«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты үшінщі ауызша командалық олимпиада

26 сәуір күні 14/00-де Филология институты Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты үшінщі ауызша командалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 3 курс филология мамандығының студенттері қатысып, білімдерін көрсетті. Нәтижесінде «Қызғалдақ» тобы жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды.





Республикалық олимпиада тапсырмалары (орыс тілі)

4-класс   5-класс   6-класс   7-класс


Тілім менің – тірлігімнің айғағы Сәуір айының 9-ы күні Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты IV қалалық олимпиада өтті.

Нұрша Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өткен білім сайысына елорда бойынша «Мөлдір» балабақшасынан 2, Қазақ ұлттық өнер университетінен 1, сондай-ақ, 8 мектептен 57 команда қатысты. Қалалық ауызша командалық олимпиадада барлығы 296 бала білімдерін сынға салса, оларға қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, география, биология, физика пәндері бойынша 72 мұғалім жетекшілік етті.

Астана қаласы Білім басқармасының мұрындық болуымен өткен олимпиаданы ұйымдастыруға №71 «Мөлдір» балабақшасы, №4 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы, №81 жалпы білім беретін орта мектеп, №66 мектеп-лицейі, сонымен қатар, №74 мектеп-гимназиясы да біркісідей атсалысты. Ал, ұйымдастыру алқасының құрамына – елордалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Бағлан Сматаева, технология авторы, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, ҚазҰПУ-дың филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының мүше корреспонденті Нұрша Оразахынова, №71 «Мөлдір» балабақшасының меңгерушісі Айжамал Қазыбай, №4 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының бейінді және бейіналды оқыту жөніндегі орынбасары Сайлаукүл Қаршыға, №8 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Боранбаева, №66 мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынасары Орынбасар Миркина мен №74 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Байтас енді.

Жүз жылдық тағылымды тарихы бар білім ошағында өткен дода барлық команданың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының әнұранын орындауымен бастау алды. Кейіннен әр команда ұрандары мен әнін орындап, акт залында жиналған қауым – мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар алдында өздерін таныстырды.

Олимпиадаға арнайы шақырылып, қазылық жасаған Астана қаласы Білім басқармасының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі әдіскері Роза Қасқабаева шара шымылдығын құттықтау сөзімен ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Еліміз үш тұғырлы тіл саясатын қолға алғалы бері қазақ тілінің қасиетін танытар іс-шаралар көптеп ұйымастырылып келеді. Ана тілінің қадірін қанына сіңіріп өскен жас ұрпақ орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру арқылы болашаққа сенімді, нық қадам жасай алады. Бүгінгі сайыс – соның бір айғағы. Білім бәйгесінде тек үздіктер озық шықсын!», – деді сөзін аяқтаған Роза Қасымқызы.

Ауызша командалық олимпиадаға «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директорының оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлия Шокушева, Алматы қаласындағы «Үміт» балалар үйінің әдіскері Қойсын Әлжанова, Назарбаев университетінің доценті Лаура Дәуренбекова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Сая Құрманғалиева, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты Ұшқын Сейдірахман, Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы Дархан Шалқыбаев, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Алма Сайлауқызы және астаналық бірқатар мектептің мұғалімдері қазалық жасап, 300-ге жуық баланың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білімдерін сарапқа салды. Балабақшаның даярлық тобындағы бүлдіршіндерден бастап, 7-сынып оқушыларына дейінгі аралықты қамтыған білім бәсекесінде балалар қазақ орыс, ағылшын тілі пәндерінен бөлек, жаратылыстану пәндері бойынша да берілген тапсырмаларды ауызша орындап шықты.

Додаға тыңғылықты дайындықпен келіп, технологияны әр пән бойынша сауатты қолдана білген жүлдегер командалар сыныптық дәрежелері бойынша 1 және 2-орындарды жеңіп алса, білім сайысына қатысқан әр бала Астана қаласы білім басқармасының атынан мақтау граматомасымен марапатталды. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының қыр-сырына үңіліп, үш тілде ойын сауатты, дәл жеткізе білген 296 баланың әрқайсысына мақтау грамотасын табыс еткен Нұрша Алжанбайқызы: «Жыл өткен сайын технологияға қызығушылық білдіріп, үйреніп, білімдерін жетілдіріп жүрген оқушылардың да, мұғалімдердің саны да артып келеді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Заманауи білім берудің тетігіне айналған оқыту тәсілін алдағы уақытта әлі де жетілдіре, толықтыра түсеміз деген сенімдемін», – деді.

Шара соңында ауызша командалық олимпиадаға командаларын жан-жайықты дайындап, жетекшілік еткен ұстаздар қауымы мен бәйгенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан алқа мүшелері мақтау қағазымен марапатталды. Айта кетейік, олимпиада барысында өзгелерден озық шығып, көп ұпай жинаған командалар биыл мамыр айында Алматы қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысып, білім ордаларының намысын қорғамақ.

Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ


     Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауызша командалық олимпиаданы өткізу

Ережесі 

Соңғы жылдары педагогикалық ғылым мен тәжірибеге “педагогикалық инновация” маңызды жаңалық (жаңалық енгізу), “жаңа әдіс”, “педагогикалық немесе білім беру технологиясы” берік енді. Оларды басқа да оқу-тәрбиелік міндеттермен қоса жүзеге асыру дарынды балалар мәселесінің шешілуіне ықпал етеді. Дарынды балаларға білім мен тәрбие беретін мұғалімнің өзі де дарынды болуы дәлелдеуді қажет етпейтіні белгілі жай. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдер кеңесінде сөйлеген сөзінде  былай дейді: “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”. Сондықтан өзі ауызша командалық олимпиадаға қатысып, машықтанған мұғалім оқушылар арасында олимпиада өткізуде қиналмайды. Соңғы жылдары бұл олимпиада бірнеше пәннен өткізіліп келеді.Сатылай кешенді оқыту” технологиясының ауызша командалық олимпиадасы – оқушылардың өз бетінше оқуына, ізденуіне ерекше жол ашатын, білім, білік, дағды, іскерлігін қалыптастыратын, ҰБТ-ға дайындаудың бірден-бір тиімді тәсілі болып табылатын шығармашылық жұмыс.

 “Сатылай кешенді оқыту” – төл технологиясы бойынша білім алушылардың ауызша командалық олимпиадасын бірнеше пәндерден өткізудің мақсаты:

 Білім алушылардың  пәндер бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу,  дарынды балалардың бірнеше тілді меңгеруі (қазақ, орыс, ағылшын т.б.)  ғылыми танымдық белсенділігін қалыптастыру  және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.

 Міндеттері:

     Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын құзыретті тұлғаның қалыптасуына игі ықпал ету;

     қойылған мақсатқа жету үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің үздіксіз дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау;

     оқуды жеделдету;

     барлық оқушыны нәтижелі оқыту;

    оқушылардың оқу-танымдылық белсенділігін  арттыру;

    білім-білік дағдысын қалыптастыру;

   білім алуға деген  ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету;

     шығармашылық қабілетін дамыту;

     ғылыми ізденіске жетелеу.

