қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді, сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.

Кілті:

7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.

9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.

11-14 ұпай: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Жағдаяттық сұрақтар:

Құрметті ата-аналар, баланы мақтау да, оған ескерту айту да өз қолымызда. Әсіресе бүгінгі таңда өзекті болып отырған баға мен білімнің өте нәзік ара-жігіне қатысты ескерту айтудың да  арасында мақтап тұрудың жөні мен реті барын ұмытпау керек екендігін бала психологтары ескертеді. Ата-бабамыздың өзі бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, «Баланы  жастан» деп тегін айтпаса керек. Ендеше, қазір сіздерге келесі бір сауалнама парағы таратылады. Анонимді, аты-жөніңізді толтырып қажет емес. Ол тек 3 сұрақтан тұрады. Әрқайсыңыз осы сұрақтарға әділ де шынайы жауап беру арқылы, біздің сынып ата-аналарының бала білімі мен оның бағаланауына қатысты көзқарасын анықтауға атсалысады деп сенемін. /А5 парақшаларына жазылған сауалнама таратылып беріледі/

 1-сұрақ. Сіздің ойыңызша бала үшін бірінші кезектегі маңызды дүние ол не?

А) Баланың алатын тек қана үздік бағасы, ал қандай білім алып жатқаны аса маңызда емес.

Ә) Баланың қажетті,  мазмұнды білімі, ал бағасы аздап құбылмалы болуы мүмкін.

Б) Балам білім мен баға деп жеке ойланып жатпайды, ол үшін достарымен, ұстазымен жақсы қарым-қатынаста болу маңыздырақ. 

2-сұрақ. Сіз  бала тәрбиелеп, одан үлкен үміт күтіп отырған ата-анасыз. Сіз үшін балаңыздың қай қасиеті маңыздырақ?

А) Баланың алатын білімі, сауаттылығы мен әр пәннің ғылым саласын еркін игеруі.

Ә) Баламның күнделігіндегі жарқыраған үздік бағалар мен үшін аса маңызды, өйткені тек соған қарау арқылы мен оның жақсы оқып жатқанына сенімді боламын.

Б) Бұрын тек бестік алатындар үздік көрсеткіш иесі деп ойлайтынмын, қазір бағаға килікпей-ақ, ұстаздың құзыретіне қалдыруды жөн көремін.

3-сұрақ. Қазіргі таңда ата аналардың баласының бағасы үшін жан ұшыра жүгіруі көбеюде. Сіздің осыған пікіріңіз қандай?

А) Бұл – ескі жүйеден қалған жаман әдет. Ол – ұят нәрсе. Бірақ әркім өзі білсін.

Ә) Мен үшін баламның үнемі жақсы баға алғаны маңызды.

Б) Егер ата-анасы қойылатын бағаға әсер ете алатын болса, мектепте білім қалмайды, жемқорлық үдейді деп ойлаймын. Сондықтан, мұндай жаман үрдіспен (тенденциямен) ашық түрде күресу керек.

/5 минуттан соң, сауалнама парағы жиналып алынып, әр сұрақ бойынша А, Ә, Б жауаптарын қанша пайыз ата-ана құрайтынын анықтап, жариялау керек./

Ата-аналарға кеңес:

      Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы баппен ояту керек, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезінуі қажет.

         Егер сіз кеше ескерту жасасаңыз да сабаққа жіберер алдында балаға: «Байқа, бұзық болма, өзіңді жақсы ұста, мен сен үшін ескерту алмайын», – деген сөздерден аулақ болыңыз.

-Балаға мектепке барар алдында сенімділік пен сәттілік керек.

-Бала мектептен келгенде, бірден сұрақтар қойып қарсы алмау қажет.

-Егер бала бірдеңе айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау тиімді болмақ.

-Егер бала ренжіп отырса, онда себебін өзі айтқанша асықпаңыз.

-Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз, баланың жүйке клеткасында тежелу пайда болады.

Қорыта айтқанда, «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп тегін айтылмаған. Оларды өмірде жақсы тәрбиеге, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру – әр ата-ананың алдындағы азаматтық борышы. Отбасы –бала тәрбиелеудегі  алғашқы ұя. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы  еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.