 

Қазылар алқасы  білім алушылардың білімі мен іскерлік қабілеттерінің өлшемдеріне сүйене отырып, бағалайды:

  • пәндік материалдарды білім алушылардың  жас ерекшелігіне сай ғылыми негізде баяндауы;
  • сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым
  • теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) бойынша практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, сол пәннің ғылыми тілінде ойын тұжырымдап жеткізіп, оны өмірде қолдануы;
  • әр пәннің табиғатын танып білуі;
  • пәндердің мазмұнын,  ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын аша білуі;
  • кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізуі;
  • берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындауы;
  • кез келген тақырыпта ауызша және жазбаша ойтолғау жасай алуы, оған қатысты нақты деректерді орынды қолдана алу шеберлігін қалыптастыру;
  • қазақ халқының классик ақындарының туындыларын мәнерлеп оқуға машықтандыру;
  • команданың атын, төсбелгісін, газетін, команда мүшелерінің қабілет қарымын шешен де шебер жеткізе білуге баулу. 

1.     Жалпы ережелер

    1.1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауызша командалық олимпиада ҚР Кіші ғылым академиясы президиумының  басшылығымен өткізіледі.

    1.2. Олимпиадаға қатысатын команда білім беру мекемелерінде құрылады, өзінің атауы, төсбелгісі, ұраны, газеті, әнұраны болады.

      Олимпиадаға қатысушылар

             Олимпиаданың ауызша командалық деп аталуы өткізілу жүйесі мен тапсырмалардың мазмұнын баяндауға байланысты. Сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар команда мүшелерімен ақылдаса отырып, ауызша жауап береді.

          Ауызша командалық олимпиадаға пән мұғалімдері мен тәрбиешілердің ұсынуымен мектеп алды даярлық топ балалары, 1-11 сынып оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Балабақшаішілік, мектепішілік немесе оқу орындарындағы командалық олимпиадаға 7 тәрбиеленуші, оқушы немесе студент, аудандық командалық  олимпиадаға жеңімпаз 5 тәрбиеленуші, оқушы немесе студент, облыстық, республикалық командалық олимпиадаға жеңімпаз  3 тәрбиеленуші, оқушы немесе студент  қатысады.

      Ауызша командалық олимпиадаға аймақтың  командаларын жетекшілер басқарып келеді.  Жетекші олимпиадаға  қатысушыларды  денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне жауап береді.  

        Республикалық олимпиадаға қатысу туралы сұраныс және команданың шығармашылық жұмыстары ұсынылады.

        Олимпиаданың  республикалық  кезеңіне қатысу үшін сұраныс  ҚР КҒА-ның президиумына олимпиада басталардан кемінде 20 күн бұрын тапсырылуы тиіс.

     

 2.     Олимпиаданың сараптау алқасы

2.1.Сараптау алқасының құрамына ғылымның әр саласы бойынша кемінде бір ғалым (маман) кіреді. Сараптау алқасының құрамы ауызша командалық олимпиаданың тиісті кезеңін ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекітіледі.

3. Жеңімпаздарды марапаттау

     Оқушылардың  ауызша командалық олимпиадасының жеңімпаздары  ҚР Кіші ғылым академиясының президиум мүшелерінің бұйрығы негізінде І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары, мақтау қағаздарымен марапатталады.

Ауызша командалық олимпиада өткізілетін пәндер:

1. Балабақша: сауат ашу, тіл дамыту.

2.  1-сынып: қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану.

3.  2-сынып: қазақ тілі, математика, әдебиет, дүниетану.

4.  3-сынып: қазақ тілі, математика, әдебиет, дүниетану.

5.  4-сынып: қазақ, орыс, тілдері, әдебиет, математика, дүниетану.

6.  5-сынып: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, математика,  тарих, жаратылыстану.

7. 6-сынып: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, математика,  тарих, география, биология.

8. 7-сынып: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, математика,  тарих, география, биология, физика.       

9. 8, 9, 10, 11 -сыныптар: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, математика,  тарих, география,  биология, физика, химия.

10. Колледж студенттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, математика,  тарих, география,  биология, физика, химия.

11. ЖОО студенттері өз мамандықтары бойынша.

Ауызша командалық олимпиада жұмыстарының бағалау өлшемдері:

     командалардың атын, төсбелгісін, ұранын, газетін және әнұранын қорғауы   – 20 балл. 

     сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (айтылым) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдануы  – 20 балл. 

     кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізуі – 20 балл. 

     мәнерлеп оқу –20 балл.

     жылдамдыққа талдау (команда капитаны) – 20 балл. 

               Барлығы: 100 ұпай


Астана қаласы бойынша

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту»

технологиясымен  білім алған бастауыш және

5-6 қазақ сынып оқушыларының арасында

«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты

ІІІ ауызша қалалық олимпиада өткізіледі.

Өтетін уақыты және орны: №74 мектеп-гимназия, 11 сәуір 2015ж

Командаға қойылатын талаптар: Топтың аты, ұраны, таныстыруы, топтың әні болу шарт.

Қомандадағы оқушылар саны: 5 оқушы және жетекшісі

 

Әр мектептен сұраныс төмендегі үлгі бойынша  2015 жылдың 5 наурызна  дейін  эл.пошта: nyrsha_1@mail.rutoleubaeva1976@mail.ru   (87779378525, 87773715888, 87027699406) жеткізілуі керек. Кешігіп берілген сұраныстар қабылданбайды.

 

Р/с

Мектебі

Қатысушы оқушылардың толық аты-жөні

Сыныбы

Топтың аты

Жетекшінің толық аты-жөні, ұялы телефоны

 

 

 

 

 

 

Төменде ауызша командалық олимпиада  тапсырмалары беріліп отыр.

 

ҚАЛАЛЫҚ АУЫЗША КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ПӘНДЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРЫ

 

ОСКO ұйымдастыру комитеті

1-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Синтаксистік талдау жасаңыз (3 сатысы бойынша).

2.Түбір сөзге сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз   (6 сатысы бойынша).

3.Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме беріңіз

 

Өлеңдер: (Мәнерлеп жатқа айтып,  сатылай кешенді талдау).

1.Ө.Тұрманжанов. «Білім» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.Ө.Тұрманжанов. «Туған өлкем» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.Б.Ысқақов. «Отан» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.Т.Айбергенов. «Көктем» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.М.Әлімбаев. «Қазақстан байрағы» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1.1, 2, 3, 4, 5 сандарына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

 

Дүниетану:

1.«Табиғаттың жансыз денелері» тақырыбына сатылай кешенді талдау  жасаңыз.

2.«Табиғаттың жанды денелері» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

3.«Адам» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

4.«Табиғат құбылыстары» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

5.«Ауа райы» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

 

2-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (3 сатысы).

2.Түбір сөзді құрамына қарай (морфологиялық) талдау жасаңыз.

3.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

4.Бір қосымшалы сөзге сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз. (5 сатысы)

 

Әдебиеттік оқу:

1.Ш.Смаханұлы  «Он саусақ» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

2.Е.Өтетілеуұлы «Алатау» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

3.С.Мәуленов «Балалардың бақыты» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

4.А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

5.М.Түменбаев «Көктем» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1.11-ден 20-ға дейінгі  натурал сандарды сатылай кешенді талдау.

2.Қосу амалын сатылай кешенді талдау.

3.Азайту амалын сатылай кешенді талдау.

 

Дүниетану:

«Су» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

«Өсімдік – тірі организмі» тақырыбына  сатылай кешенді талдау.

«Мен адаммын» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

«Ауа»  тақырыбына сатылай кешенді талдау.

«Топырақ» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

 

3-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (5 сатысы).

2.Бір қосымшалы зат есімді сөз құрамына (морфологиялық) талдау жасаңыз.

3.Бір қосымшалы сөзге толық сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиеттік оқу:

1.Т.Жароков «Күз» өлеңін сатылай кешенді талдау.                               

2.Қ.Ыдырысов «Мұғалім» өлеңін сатылай кешенді талдау.                         

3.Т.Әбдірахманова «Даналарым» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.Т.Айбергенов «Ақ қыс» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Ы.Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1.3 таңбалы сандарды  сатылай кешенді талдау.

2.Өрнекті сатылай кешенді талдау.

3.Санды өрнекті сатылай кешенді талдау.

 

Дүниетану:

1.«Адам организмі» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

2.«Бұлшық ет» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

3.«Тыныс алу мүшелері» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

4.«Құбылыстар» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

5.«Бұлт. Жауын-шашын» тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз.

 

4-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау (5 сатысы).

2.Бір қосымшалы зат есімді сөз құрамына (морфологиялық), лексика-граматикалық мағынасына талдау.

3.Екі қосымшалы сөзге толық сөзсазындық (фонологиялық) талдау.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

 

Әдебиеттік оқу:

1.Ф.Оңғарсынова «Қазақтың дәстүрлері» өлеңін сатылай кешенді талдау. 

2.Ш.Сариев «Тәуелсіздік монументі»  өлеңін сатылай кешенді талдау.         

3.Ж.Молдағалиев «Ар-ұят туралы»  өлеңін сатылай кешенді талдау.          

4.О.Асқар «Шындық» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.С.Сейфуллин «Наурыз» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1.Көп таңбалы  сандарды сатылай кешенді талдау.

2.Көбейту, бөлу амалдарына  сатылай кешенді талдау.

3.Қарапайым және күрделі теңдеулерді сатылай кешенді талдау

 

Дүниетану:

1.«Адамды адам еткен еңбек» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

2.«Төбелер»  тақырыбына сатылай кешенді талдау.

3.«Қазақстан климаты» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

4.«Шөл өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

5.«Глобус – Жердің үлгісі»  тақырыбына сатылай кешенді талдау.

 

Орыс тілі:

1)       {C}{C}{C}Произвести фонологический разбор по СКТ слов. 

Земля, собака, ковры, песню, облако 

2)       {C}{C}{C}Произвести морфологический разбор по СКТ подчеркнутых слов

Вьется речка небольшая,

Средь полей и рощ петляя.

То на солнышке сверкнет,

То в лесную глушь свернет.

 

 

Сердцу нет милее края:

Горы, степи и поля!

Я люблю родную землю –

Это Родина моя!

 

Великую землю, любимую землю,
            Где мы родились и живем,
            Мы родиной светлой,
            Мы родиной милой,
            Мы родиной нашей зовем.

 

3)       Произвести cинтаксический разбор по СКТ данных предложений

                Скоро взойдёт над рекой весёлое солнце. Журавли взлетят высоко. Лесную полянку укрыл пушистый снежок. Жук улегся в крохотной спаленке. Маленькая беспомощная белочка лежала на мокрой тропинке и дрожала всем тельцем. Белочка почувствовала тепло. Сильный порыв ветра сбросил несчастную белочку с дерева.                                                                                                                                                                            
 

5-сынып 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (5 сатысы)

2.Туынды түбір сөзді сөз құрамына, лексика-граматикалық мағынасына талдау жасаңыз.

3.Екі қосымшалы сөзге толық  сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиет:

1.А.Байтұрсынұлы  «Өгіз бен бақа» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.С.Торайғыров  «Шілде» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.М.Өтемісұлы  «Қызғыш құс» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.И.Байзақов «Жазғы кеш» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1. Санды өрнек

2. Теңдеу

3. Формулалар

4. Жай бөлшек

5.Шеңбер және дөңгелек

 

Тарих:

1.«Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

2.«Тас дәуірі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

3.«Алтын киімді адам» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

4.«Қазақ билері» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

5.«Абылай хан» тақырыбына сатылай кешенді талдау.

        

Орыс тілі:

 1.Произвести фонологический разбор по СКТ слов.  

Родина, музыку, зима, дружба, солнышко.

  

2.Прочитать текст, произвести морфологический разбор по СКТ подчеркнутых слов

Я познакомился с дятлом. Шел по тихой тропинке и вдруг услышал стук. Дятел сидел на засохшей вершине дерева и разбивал шишку .

... Иногда он переворачивал шишку, отдыхал или перебирал перышки на спине.

 (Н. Сладков)

 

3)       Произвести cинтаксический разбор по СКТ данных предложений

Земля пробудилась от долгого зимнего сна. Дятел сидел на засохшей вершине дерева и разбивал шишку. Стоят тёплые и тихие вечера.

Весело зазвучала радостная песня. В эти дни мы всюду слышим музыку природы.

Иногда он переворачивал шишку, отдыхал или перебирал перышки на спине.

 

Ағылшын тілі:

1-тапсырма

‘The Better Botter and  the  butter’ өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

Betty Botter had some butter,

"But," she said, "this butter's bitter.
If I put it in my batter,
It would make my batter bitter.
But a bit of better butter-
Better than the bitter butter-
That would make my batter better."

2-тапсырма

Өлеңдегі  [   ]  [   ] [  ]  [ e ] қысқа дауысты дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңдегі  қарамен жазылған сөздерге фонологиялық талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма

‘My  Kazakhstan’ өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

My beautiful land Kazakhstan

You are magnificent forever

My heart is full of love and tender

I’ll forget you never, never

2-тапсырма

Өлеңдегі  l  m  t   дауысcыз   дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңдегі  қарамен жазылған сөздерге фонологиялық талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма. ‘A Child’s  Wish  өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

                I want to live and not to die,

                I want to laugh and not to cry.

                I want to feel the summer sun.

                I want to sing when life is fun.

2-тапсырма

Өлеңдегі  d  l  n  f  дауыссыз  дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңдегі  қарамен жазылған сөздерге фонологиялық талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма.

Берілген  өлеңді  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

By giving all Nature loves all to make life  happy! 
Nature loves creative expansion for the benefit of all 
And endlessly indulges in expanding self to serve all. 
This nature of paradise on Earth is unique in Universe!

Animal  nature  tamed  by love of  Nature man is evolved! 
Learnt he love but  failed to realize it by material growth
Carried away by economic thoughts at the cost of humans
To accrue wealth and enjoy comforts believing this eternal! 

2-тапсырма

Өлеңдегі  [   ]  [  : ]  [  ]   [ e ]  [ i: ] 

 [b]   [t]   [ f]   [n ]   [m]   дыбыстарына дыбыстық  мінездеме  беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңдегі  nature,   life,   man,  human  сөздеріне  фонологиялық талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма. ‘Forever’ өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

Forever we remain oblivious to the future, 
lost to the past and enduring our torture. 
Forever we take chances to settle our scores, 
losing some battles and winning some wars. 

Forever ..........
2-тапсырма

Өлеңдегі    n  v  w  дауысcыз  дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңдегі  future, battle  сөздеріне  фонологиялық талдау жасаңыз.

 

6–сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (5 сатысы)

2.Күрделі сөздерді сөз құрамына, лексика-граматикалық мағынасына талдау жасаңыз.