«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ клубының кездесуі

№2

Тақырыбы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушылардың дарындылық қабілетін ашудың мүмкіндіктер

Өткізілу форматы: Дөңгелек үстел

Өтетін орны: 66 мектеп-лицей, 104-кабинет

Басталу уақыты: 20 желтоқсан, сенбі, 11.00 

р/с

Іс-әрекет

Мәтін

1

Қатысушылардың келуі, дөңгелек үстелге жайғасу

2

Үстел басында.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ардақты ұстаздар! «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының кезекті отырысында өздеріңізбен қайта жүздескенімізге қуаныштымыз!

3

Жүргізуші: Бүгінгі біздің отырысымыздың тақырыбы мен  мақсаты әдеттегіден сәл өзгешелеу болып тұр. Неге десеңіздер, бүгін сіз бен  біз «Сатылай кешенді оқыту»  технологиясы арқылы ұл-қыздарымыздың дарындылық қабілетін қалай ашамыз, қалай дамытамыз деген сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз.

4

Жүргізуші: Бәрімізге аян, «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халықтың даналығы бар. Алайда сол бағымыз да, базарымыз да болған бала-шағамызға мезгілімен уақыт бөліп, дұрыстап тілдесуге де уақыт тапшы болып жатады. Оған бір әмбебап сылтауымыз бар: «ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ» деген. Психологтардың пікірніше күніне кемінде 30 минут ата-анасымен тілдеспеген баланың болшағы бұлыңғыр, өйткені өз ойын ашық айта алмайтын ызалы, ашушаң, ынжық болып өсуі немесе өзін керексіз дүниедей сезініп, жалғыздықпен жалғыз арпалысуы мүмкін. Ал осындай қым-қуыт заманда баламыздың қабілетін қалай ашамыз, оған қалай уақыт тауып, қалай орайластырсақ болады? Бала тәрбиесінің бағбаны педагогтер қауымнан осыны білсек дейміз. Нұрша Алжамбайқызы сіз бұл мәселені зерттеп, зерделеп, оның шығу жолдарын қарастырып көрдіңіз бе?

5

Нұрша Алжамбайқызы: «Оқушылардың дарындылығын  ашуда ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен әрекеттері» туралы  сөз алады.

6

Жүргізуші: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бағдарламасымен  оқыған 2 «А» сынып жетекшісі Галина Айгул,  2 «И» Шалова  Роза сынып жетекшісі және 3 «Д» сынып жетекшісі Бастемова Светлана оқушыларынның білімін тамашалайық

7

Ата-аналар сұрағы

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, сұрақтарыңыз болса, мархабат!

8

Жауап

Нұрша Алжамбайқызы:

9

Сұрақтар

Сұрақтар легі:

1.«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бала дарындылығын ашудағы ықпалы қандай? 

10

1.     Балалардың демалысын оңтайлы ұйымдастырып, оны білім алумен үйлестіру  дегенді кеңірек ашып берсеңіз?

11

2.     ҚР Кіші ғылым академиясының жазғы оқыту лагерінің артықшылықтары неде? Оны оңтайлы ұйымдастыру үшін, біздерден, ата-аналардан қандай көмек керек?

12

3.     Ата-аналар тарапынан баланың дарындылығын дамытуға әлі де болса қандай жұмыстар атқару керек деп ойлайсыз?

13

4.     «Нұрлы білім» атты клубымызды дамытып, оқу орталығын ашып, қосымша білім беретін жер пайда болса, балаларымызды қуана-қуана берер едік. Бұған қатысты пікіріңізді білсек.

14

Жүргізуші: Тағы ата-аналардың айтары болса,  пікірі болса, сөз кезегі өздеріңізде

15

Ата-аналар сөз алады.

16

Сөз кезегі мектеп директорына беріледі

Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы

17

Стол басында. Түйін.

Жүргізуші: «Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы». Өмірдің шырағы болып тұрған білім алу үшін, оның тиімділігі үшін қандай қадам да ақталары сөзсіз...

18

Қоштасу

Жүргізуші: Осымен біздің клубтың кезекті отырысы өз мәресіне жетті. Бала тәрбиесі жолында жалықпай, талмай, ата-ана мен ұстаздардың бірігіп жасаған еңбегі мол жемісін бере бергей! Келгендеріңіз үшін баршаңызға рахмет!