3.Екі қосымшалы сөзге толық  сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиет:

1. Ш.Құдайбердіұлы  «Адамдық борышың» өлеңіне сатылай кешенді талдау

2. С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіне сатылай кешенді талдау

3. М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңіне сатылай кешенді талдау

4. І.Жансүгіров «Анам тілі» өлеңін сатылай кешенді талдау

5. Ә.Сәрсенбаев «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау

 

Тарих:

1.«Тас дәуіріндегі Қазақстан»  тақырыбына сатылай кешенді талдау

2.«Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбына сатылай кешенді талдау

3.«Көшпелі мал шаруашылығың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбына сатылай кешенді талдау

4.«Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақрыбына сатылай кешенді талдау

5.«Үйсіндер» тақырыбына сатылай кешенді талдау

 

Алгебра:

1. Пропорция

2. Тура, кері пропорционал щамалар

3. Рационал сандар

4. Шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданы

5. Оң және теріс сандар

 

Орыс тілі:

1.Фонетический разбор слов:

   Рояль, съемка,  вьюга, подъезд, семья, подъем, поет

2.Фонологический анализ слов:

   Чаща, щавель, корзина, карта,  мышь, учебник

3.Морфологический разбор глаголов:

   Ненавидеть, слышать, нести, спать, дышать

4.Морфологический разбор существительных:

   Телефон, метро, компьютер, жюри, картофель

5.Синтаксический разбор предложений:

   Мы свернули палатки, взвалили на себя рюкзаки и пошли.

   Летом солнце показывалось часто. Небо затянули серые облака в ноябре   солнышко показывается редко. Земля - наш общий космический корабль.

 

Ағылшын тілі:

1.Мына сөздерге дыбыстық ( фонетикалық ) талдау жаса.

Climate,   protect,   wonderful

2.Мына сөздерге сөзсазындық (фонологиялық) талдау жаса.

Advice ,          begin,        expensive,

3.Зат есімдерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына қарай (морфологиялық)  талдау жаса.

Motorbike,  Lake,   bread,

4.Eтістіктерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына қарай  (морфологиялық)  талдау жаса.

 Read,   write,    go

5.Cын есімдерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына қарай   (морфологиялық)  талдау жаса.

Nice,   green,    big

6. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

Жай сөйлем (хабарлы сөйлем)

The weather was good.

I live in Astana.

Cambridge is in the East of England.

Жай сөйлем (сұраулы сөйлем)

1.Where do you live?

2.Did you enjoy your holiday?

3.Do you watch TV everyday?

 

География:

1.«Карта» тақырыбын сатылай кешенді талдау

2.«Дүниежүзілік  мұхит» тақырыбын сатылай кешенді талдау

3.«Жер  қыртысының  қозғалыстары» тақырыбын сатылай кешенді талдау

 

Биология:

1.Тұқымның құрылысы. Дара және қос жарнақты тұқымдарға сатылай кешенді талдау

2.Фотосинтездерге сатылай кешенді талдау

3.Жапырақ құрылысы, формалары, жүйкереліріне  сатылай кешенді талдау

4.Тыңайтқыштарға  сатылай кешенді талдау

5.Тамыр жүйесі, түрлері, бөлімдеріне сатылай кешенді талдау 

 


Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алған бастауыш сынып  және орта буын  оқушыларының арасында  ҚР Кіші ғылым академиясының ХV республикалық «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық  олимпиадасы  өтеді

 

Өтетін  орны: Астана қаласы,  №74 мектеп-гимназиясы.

Өтетін уақыты: 15 -16 мамыр 2015 жыл.

Командаға қойылатын талаптар: Топтың аты, ұраны, таныстыруы, топтың әні болу шарт.

Олимпиадаға 3 оқушыдан тұратын команда қатысады

Әр мектептен сұраныс төмендегі үлгі бойынша  2015 жылдың 20 сәуіріне дейін  эл.пошта: nyrsha_1@mail.rutoleubaeva1976@mail.ru   (87779378525, 87773715888, 87027699406) жеткізілуі керек. Кешігіп берілген сұраныстар қабылданбайды.

 

Р/с

Облысы, қаласы, ауданы,

мектебі

Қатысушы оқушылардың толық аты-жөні

Сыныбы

Топтың аты

Жетекшінің толық аты-жөні, ұялы телефоны

 

 

 

 

 

 

Төменде ауызша командалық олимпиада  тапсырмалары беріліп отыр.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЗША КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ  ПӘНДЕРІ  БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРЫ  ( «Алматыкітап» баспасы бойынша)

 

ОСКO ұйымдастыру комитеті

 

1-сынып

 

Қазақ тілі:

1. Синтаксистік талдау жасаңыз. (3 сатысы бойынша).

2.Түбір сөзге сөзсазындық (фонологиялық) талдау (6 сатысы бойынша).

3.Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме беру.

Өлеңдер: (Мәнерлеп жатқа айтып,  талдау).

1.Ж.Әбдіраш «Отан» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.Н.Айтов «Өз Астанам – өз ордам» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.Ә.Дүйсенбиев «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.А.Құнанбаев «Адам болам десеңіз» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Н.Әлімқұлов «Суретші ата Қастеев» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1.6, 7, 8, 9, 10 сандарына сатылай кешенді талдау.

 

Дүниетану:

«Күз» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

«Өсімдіктер әлемі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

«Жануарлар әлемі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

«Көктем» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

«Отан» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

 

2-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (3 сатысы)

2.Түбір сөзді құрамына қарай (морфологиялық) талдау жасаңыз.

3.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

4.Бір қосымшалы сөзге сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз. (5 сатысы)

 

Әдебиеттік оқу:

1.Б.Дәулетов «Кітап» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.А.Асылбеков «Ақ тілек» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.Е.Өтетілеуұлы «Отан» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.А.Мұқибек «Қазақстан» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Ө.Тұрманжанов «Фараби» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1. Үш таңбалы сандарды  сатылай кешенді талдау.

2.Санды өрнекті сатылай кешенді талдау.

3. Әріпті өрнекті сатылай кешенді талдау.

4. Жай теңдеуге сатылай кешенді талдау.

 

 

Дүниетану: (Алматыкітап 2013)

1.«Мал шаруашылығы» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

2.«Жануарлар тіршілігі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

3.«Құстардың алуан түрлілігі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

4.«Көкжиек. Көкжиек тұстары» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

5.«Өсімдік тіршілігі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

 

3-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз  (5 сатысы).

2.Бір қосымшалы зат есімді сөз құрамына (морфологиялық) талдау жасаңыз.

3.Сөзге толық сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиеттік оқу:

1.Т.Молдағалиев «Көл» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.А.Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.Ғ.Қайырбеков «Болашақ сақшы» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Қ.Аманжолов «Ұщқыш болғым келеді» өлеңін сатылай кешенді талдау.                                                                                                                                                             

 

Математика:

1. Көп таңбалы сандарға  сатылай кешенді талдау

2. Көбейту амалына сатылай кешенді талдау.

3.Бөлу амалына сатылай кешенді талдау.

4. Күрделі теңдеуге сатылай кешенді талдау.

5. Үшбұрыштың периметрін сатылай кешенді талдау арқылы табу.

 

Дүниетану:

1. «Жүйке жүйесі» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

2. «Ауа райын бақылау» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

3. «Таскөмір» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

4. «Топырақ» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

5. «Өрмекшітәрізділер» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

 

4-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (5 сатысы).

2.Бір қосымшалы зат есімді сөз құрамына (морфологиялық), лексика-граматикалық мағынасына талдау жасаңыз.

3.Екі қосымшалы сөзге толық сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиеттік оқу:

1.К.Ахметова  «Қазағым менің»  өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.Б.Біржанқызы  «Жеті ата»  өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.С.Тойлыбаев  «Оқышы дана Абайды»  өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.С.Торайғыров  «Шығамын тірі болсам адам болып»  өлеңін сатылай кешенді талдау.

5.Ә.Дүйсенбиев «Ардақты ана»  өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Математика:

1. Көп таңбалы натурал сандарды сатылай кешенді талдау

2. Тіктөртбұрыштың периметрін  сатылай кешенді талдау арқылы табу.

3. Күрделі теңдеуге сатылай кешенді талдау

4. Тіктөртбұрыштың ауданын  сатылай кешенді талдау арқылы табу.

5. Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.

 

Дүниетану:

1. «Су қойма өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

2. «Егіншілік пен мал шаруашылығы»  тақырыбын сатылай кешенді талдау.

3. «Отбасы мүшелері» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

4. «Ауыл» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

5. «Жерасты сулары» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

 

Орыс тілі:

1.Звуко-буквенный (фонетический) анализ слова

2.Морфологический разбор слова

3.Синтаксический разбор предложения

 

5-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. (5 сатысы)

2.Туынды түбір сөзді сөз құрамына, лексика-граматикалық мағынасына талдау жасаңыз.

3.Бір қосымшалы сөзге толық фонологиялық (сөзсазындық) талдау жасаңыз.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз.

 

Әдебиет:

Қ.Аманжолов «Дауыл» өлеңін сатылай кешенді талдау.

Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңін сатылай кешенді талдау.

Ж.Нәжмімеденов «Сен ақылды болсаң екен..» өлеңін сатылай кешенді талдау.

М.Мақатаев «Барлығы да сендердікі» өлеңін сатылай кешенді талдау

А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 

Орыс тілі:

1.Фонологический разбор слова.

2.Морфологический разбор слова.

3.Синтаксический разбор предложения.

 

Математика:

1. Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

2. Жай сандар. Құрама сандар

3. Үлестер. Жай бөлшектер

4. Ондық бөлшектер

 

Тарих:

1.«Қазақ хандығының құрылуы» сатылай кешенді талдау.

2.«Сақтар» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

3.«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбын сатылай кешенді талдау.

4. «Қазақ ұлт зиялылары» (Әлихан Бөкейханов) тақырыбын сатылай кешенді талдау.

5.«Тың игер»у тақырыбын сатылай кешенді талдау.

 

Ағылшын тілі:

1-тапсырма

‘The Better Botter and  the  butter’ өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

Betty Botter had some butter,
"But," she said, "this butter's bitter.
If I put it in my batter,
It would make my batter bitter.
But a bit of better butter-
Better than the bitter butter-

That would make my batter better."

 So she bought a bit of butter,

 Better than the bitter butter,
And she put it in her batter

And it made her batter better.
So it was better Betty Botter
Bought a bit of better butter.

2-тапсырма

Өлеңдегі  [   ],  [ b ],  [  ]  [ t]  дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңде берілген butter  сөзіне  сөзсазындық  талдау жасаңыз.

4-тапсырма.

“My Motherland, My Kazakhstan” өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

My motherland, she's so beautiful and bright 
She gives me home, a shelter and light. 
And we are proud of her history, 
Full of struggles and victories.

We got this country from God as a gift, 

Not just to take, but mostly to give. 
Our motherland takes care of you and me, 
And only here can we stay forever free.

We are proud to be her loyal kids, 
She brings us up, teaches and leads 

5-тапсырма

Өлеңдегі  l , m, [ i ]  дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

6-тапсырма

Өлеңде берілген  history сөзіне   сөзсазындық  талдау жасаңыз.

                           

1-тапсырма.

‘A Child’s  Wish’  өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

I want to live and not to die,
I want to laugh and not to cry,
I want to feel the summer sun,
I want to sing, when life is fun.

I want to fly into the blue,
I want to swim as fish can do,
I want to shake all friendly hands
Of all the young of other lands.

I want to work for what is right
I want to love and not to fight
I want to laugh and not to cry
I want to live and not to die.

2-тапсырма

Өлеңдегі  d, [ ],  w  дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңде  берілген  summer  сөзіне  сөзсазындық   талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма.

Берілген  өлеңді  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

 

By giving  all nature loves all to make life  happy! 
Nature loves creative expansion for the benefit of all 
And endlessly indulges in expanding self to serve all. 
This nature of paradise on Earth is unique in Universe!

Animal  nature  tamed  by love of  Nature man is evolved! 
Learnt he love  but  failed  to realize it by material growth
Carried away by economic thoughts at the cost of humans
To accrue wealth and enjoy comforts believing this eternal! 

2-тапсырма

Өлеңдегі    [ e], [ p],  [n]   дыбыстарына дыбыстық  мінездеме  беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңде берілген  nature  сөзіне  сөзсазындық  талдау жасаңыз.

 

1-тапсырма. ‘  Our country is One’ өлеңін  мәнерлеп  оқып беріңіздер.

Our country is One.
Our culture is One.
Our God is One.
As Truth is Only One.

We want Peace and Love,
We want Wealth and Wisdom.
We want Unity and Strength,
We want Health and Happiness.

Let us love our brothers and sisters,
Let us help the poor and 
Let us Live and Let Live,
Then Freedom will be our Kingdom.
2-
тапсырма

Өлеңдегі  r, w,  [i:]   дыбыстарына  мінездеме беріңіз.

3-тапсырма

Өлеңде берілген  culture  сөзіне  сөзсазындық  талдау жасаңыз.

 

6-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау. (5 сатысы)

2.Күрделі сөздерді  сөз құрамына, лексика-граматикалық мағынасына талдау.

3.Екі қосымшалы сөзге толық фонологиялық (сөзсазындық) талдау.

4.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

 

Әдебиет:

1. А.Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіне сатылай кешенді талдау

2. С.Торайғыров «Мен - қазақ» өлеңіне сатылай кешенді талдау

3. М.Мақатаев «Елім барда» өлеңіне сатылай кешенді талдау

4. І.Жансүгіров «Анам тілі» өлеңін сатылай кешенді талдау

5. Ә.Сәрсенбаев «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау

 

Тарих

1.«Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан ескерткіштері» тақырыбын сатылай  кешенді талй  кешенді талдау

2. «Патша қорғандар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

3. «Қаңлылар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

4. «Ғұндар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

5. «Сарматтар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

 

Алгебра:

1. Алгебралық өрнектер. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні

2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

4. Функция. Функцияның формуламен берілуі.

5. Сан аралықтары

 

Ағылшын тілі:

1.Мына сөздерге дыбыстық (фонетикалық) талдау жаса

Garden , whitewash, delicious

2.Мына сөздерге сөзсандық (фонологиялық) талдау жаса

Countryside,   practise,   important

3.Зат есімдерге сөз құрамына, лексика-граматикалық  мағынасына қарай (морфологиялық) талдау жаса

Present, rubbish, sightseeing

4.Сын есімдерге сөз құрамына, лексика-граматикалық  мағынасына қарай (морфологиялық) талдау жаса

Fast, crowded, modern

5.Етістіктерге сөз құрамына,  лексика-граматикалық  мағынасына қарай (морфологиялық) талдау жаса

Speak,  sell, drive

6.Мына сөздерге систаксистік талдау жаса

Жай сөйлем (хабарлы сөйлем)

1.I want to visit Astana.

2.I can speak  English.

3.Kazakh people are very hospitable.

Жай сөйлем (сұраулы сөйлем)

1.Do you have a pen?

2.What did you do?

3.Are you a pupil?