 

 

 

 


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН  АШУДА АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ӘРЕКЕТТЕРІ

 

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – деген ұлағатты ұғымдары, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулығанды жөн санаған. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады. Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Ата-ана сәбиін тәрбиелеуде  ата-бабамыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін ала отырып жүргізсе,  еліне пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам болып шығары хақ. Жанұяның басты қағидасы баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз жанұясында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс-жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырдың ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай  тәрбие беруді мақсат еткені дұрыс. Сол арқылы баланың бойындағы дарындылығын ерте бастан дамыту қажет.

Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi – бала тiлінің ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, ондай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен білдіретін мағыналарының баюын iштей сезедi. Мұндай балалардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамиды және ойлау  қабiлеттері де жан-жақты болады. Тәжірибе көрсетіп жүргендей дарынды балалар әдетте 4 жасынан бастап хат  танып, оқи алатын дәрежеге жетеді. Тәжiрибелi психологтар мұндай балаларды ерекше көзқарастарынан және өздерінің ерекше iс-әрекеттеріне қарап,  көпшiлiк арасынан жылдам ажырата алады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк, жылулық, сүйiспеншiлiк және қамқорлық сияқты қасиеттер жақсы ортада ғана ашылады. Егер ересектер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалуы мүмкін. Сондықтан баласының жеке, дара дарындылық қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi бірінші кезекте ата-аналардың, мектеп қабырғасына келген соң педагогтердің ыждағаттылығын, ерекше ықыласын талап етедi.  

Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетеді.  Біріншісін «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісін, «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атуды жөн деп тапқан. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы қажет екен. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Психологтардың зерттеуі бойынша балаларды шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Шығармашылық қабілеттілік бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау, өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни ата-ана мен мұғалімнің  баланың шығармашылық кезеңде шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отыру басты нысан болады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ата-ана мен ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ:

·         {C}«Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;

·         {C}Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, балаларға арналған басылымдарда олардың өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

·         {C}Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;

·         {C}Ақын-жазушылардың, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, шығармашылық дәстүрінен мазмұнды оқиғаларды әңгіме ету;

·         {C} Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді ата-ана мен мұғалім білуі тиіс.

Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы. Дарынды балаларды іздеу, оларды  оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Мұны жүзеге асыру үшін мұғалім жаңа бағытта, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін немесе білім беру технологияларының бірін басшылыққа алып жұмыс жасау қажет. Ал педагогтердің жаңа оқыту әдісі дегеніміз – бұл педагогтің мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы. Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, қосымша жүргізілетін  жұмыстарында ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып оқушыны үзбей бақылап, рейтингі жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды оқушыларға жағдай жасап, болашақ көшбасшыларды, өздерін қорғай алатын, білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдарына айқындап алу қажет.

Қазіргі  қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту психология-педагогикалық маңызды мәселелердің бірі. Ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрсетілгендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің бірі – баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Ата-аналардың жадында болатын нәрсе мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті: санау, сандық және реттік сандарды дұрыс пайдалану; 10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу; заттардың пішінін ажырата білу; 10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек. Осыған орай, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын вербальді тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Өкінішке орай кейде ата-аналар арасында оқушыларға қосымша тапсырмалар берілген жағдайда реніш туып жататын жағдайлары кездеседі. Егер балаға қосымша білім беріп, еңбектенуге үйретпесек, баланың дарындылығы қалай ашылады.

 2013-2014 оқу жылынан бастап лицейімізде оқушылардың білім сапасын арттырып, оқытудың жаңа жүйесін енгізу мақсатында Астана қаласы Білім басқармасының 13.09.2013 жылғы  №478 бұйрық негізінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы енгізілді. Өткен оқу жылында тәжірибелік алаңға бекітілген сыныптарта бастауышта төрт пән. Атап айтар болсақ: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану; бесінші сынптарда: қазақ тілі, әдебиет, ағылшын тілі, тарих пәндері. Биылғы оқу жылында 5-6 сынптарда математика пәні қосылып отыр. Өткен жылы сабақ үрдісінде технологиямен ата-аналармен бірлікте жұмыс жасап, біраз жетістіктерге жетсек, биыл мектеп басшысы Айтжан Ермұханқызымен бірге «Нұрлы білім» атты ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық клубын ашып, ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс жасауда мақсат етіп отырмыз. Бүгін сол клубтың екінші отырысы.

Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  дарынды балаларды оқытуға арналған бағдарламалары немесе жобалары  оқушылардың дарындылық қабілетін ашудың барлық талаптарына жауап беруі тиіс; екіншіден, ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, олардың ұсыныс, талаптарын қанағаттандырудың түрлі жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіру. Ол үшін дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру. Себебі, тереңдетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Дарынды балалардың ата-аналары мен  мұғалімдеріміздің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандылық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқым қуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Неліктен кейбір данышпандардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гёте, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа ғұламалардың (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген, үнемі бірлікте, бір мақсатта жұмыс жасаған ата-ана мен мұғалімдер ғана дарынды оқушыға қол жеткізбек.


 

«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ клубының кездесуі

№1

 

Тақырыбы: «Ғылым білсең,  өтелер қанша қарыз...»

Өтетін орны: 66 мектеп-лицей, Актзалы.

Басталу уақыты: 18.00.

     

р/с

Уақыт

Іс-әрекет

Мәтін

1

17.40-18.00

Қонақты қарсы алу, дөңгелек үстелге жайғасу.

 

2

18.00

Үстел басында.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!  Бүгінгі  «Ғылым білсең,  өтелер қанша қарыз» атты танымдық кешімізге қош келдіңіздер!

/Мәшһүр Жүсіп/

 

3

 

 

Жүргізуші: Кешіміздің басты мақсаты:  «Сатылай кешеді оқыту» технологиясы аясында тәжірибелік алаңға енген мектептер арасындағы биылғы 2014-2015 оқу жылында өз жұмысын бастағалы отырған «Нұрлы білім» ұлттық  рухани-танымдық клубының алға қойған мақсат, міндеттерін оқушы, ата-ана, мұғалім болып жүзеге асырудың жолдарын қарастыру.

      Ендеше, Клубымыздың алғашқы   қонағымен таныса отырыңыздар  М.В.Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университеті,  Қазақстан филиалының доценті, педагогика ғылымдарының  докторы – Құрман Несібелі Жәкенқызы.

 

4

 

 

Жүргізуші: «Халықты  халықпен, адамды  адаммен теңестіретін білім» – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов  айтқандай, былтырғы «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ҚР  Кіші ғылым академиясының республикалық  ХІҮ ауызша командалық олимпиада жүлдегерлері № 66 мектеп-лицейінің 2 «И» сынып оқушыларына сөз берелік.

5

18.05

Оқушылар сахнаға шығады.

( оқушылар сөйлейді)

6

 

 

Жүргізуші: Ілім мен білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел – оған қызмет етеді. Бұл дәлелді қажет етпейтін заңдылық. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Өздеріңіз көріп отырғандай білімімен өнер көрсеткен оқушыларымыздың білімдегі жетістігі осы айтылған пікірдің дәлелі болмақ.

 «Клубымыздың» мақсатында айқындалғанындай осында отырған оқушыларымыз, ата-аналарымыз бен мұғалімдеріміздің бір жылғы жасаған жұмыстарын қорытындылай келе терең білім алумен қатар өз ұлтымызға тән ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып,  жаңаша көзқараспен бүгінгі қағамның талабына сай «Нұрлы білім» ұлттық  рухани-танымдық клубының аясында жұмыс жасауға бағыт түзедік. Сол құдылықтарымыздың бастауында тұрған ана тіліміз екендігі баршаңызға аян. Сондықтан клубымыздың алғашқы парағын қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік қолтаңбасы, өзіңдік ғылыми-әдістемелік тұжырымдары бар, ана тіліміздің шын жанашыры, бүгінгі таңда ғалымдық пен ұстаздықты қатар алып жүрген –  Несібелі Жәкенқызына сөз кезегін берейік. 