 

Орыс тілі:

1.Фонетический разбор слов:

Друзья, объявление, елка, съела , дают

2.Фонологический анализ слов:

Родник, звездный, тень, осенный, гнезда

3.Морфологический разбор существительных:

Книга, пенал, учеба, полоса, ручей

4.Морфологический разбор глагола:

Шел, говорить, петь, читать, смотреть

5.Синтаксический разбор предложений:

Я не знал, что твой отец играет на виоланчели. Хорошая книга - просто празник.

Земля – планета. Она прекрасна. Будем ее беречь. 

 

Биология:

1.Тұқымның құрылысы. Дара және қос жарнақты тұқымдарға сатылай кешенді талдау

2.Фотосинтездерге сатылай кешенді талдау

3.Жапырақ құрылысы, формалары, жүйкереліріне  сатылай кешенді талдау

4.Тыңайтқыштарға  сатылай кешенді талдау

5.Тамыр жүйесі, түрлері, бөлімдеріне сатылай кешенді талдау

 

География:

1.«Жер  күн  жүйесіндегі  ғаламшарлар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

2. «Дүниежүзіндегі  ірі  таулар  бойынша  сипаттама  беру» тақырыбын сатылай кешенді талдау

3.«Өзендер» тақырыбын сатылай кешенді талдау

4.«Көлдер»» тақырыбын сатылай кешенді талдау

5.«Жанартаулар» тақырыбын сатылай кешенді талдау

 

7-сынып

 

Қазақ тілі:

1.Сөйлемге синтаксистік талдау (7сатысы)

2. Етістік сөз табын сөз құрамына, лексика-граматикалық мағынасына талдау.

3.Үш қосымшалы сөзге толық фонологиялық (сөзсазындық) талдау.

4.Бегсіздікпен өрнектелген дыбыстарға  дыбыстық мінездеме беру.

 

Әдебиет:

1. А.Байтұрсынов.    «Ақын ініме» өлеңін сатылай кешенді талдау.

2.  М.Өтемісұлы.  «Тарланым» өлеңін сатылай кешенді талдау.

3.  М.Жұмабаев.  «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.

4.  Ә.Тәжібаев.   «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.

 5.   А.Құнанбаев.  «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін сатылай кешенді талдау.


5 сынып

Фонетикалық талдау

 

                                                                   Sun [‘sΛn]- noun-күн 

 Sun [sʌn]-noun- зат есім- күн

This word consists of 3 letters and 3 sounds.

 1.Sound [ʌ]  is  a short vowel sound. Sounds [s], [n] are consonant phonemes.

 1.1 Sound [ᴧ] – is a short vowel sound. Because when sounding vowel [] the air flows from the lungs without any obstruction. Our breath passes freely through the mouth.

 According to their pronunciation []- is a short monophthong. One sound vowel phoneme.

 According to their place of articulation this sound-the positon of the tongue- back line, mid part vowel,

                                                                                           the positon of the lip- neutral, unrounded

                                                                                           the  position of the jaw- neutral position

1.2 Sound  [s] – is a consonant phoneme. Because when sounding consonant [s] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [s]- is a fore lingual, alveolar. Because the tongue articulates with the alveolar ridge

According to the articulation this sound-  mild, unvoiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – fricative consonant

1.3 Sound  [n] – is a consonant phoneme. Because when sounding consonant [n] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [n]- is a fore lingual, alveolar. Because the tongue articulates with the alveolar ridge

According to the articulation this sound-  mild, voiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – nasal consonant 

5 сынып

Фонологиялық талдау

 

Nature

Nature[‘nei tʃә]-noun-табиғат-природа

      1. According to the ways of writing this word consists of 6 letters such as [en], [ei], [ti], [ju:],[a:],[i]

      2. This word consists of two syllables, [nei],[ ә]. The 1st syllable [nei] is open syllable and belongs to    the 1st type of syllable because a vowel letter «a» is read as a diphthong [ei] by the rule of ABC. The combination of a vowel letter and of a consonant letter «r» and of a vowel letter «e», is read as a short monophthong [ә]  at the end of the word  by the  rule  of reading.

3.      This word can’t be transferred as transfer doesn’t exist in English language at all. Transfer is not so important as it is in Kazakh language.

4.      This word is stressed because it’s a noun, a meaningful word. It is stressed on its 1st  syllable. Its stress position is shown on its transcription.

5.      Syllable harmony doesn’t exist in this word because it is a root stem word.

6.      Sound harmony doesn’t exist in this word because it is a root stem word.

6 сынып

Фонетикалық талдау

 

Protect [prә’tekt] v-қорғау

This word consists of  7 letters and 7 sounds.

1. Sounds [ә],[е]-  are short vowel sounds. Sounds [p], [r], [k], [t] are consonant phonemes.

1.1 Sound [ә] – is a short vowel sound. Because when sounding vowel [ә] the air flows from the lungs without any obstruction. Our breath passes freely through the mouth.

According to their pronunciation [ә]- is a short monophthong. One sound vowel phoneme.

 

According to their place of articulation this sound-the position of the tongue- back line, mid part vowel,

                                                                                            the position of the lip- unrounded

                                                                                           the position of the jaw- in a rest position

1.2 Sound [e] – is a short vowel sound. Because when sounding vowel [e] the air flows from the lungs without any obstruction. Our breath passes freely through the mouth.

According to their pronunciation [e]- is a short monophthong. One sound vowel phoneme. According to their place of articulation this sound-the position of the tongue- front line, mid part vowel,

                                                                                     the position of the lip- neutral, unrounded                               

                                                                                     the position of the jaw- little open

1.3 Sound  [p] – is a consonant phoneme. Because when sounding consonant [p] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [p]- is a bilabial. Because both lips articulate with each other

According to the articulation this sound-  hard, unvoiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – plosive consonant

1.4 Sound  [r] – is  a consonant phoneme. Because when sounding consonant [r] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [r]- is a fore lingual, alveolar. Because the tongue articulates with the alveolar ridge

 According to the articulation this sound-  mild, voiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – retroflex consonant

1.5 Sound  [k] – is a consonant phoneme. Because when sounding consonant [k] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [k]- is a back lingual, velar. Because it is a glottal obstruction

According to the articulation this sound-  hard, unvoiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – plosive consonant

1.6 Sound  [t] – is a consonant phoneme. Because when sounding consonant [t] the air flows from the lungs with  obstruction.

According to their pronunciation [t]- is a fore lingual, alveolar. Because the tongue articulates with the alveolar ridge

According to the articulation this sound-  hard, unvoiced consonant phoneme

According to the manner of articulation this sound – plosive consonant

 

6 сынып

Фонологиялық талдау

 

Advice [әd’vais]

  1. According to the ways of writing this word  consists of  6 letters such as  a,d,v,i,c,e and pronounced [әdvais]
  2. This word consists of 2 syllables [әd],[vais]. The 1st syllable [әd] belongs to the 2nd type of syllable because a vowel letter “a” is read as a neutral monophthong [ә] not by the rule of ABC, the 2nd syllable [vais] belongs to the 1st type of syllable because a vowel letter “i” is read as a diphthong [ai] by the rule of ABC.
  3. This word can’t be transferred as transfer doesn’t exist in English language at all.  
  4. This word is stressed, because it is a noun, a meaningful word. Its stress position shown on its transcription.
  5. Syllable harmony doesn’t exist in this word because it is a root stem word.
  6. Sound harmony doesn’t exist in this word because it is a root stem word.