8

18.10

Несібелі Жәкенқызына сөз беріледі.

Несібелі Жәкенқызы:

9

 

Сұрақтар

 

Қазақ тілінің жанашырысыз. Қазақ тілін сүю үшін, жанындай қорғау үшін қандай әрекет керек?

 

10

 

 

Педагогика ғылымына саналы ғұмырын арнаған жансыз.  Жаңа замандағы ұстаз, ол қандай болуы керек деп ойлайсыз?

11

 

 

Қазақ елінің болашағын тәрбилеп отырмыз деген ата-аналар өз балаларына ең алдымен нені үйрету керек деп білесіз?

12

 

 

Бір жыл бұрын, қараша айында өткен, министрлік ұйымдастырған «Тілдерді жедел оқыту мақсатында заманауи технологиялар мен инновациялық жолдарды қолдану» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама жасадыңыз.  Аты жақсы осындай жиынның пайдасы бар ма, содан бері не өзгерді?

13

 

 

«Нұрлы білім» деп жүзінен нұр төгіліп тұратын Нұрша Алжамбайқызының бастамасына қуанып, қолдап, ұл-қызымызды рухани-әлеуметтік білім қайнарларымен тереңірек  сусындатамыз ба деген ниетпен, осындай клуб ашып жатырмыз. Сіз өзіңіз ұлттық интеллетуалдық, рухани-танымдық клуб дегенді қалай елестетесіз?

14

18.30

 

Жүргізуші: Балалардың сұрағы, ата-аналардың айтары болса, сөз кезегі өздеріңізде.

15

 

Балалар, ата-аналар сөз алады.

 

16

 

 

Оқушылар: Мектепте қай пәндерді ерекше жақсы көріп оқыдыңыз? Ғылым жолына кімдердің ықпалымен келдіңіз? Ғылым жолы қиын ба?Ғылыми жұмыстарыңызда қандай мәселелерді қарастырдыңыз?

Ата-аналар:Біз сияқты жас аналарға ұлбаланың тәрбиесіне қатысты қандай кңес берер едіңіз? Бүгінгі таңдағы қазақ қыздарының тәрбиесіне көңліңіз тола ма?Қоғамда ұлттық тәрбенің құндылығы қандай?

 

17

 

 

Құрметті  Несібелі Жәкенқызы! «Жақсы сөз жарым ырыс» деп өскен ұлттың өкіліміз. Біздің бүгінгі кездесуге келген ата-аналарға, балаларға, алғашқы кездесуін өзіңізбен бастап отырған клубымызға тілегіңіз?

 

18

 

 

Жүргізуші: Өзіңізді кеше ғана өткен ұстаздар күнімен тағы да құттықтаймыз! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Бізге алтын уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін мың алғыс! Әр бастамаңызға сәттілік тілейміз!

 

19

18.45

 

Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы

20

 

 

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін – білім саласындағы оқ бойы озық тұрған төл технология «Сатылай кешенді оқыту» идеясының авторы, осы білімнің шамшырақшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Рессей жаратылыстану ғылымдар акдемиясының корреспондет-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті  Оразақынова Нұрша Алжамбайқызында.

21

 

 

Нұрша Алжамбайқызы:

22

 

 

Жүргізуші: Ендігі қорытынды сөзді  біздің клубты ашу иедясының авторларына берсек.  Мектебіміздің директоры, жаңа заманға сай қазақ мектебінің моделін қалыптастырушы ұлт жанашырларының бірі, Айтжан Ермұханқызына сөз кезегін берсек.

23

 

 

Айтжан Ермұханқызы:

24

 

Үстел басында. Түйін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: «Оқу – инемен құдық қазғандай» – демекші, терең білім, көп ізденіс ғылым жолына   әкелетіндігі сөзсіз. Бүгінгі осында отырған шәкірттеріміз Абай бабаларының:

 Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз, – деген ұлы мұраттарын жадыларына тоқып, халқының «сегіз қырлы, бір сырлы» азаматтары болып өссе екен деген ниеттеміз.