 

 

6 сынып

Морфологиялық талдау

 

 Green [ ɡri:n]  - adjective (сын есім) жасыл

1.      This word is composed of one compound: green;

2.      According to the morpheme is main;

3.      According to the structure is single;

4.      The word has one lexical, one grammatical meanings;

5.      It’s lexical meaning is the kind and the colour of the thing;

6.      It’s grammatical meaning makes after generalizing of lexical meaning, the common grammatical meaning is the adjective;

7.   Green- answers to the question  What colour?

8.According to the meaning- qualitive  adjective; define the kind and the  colour of the thing.

 

Жасыл

1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: жасыл

2. Тұлғасына қарай- негізгі;

3. Құрылысына қарай- дара;

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар;

5. Лексикалық мағынасы- заттың түр-түсін білдіріп тұр;

6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- сын есім;

7. Жасыл- қандай? деген сұраққа жауап береді;

8. Мағынасына қарай- сапалық сын есім,заттың түрін, түсін тікелей анықтап тұр.

 

           6 сынып

 

Синтаксистік  талдау

                                                   Жай сөйлем (хабарлы сөйлем)

 

I live in Astana

1.1     The sentence has one punctuation.  Because it has full stop.

1.2     According to the purpose of statement-it is narrative sentence.

1.3     According to the structure- it is simple sentence. Because the sentence has one subject and one predicate. I- is subject,  live- is predicate

 

Жай сөйлем  (сұраулы сөйлем)

 

Where do you live?


«НҰРЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕЛІ  ДЕ, ЗЕРЕК  ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАЛАРМЫЗ» АТТЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ 

ЕРЕЖЕСІ

             Жауапты да жігерлі, өресі  биік жеткіншекті тәрбиелеуге педагогикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізуге болады. Бұл міндетке  дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиетті танып, бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу  де кіреді.

            Ұлттық дәстүрді қазіргі заманғы рухани талаптармен ұштастырып, тұлғаның әлеуметтік   белсенділігін, іс атқарудағы жауапкершілікті сезіну қабілетін ұштап, бүгінгі заман талабына сай саналы, білімді, мәдениетті, құзыретті тұлға болып қалыптасуына  ықпал ету мақсатында   «Нұрлы білім» ұлттық-интелекктуалдық рухани-танымдық» клубы құрылды.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты: Бүгінгі қоғамның талаптарына толық жауап бере алатын, биік тұлғалы, зерделі де, зерек дарынды құзыретті тұлғаны анықтау.

Міндеттері:

* өзгеше, әрі шапшаң ойлайтын  интеллектуалды дарынды тұлғаны анықтауға жағдай жасау;

*   қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін ертерек саналарына сіңіре отырып, өз ұлтының патриоты болуына ықпал ету;

*  тұлғаның әр пәнен алған білімдерін сарапқа салып, сөздік қорын байытып, таным көкжиегін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, өз ойын шешен де шебер жеткізуге негіз қалау;

*  ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өмір жолын, шығармашылық белестерін, қоғамдық қызметін зерделей оқып, таныса отырып олардан тағлым алуға бағыттау;

*  еліміздің ұлы тұлғаларының ұлтының болашағы   үшін аянбай тер төгіп, қалдырған асыл мұралары жайлы ойтолғау, эссе жазу.

Жалпы ережелер:

{C}{C}·        {C}{C}Республикалық интеллектуалдық ойын Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, Астана қаласы  Білім басқармасының басшылығымен  өткізіледі.

·        Интеллектуалдық ойынға қатысатын команданың өзінің атауы, төсбелгісі, ұраны, газеті, ән ұраны болады.

Интеллектуалдық ойынға қатысушылар:

а) Ойынға «Нұрлы білім» ұлттық-интеллектуалдық, рухани-танымдық клубының мүшелері қатысады.

ә) Ойынға үш адамнан құралған команда  және жеке оқушы да қатыса алады.

б) Ойынға қатысу туралы сұраныс және алдын-ала  берілген үй тапсырмасын  «Оразахынованың сатылай кешенді оқыту» технологиясының адами капиталды дамытудағы рөлі» атты республикалық форумға дейін  15 күн бұрын ұсынылады. (Электрондық нұсқада).

Ойынның сараптау алқасы:

Ойынның сараптау алқасының құрамына ғылымның әр саласы бойынша ғалымдар, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының модераторлары, журналистер кіреді.

Жеңімпаздарды марапаттау

Республикалық  интеллектуалдық ойынның жеңімпаздары Қазақстан Республикасы  Кіші ғылым академиясының президиум мүшелерінің шешімімен   І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Ойынның өткізілу тәртібі (Ойын  3 турда өткізіледі):

 

І тур

Үй тапсырмасын қорғау.

ІІ тур

Интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру.

ІІІ тур

               Пәндер бойынша сатылай кешенді талдау (бастауыш сыныптар үшін: 2-4 сынып: қазақ тілі, математика, дүниетану); (5-6 сынып: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, биология).

 

Үй тапсырмасы:

1-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

2-тапсырма. Абай Құнанбаевтың бес өлеңін жаттап, сатылай кешенді талдау жасау.

3-тапсырма.   Абай Құнанбаевтың бір қара сөзін жатқа айтып, мағынасын ашып беру.

4-тапсырма. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»   әндерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) орындау.

 

 

1-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

 

 2-тапсырма.  «Шоқан болған жерлерде» (саяхат картасын жасау).

3-тапсырма. «Шоқан-ғалым, этнограф»  сатылай кешенді талдау.

4-тапсырма. Эссе,  «Шоқан Уәлиханов – көрнекті ғалым».

 

1-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

 

2-тапсырма.  Ы.Алтынсариннің екі әңгімесіне сатылай кешенді талдау жасау.

3-тапсырма.  «Ыбырай аңсаған ұлттық мектеп» (модель немесе макет жасау).

4-тапсырма. Эссе, «Менің қиялымдағы мектеп».

Интеллектуалдық ойынның бағалау өлшемдері:

4 сынып: қазақ тілі, математика, дүниетану; әр пәнге – 10 б.

5-6 сынып: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география. – 10 б.

Ойын барысында тұлғаның сөз байлығы, танымдық деңгейі, сөйлеу мәдениеті, ойтолғау

жасауы,  ой-пікір, көзқарасы, ойын  шешен де шебер жеткізе білу қабілеті – 10 б.

Жалпы балл бастауыш буын  – 120 б.

Орта буын  – 150 б.

 

Интеллектуалдық  сұрақтар:

1. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз? Біреуіне тоқталыңыз.

2. «Патриот» дегенді қалай түсінесіз?

3.  «Әдептілік нормасын» қаншалықты орындап  жүргеніңізді әңгімелеп беріңіз.

4.Мына даналық сөзде қандай ой айтылған?

Жас кезіңде алған білім,

Тасқа қашалған нақышпен тең.

5. «Отбасылық құндылық» ой толғаныс?

6. «Әлсіз денеге ауру ұялайды»  –  деген халық даналығына қандай ой-тұжырым айтар едіңіз?

7. «Қара» сөзінің ұғымын түсіндіріңіз.

8. «Өмірді тану – ғылым, өзіңді тану  – өнер» деген қағидаға қандай уәж айтар едіңіз?

9. "Шежіренің" мағынасын ашып, баяндаңыз. Жеті атаңызды атаңыз.

10.Адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі жағымды қасиеттерді санамалап, ойыңызды дәлелдеңіз.

11.Адамның жағымсыз қасиеттерін атаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.

12.Қазақ халқының театр және кино өнерінің жұлдыздары.