 «Жұрт көрмеген нәрсені көріп-білуім менің ғылымның назарымен қарағандығымнан ғана. Ғылымды үйренуде ережелерден гөрі нақты мысалдар пайдалырақ. Ғылым айдынында мен  өзімді жағада ойнап жүрген  сәби сияқты елестетемін. Құдды теңіз жағасынан тас тауып алып, соны қызықтап жүргендеймін», – деп,  Ньютон айтпақшы біздің де балаларымыз білім мен ғылым жолында шаршамай, жалықпай сіздер сияқты үнемі ізденісте болса екен дейміз.  Сондай-ақ, қымбатты ата-аналар орыс жазушысы Лев Толстойдың: «Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Көп нәрсені біле тұра, ең маңызды нәрсені білмеу – білімді пайдасыз етеді», – деген сөзін балаларымыздың санасына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл «Клуб» арқылы ошақтың үш тағанындай болып жұмыс жасасақ нағыз ұлттық тұлғаларды қалыптастыра алатындығымызға сенімдіміз.

25

19.00

Қоштасу.

Жүргізуші: Осымен біздің  «Ғылым білсең өтелер қанша қарыз...» атты кездесуіміз өз мәресіне жетті. Балалар да, ата-аналар да жүрегіне көркем ойды сіңіріп, көкірек көзі ашыла түсті деп үміттенеміз. Бейбіт елдің бақытты, дені сау, санасы биік  ұрпағын тәрбиелеуде баршаңызға Алла өзі жар болсын!

Құрметті ата-аналар отбасында балаларымызға осындай тағлымды басқосулардың мәні мен мағнасын айтып, сол кездесуге келген тұғалардан өздеріне қажетті тәбәрік алып қалуды үйретейік дегім келеді.

 

 Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ж.Аймауытовтың бес томдық шығармалар жинағы. 4-том, – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1998 ж. – 446 б.

2. Р.Сыздықова. Сөз сазы.– Алматы, «Санат» 1995ж. – 117 б.

3. М.Жұбанова. Ұлттық тәрбие тағлымы. – Алматы, 2012ж. – 135 б.

4. А.Қыраубаева. Жаным садаға. – Алматы, «Жалын» баспасы, 1994 ж. – 191 б.

5. Ө. Әбдіманұлы.,т.б. Алма апай. – Алматы, «Нұрлы Әлем» баспасы, 2007 ж. – 206 б.

6. Н.Назарбаев. Жылдар мен ойлар. Алматы, «Алматыкітап баспасы» ЖШС баспасы,2013 ж.– 49 б.

 

 



«Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының бүгінгі отырысы «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты Тілдер мерекесіне арналады 2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Ұлттық тіліміздің бүгіні мен ертеңі және «Үштұғырлы тіл» бағдарламасының болашағы туралы білім алушылардың дүниетанымын кеңейту.

Өтетін орны: Акты зал.

Өтілу мерзімі: 18.09.2015ж. Уақыты 15.00

Шақырылған қонақтар:

  1. Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы – ҚР Жоғарғы Кеңесінің депудаты.
  2. Қазыбек Иса – «Ақ жол» партиясы төрасы орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті

Шараға қатысушылар – мектеп басшылары, мұғалімдер, білім алушылар (3-7- сынып), ата-аналар.

  1. Музыка ойнап тұрады, оқушылар ортаға шығады. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының «Қазақ тілім» Әнұраны орындалады.
    Қазақ тілім
    Тарихтың тал бесігі тербеледі,
    Жылдар жылжып ғасырлар дөгеледі.
    Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,
    Қасиетті ана тілім дем береді
    Қайырмасы
    Қазақ тілім, қазақ тілім, ана тілі,
    Көркейе бер, көктей бер, дана тілім. 2 рет
    Түркі тектес тілдердің тәңірісің,
    Ана тілі қазағымның тамырысың.
    Гүлденерсің әлі де түрленерсің,
    Сен мәңгісің, осыны бәрі білсін!!!
    Қайырмасы
    Қазақ тілім, қазақ тілім, ана тілі,
    Көркейе бер, көктей бер, дана тілім. 2 рет

  2. Жүргізуші үш оқушы ортаға шығады.
    Бірінші оқушы – Жансая 7«А».
    Екінші оқушы – Мирас 3 «З».
    Үшінші оқушы – Камшат 6 «Б».
    1-оқушы – Жансая:
    – Мирас, осы Әнұранның сөзін жазған кім екенін білесің бе?
    – Мирас. Әрине, білемін. Ол бір кездерді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен білім алған Нұрша апайымыздың Қойшиева Әсем деген оқушысы. Ол да біз сияқты осы технологиямен білім алып, ұстазының жолын қуып, бүгінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім алған сияқты шәкірттерге беруде.
    Екінші оқушы – Мирас. Ал, Жансая осымен үшінші оқу жылы мектебімізде тәжірибелік жұмыс жүргізіліп отырған осы технология туралы өзің не айтар едің?
    1-оқушы – Жансая:
    – Ой, бұл технолгия туралы көп нәрсе айтуға болады ғой. Әрине, жасыратыны жоқ, алғашқы кезеңдерде бәрімізге де қиын соқты. Бірте-бірте сөз сырына бойлаған сайын қызығушылығымыз артты. Әр дыбыстың айтылу, жасалу сырына бойлау, олардың әуезділігін, ашықтығын, айқындығын, көмескілігін, күгңгірттігін, үн мен салдырдың мөлшерін, тағы басқа қасиеттерін сатылап талдай отырып меңгеру, туған тіліміздің тереңіне бойлап, оның ұшан теңіз байлығына көз жеткізуге ықпал етті.
    2-оқушы – Мирас:
    – Ол туралы Камшат қандай ойда екен?
    3-оқушы – Камшат.
    – Иә, достар мен де сіздер сияқты алғашқы кезде қиналдым. Бірде мұғаліміміміз қазақ тілі пәнінде ұлы ағартушы Ахмет Байтурсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген мына бір даналық сөзін талдатпасы бар ма? Сонда мұғалімнің бізге қойған талабы былай болды: біріншіден, сөйлемге синтаксистік талдау; екіншіден, ондағы «тілі» сөзін сөз құрамына; үшіншіден, «жұрттың» сөзіне сөзсазындық; төртіншіден, «жоғалады» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беруді талап етті. Бастауыш сыныпта тіл білімі салалаларынан біраз хабарымыз бар біздің бұл тапсырмаларға тісіміз батпады. Осы күннен бастап ұстазымыз «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен талдаудың алуан түрін үйрете бастады. Біздің ана тілімізге деген сүйіспеншілігіміз күннен-күнге арта түсті. Енді осы талдауды бірінші сыныптан бастап осы технолгиямен төрт пәнді оқып отырған мына бастауыш сыныптың оқушыларынан сұрап көрелікші?!
    1-оқушы – Жансая:
    – Қане, қай сыныптың балалары алғыр екен көрелік. (Оқушылар тіл білім салаларына талдайды).
    2-оқушы – Мирас:
    – Міне, қандай тамаша! Талдауды өте сауатты меңгерген. Ана тілінің шын жанашырлары екен ғой, мына балалар. Рахмет, Сіздерге.
    3-оқушы – Камшат:
    – Рахмет, балалар, сіздерге қызыға да қызғана қарап тұрмыз. Абай бабамыз айтпақшы: «Қолымызды мезгілінен кеш сермеп» біз бұл талдауға бесінші сыныпта ған қол жеткіздік.
    2-оқушы – Мирас:
    Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
    Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
    Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
    Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, Әбділда Тәжібаев атамыз айтқандай, біздің бастауыш сынып оқушылары математика, ана тілі, дүниетану пәндерінен де жақсы талдай алады. Ендігі сөзді сол оқушыларға берсек қалай қарайсыздар?
    3-оқушы – Камшат.
    – Сіздерге көп рахмет. Сіздер туған тілдеріңіз арқылы қаншама білім нәрімен сусындап, оның қадір-қасиетін ұғына біліпсіздер. Сондықтан да Сіздердің Отаншыл, ұлтжанды, өз елінің салт-дәстүрін қадір тұтатын тұлға болып қалыптасатындықтарыңызға көз жеткіздік.
    1-оқушы – Жансая:
    – «Біздерде мынандай бар, мынандай бар» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз айтпақшы, бізге де сөз кезегін берсеңіздер болар еді. Біздің сынып бесінші сыныптан бастап үш тілді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеріп келеміз.
    Сүйемін туған тілді – анам тілін,
    Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
    Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
    Құлағыма сіңірген таныс үнім, – демекші ана тіліміздің негізінде өзге тілді меңгеруге қызыға кірістік. Оны қазір сыныптастарымның сөз саптауынан аңғаратын боласыздар. (7-сынып оқушылары).
    Ділназ:
    – Мен Астана қаласындағы Н.Ә.Назарбаев Университетінде оқып жатырмын. Англияда Оксфорт университетінде білім алып жүрген сыныптасым Аяулым телефон шалып тұр ғой!!! Алло? Алло?...
    Ділназ:
    – Аяулым сенің хабарың бар ма? Сыныптастардан тағы кімдер келді екен? (Қалған оқушылар кіріп, бір-бірімен өздері білім алып жатқан тілде амандасады).
    Аяулым:
    – Қыздар! Біз осы мектепте «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен үш тілді талдап оқып едік қой. Ұмытып қалмадық па екен есімізге түсіріп көрелікші?!
    Ділназ:
    – Ой, қыздар, ұмытпаппыз ғой!!! Бұл «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының нәтижесі ғой.
    – Шіркін, осы технологиямен еліміздің барлық мектептерініндегі білім алушылар оқыса ғой. Олар да біздер сияқты алған білімдерін өмір бойы ұмытпай, нағыз тіл жанашыры болар еді!!!
    3-оқушы – Камшат.
    – Оу, қыздар, сәл сабыр етіңіздер, біздің сыныптың да айтары бар. Ендеше, келесі сөзді менің сыныбымның тіл жанашырларына берелік. Бұл 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне арнап өткізіліп отырған шара болғандықтан адам жанын жадыратар поэзия минутын өткізейік. (Үш тілде тіл туралы өлеңдер оқиды).