13.Қазақтың «Бес арысы» ой толғаңыз.

14. Қазақтың «Үш бәйтерегі» ой толғаңыз.

15.«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы сіз қандай жетістіктерге жеттіңіз?

 

Республикалық «Зерделі  де, зерек  дарынды тұлғалармыз» атты өткізілетін интеллектуалдық ойына өткен жылғы аузша командалық олимпиада бас жүлде алған командалар мен жеке оқушылар қатыса алады.

Өтетін  орны: Астана қаласы,  №74 мектеп-гимназиясы.

Өтетін уақыты: 15 -16 мамыр 2015 жыл.

Командаға қойылатын талаптар: Топтың аты, ұраны, таныстыруы  болу шарт.

Әр мектептен сұраныс төмендегі үлгі бойынша  2015 жылдың 15 наурызна  дейін  эл.пошта: nyrsha_1@mail.ru ;  toleubaeva1976@mail.ru  ;  boranbaeva_aigul@mail.ru; (87779378525, 87773715888, 87027699406) жеткізілуі керек. Кешігіп берілген сұраныстар қабылданбайды.

Р/с

Облысы, қаласы, ауданы,

мектебі

Қатысушы оқушылардың толық аты-жөні

Сыныбы

Топтың аты

Жетекшінің толық   аты-жөні, ұялы телефоны

 

 

 

 

 

 

1. Команданың атын, төсбелгісін, ұранын, қорғауы – 20 б.

2. Үй тапсырмасын орындау сапасы, шығармашылығы – 30 б.

3. Команда мүшелерінің  немесе  қатысқан жеке тұлғаның үй тапсырмасын қорғау шеберлігі – 10 б.

4. Интелектуалдық сұрақтарға жауап беру құзыреттілігі –  20 б. (Тұлғаның жас ерекшелігі ескеріліп бағаланады; 2 сұрақ)

5. Пәндер бойынша сатылай кешенді талдау сауаттылығы –  20 б. 

Абай Құнанбаев  (2-сынып)

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм (бос,құр бос қалу, құр қалу) қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

 

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

 

Ғылым таппай мақтанба 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

 Бес асыл іс, көнсеңіз. 

                       

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы...

 

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы. 

Жетінші сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен. Туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өспейді, қуат таппайды. Біреу – білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...

 Желсіз түнда жарық ай  ( Әнімен айтады) 

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

 Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзі-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 Тау жаңғырып, ән қосып,

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Көзімнің қарасы (Әнімен орындау)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы,

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы.

 

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.

 

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын.

 

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмейме, Көп сөйлеп созбайын. 

Ыбырай Алтынсарин

1. Шеше мен бала

2. Бақша ағаштары

                              Абай Құнанбаев (3-сынып)

                              Жаз

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап, Арасынан құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

                               Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы-шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айылған ағаш, қурай...

 

...Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

 

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар жел соқса, шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. 

 

                              Қыс

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

 

Демалысы – үскірік, аяз бен қар

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай (шоқ-шоқ болып жөңкіген бұлт) бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

 

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

 

Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

 

Желсіз түнда жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзі-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Тау жаңғырып, ән қосып,

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?        

Тоғызыншы сөз

Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә Әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тинақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмасы, мұнысы бар ғой деп, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілісте, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай «не қылды, не болды» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндейлін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді...

 

Ыбырай Алтынсарин

1. Баланың айласы

2. Таза бұлақ

Абай Құнанбаев (4-сынып) 

Интернатта оқып жүр

 Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы –

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы –

Білсем деген таласы.

Прошение (арыз,өтініш) жазуға,

Тырысар келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы?

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Иждиһатсыз (талап, жігер), михнатсыз

Табылмас ғылым саласы. 

                               Білімдіден шыққан сөз 

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегенде болсын көз. 

Жүрегі – айна, көңілі – ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез? 

Әбілет басқан елерме

Сөзге жуық келер ме?

Түзу сөзге сенер ме

Түзелмесін білген ез?

 «Айтшы-айтшылап» жалынар,

Ұққыш жансып шабынар.

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез. 

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын еріп,

Дертті ішіне ем көріп,

Неге алтынды десін жез.

 

Әсемпаз балма әрнеге 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан!

 Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат (шәфхат – аяу, рахым ету) кімде бар,

Сол жарасар туғанға. 

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа.

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа?

 Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырма,

Майданға түспей, бәйге алма.

Он тоғызыншы сөз

         Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, онда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді естігенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көз жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз   болады...

 

Көзімнің қарасы (Әнімен орындау)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы,

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы. 

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір

Адамның баласы. 

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын.

 Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмейме, Көп сөйлеп созбайын.

 

Ыбырай Алтынсарин

1. Зеректік

2. Мейірімді бала

Абай Құнанбаев (5-сынып)

 

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдаса өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. 

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып, бұраңдап, ағады су.

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергек үшін. 

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. 

 Сөз айттым «Әзірет Әлі», «Айдаһарсыз»,

Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз».

Кәрілікті жамылып, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

 

Ойға түстім, толғандым 

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым.

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?

Қалап алған көп мінез,

Қалайша қылып тыя алдым? 

Бойдағы мінді санасам,

Тау-тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Ине дейін таза емес.

Аршып алып тастауға,

Апандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнен,

Тәңірім салған наз емес. 

Жиырма бірінші сөз

         Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор естімек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші мақтаншақ деген біреуі, «демесін»демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді...

 

Көзімнің қарасы (Әнімен орындау)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы,

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы. 

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір

Адамның баласы. 

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын. 

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмейме, Көп сөйлеп созбайын.

 

Ыбырай Алтынсарин

1. Дүние қалай етсең табылады?

2. Асыл шөп

Абай Құнанбаев (6-сынып) 

Қалың елім қазағым қайран жұртым 

Қалың елім, қазағым,  қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртым.

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы.

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды түнде ұйқың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

 

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да 

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. 

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,

Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда (батырлардың дұғасының басына қоятын зат. Ақын Адам басынан бағы таюды, басына іс түсуді бейнелеп айтқаны).

Мұнан менің қай жерім аяулы деп,

Бірге тұрып қалады кім маңайда? 

Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық,

Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.

Осы күнде осы елде дәнеме жоқ

Мейірім қанып, мәз болып қуанарлық... 

...Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,

Күз күзеуде жан жалсыз бола алмай жүр.

Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле,

Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.

 

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан соң,

Қандай жан сырттан сөз боп сыналмай жүр?

 

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын 

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,

Түбін ойлап,уайым жеп айтқанынмын.

Ақылдылар арланып ұялған соң,

Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.

 Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,

Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін.

Көздің жасы, жүректің қаныменен

Ерітуге болмайды ішкі мұзын.                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.

Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін. 

Адасып алаңдама, жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық, қамалмай.

Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ,

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай. 

Отыз екінші сөз 

         Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

      Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (арабша – келген, оралған, нәтиже, мағына) болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады...

Ыбырай Алтынсарин

1. Талаптың пайдасы

2. Бай баласы мен жарлы баласы

     «Зерделі  де, зерек  дарынды тұлғалармыз» атты интеллектуалдық ойыны  2 сынып

      «Зерделі  де, зерек  дарынды тұлғалармыз» атты интеллектуалдық ойыны  3-4 сынып

      «Зерделі  де, зерек  дарынды тұлғалармыз» атты интеллектуалдық ойыны  6 сынып

 

 

ОСКO ұйымдастыру комитеті