    1-оқушы:
    Ақыл – ойын дананың,
    Ана тілден аламын.
    Ана тілім ардақты,
    Ақ сүтіндей анамның.
    Өсірген ой, білімді,
    Сүйем туған тілімді.
    Мақсат етем әр сөздің,
    Мәнін терең білуді.

    2-оқушы:
    Тілімде менің
    Байлығы жатыр ғаламның,
    Кеңдігі жатыр даламның.
    Қаныма сіңген,
    Жаныма сіңген сүтімен.
    Мейірім менен,
    Махаббаты жатыр Анамның!

    3-оқушы:
    Туған жері – түп қызығы айбыны,
    Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
    Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
    Қадамына шуақ шашар үнемі

    4-оқушы:
    Мейірі мол балаға,
    Барлық, барлық анаға.
    Басыңызды иесіз,
    Бабамыздың тілі деп,
    Даламыздың үні деп,
    Ана тілін,
    Ана тілін,
    Ана тілін сүйеміз.

    5-оқушы
    Ана тілім – ұраным,
    Ана тілім –құралым.
    Ана тілім болмаса,
    Мықты болмас тұрағым.
    Ана тілім –елдігім,
    Ана тілім – ерлігім,
    Ана тілім болмаса,
    Бүтінделмес кемдігім.

    6-оқушы:
    Ана тілің – арың бұл,
    Ұятың боп тұр бетте.
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте!
    «Ананың тілі – аяулы үні» әні шырқалады.
    Өмірге келдім,
    Анамды көрдім,
    Деді ол: жаным,
    Арайлы таңым.
    Самал боп желпіп,
    Жырымен ертіп,
    Үйретті тынбай
    Бал тілін, әнін.

    Қайырмасы
    Анамның тілі – айбыным менің,
    Анамның тілі – ай-күнім менің!
    Сүйемін байтақ елімді туған,
    Сүйемін мәңгі – өмірді думан.
    Мектепке келдім,
    Ұстазды көрдім,
    Тыңдадым сөзін
    Табынып, сүйіп.
    Анамның тілі,
    Аяулы үні
    Жүрекке нұрын
    Жіберді құйып.

    Қайырмасы
    Анамның тілі – айбыным менің,
    Анамның тілі – ай-күнім менің!
    Сүйемін байтақ елімді туған,
    Сүйемін мәңгі – өмірді думан.