Н.А.ОРАЗАХЫНОВАНЫҢ «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ  ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

  Астана қаласында биыл төртінші рет «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Нұрша Алжанбайқызы Оразахынованың аталмыш технология бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты республикалық ауызша командалық сайысы өтті. Сайыстың негізгі ұйымдастырушылары  ҚР Кіші ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық универитеті мен Астана қаласы Білім басқармасы.

Жылдан-жылға бұл сайысқа қатыушылардың саны артып келеді. Сонымен қатар олимпиадаға қатысушыларға қойлатын талап та жоғары. Сондықтан олар олимпиада ережесіне сәйкес жыл бойы бірнеше іріктеулерден өтеді. Биылғы 15-ші сайысқа Қазақстанның бірнеше аймақтарынан, атап айтар болсақ: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жамбыл облысы Жуалы, Меркі  аудандары, Алматы облысы Талғар ауданы және Алматы, Тараз, Екібастұз қалаларынан қонақтар,  олимпиадаға қатысушы оқушылар, ата-аналар келді. Сайысқа   балабақшаның мектеп алды дайындық тобы мен оқушылардан құралған 68 команда бойынша 205 бала қатысты.

Биылғы сайысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі Балтабай Әбдіғазиұлының келіп, қонақтарды ата-аналарды, ұстаздарды құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеуі ерекше сипат алды. Сонымен қатар  ғалым жыл бойы оқушыларын сайысқа дайындап, бірнеше сараптаулардан  өткізген ұстаздарға өз атынан марапат тапсырды. ҚР Кіші ғылым акадеиясының вице-президенті Грекова Наталья Ивановна да акадеияның атынан құттықтап, жылы лебізін білдірді. Наталья Ивановна өзінің бұл сайысқа он бесінші рет куә болатындығын ерекше тебірене тұрып айтты.

Біз оған әр пәннің мазмұнына сай біліммен қатар  мынандай дайындықпен бардық:

Команданың аты: «Атамекен»

Команданың  ұраны:   

Атамекен тұрағым,

Сөнбейтұғын шырағым.

Сатылап, талдап әрқашан,

Биікке самғап шығамын.

Команданың әні: Әнші, компазитор Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әніне салып, сөзі  Жеңістің 70 жылдығына арнап шығарылған.

Арайлап таң атқалы  70 жыл,

Кемелденген жеңісіме  70 жыл.

Содан бері жайнай түсті қаламыз,

Содан бері  жарқырады еліміз.

          Қ-сы

Жеңіс келді даламызға,

Жеңіс келді қаламызға.

Күннің көзі шуақ шашып,

Арайланды жердің жүзі.

 

Бақыттымыз сол жылдардың ішінде,

Тәуелсіздік таңы атты елімде.

Сенің арқаң бейбіт өмір сүргенім,

Сенің арқаң күліп ойнап жүргенім.

 

Таныстыру:

Мұратбекұлы Қайрат   

 Ассалаумағалайкум халқым менің,

Қазағым деп әрқашан жар саламын

Алдыңызға келіп тұрған сатылауға,

Манарбектіңұлы Қайрат мен боламын!

Білімменен, ғылымды терең оқып,

Еңбек етіп, тер төгіп, күш саламын.

Кең байтақ қазақ елімнің,

Жарқын, жарық болашағы мен боламын!

 

Сұлтанғазиева Жібек

Думанқызы Жібекпін,

Анамның ақ сүтінен нәр алған.

№70-ші мектеп-лицей шәкірті,

Сатылауға, талдауға келіп тұрған.

Қатысушы достарыма тілеймін,

Жеңіп шығып көрінуін биіктен,

Әділқазы әділ баға берсеңіз,

Орындалмақ ойға түйген арманым.

 

Рахман Бейбарыс

Европаға олимпиадаға бардым мен,

Дарынды, алғыр математиктермен.

Ата-анамның үмітін ақтап,

Жүлделі орын алып келдім мен.

Жас ұланға жарасады ар намыс,

Ортақ бізге қанатын кең жайған іс.

Әкем Ержан, анам менің Қалдыгүл,

Рахман тегі мен боламын Бейбарыс.

 

Молдыбаева Аружан

Армысың арқалы жұртым қалың, елім,

Сәлем беру ежелгі салтым менің.

Ойымның ақтарайын алтын кенін,

Таныстырып өтейін өзімді-өзім.

Тұңғышымын, аяулысы бір үйдің,

Біржанқызы  Аружанмын.

Ақылшым, анашымның аты Айгүл,

Отбасымның сенімін ақтауға келіп тұрмын.

 

Жолдөзек Аруана

Жеңіс туын тіккен өзі қолымен,

Майдангерлер орны елдің төрінен.

Тәуелсіз ел ұландары біз бүгін,

Ел қорғаймыз аталардың жолымен.

Бес жасымда  аштым мектебімнің есігін,

Рашидқызы Аруана есімім,

Анам Күләш еркесімін,

Кенжесімін бір үйдің.

 

Заманбекова Айша

Сатылай олимпиадаға қатысу,

Қолым жетпес арман еді.

Бүгін қолым жетті арманыма,

Ұстазымның, әжемнің арқасында.

Асқарқызы Айшамын.

Ұстазыма, әжеме алғыс айтып,

Алдарыңызға келіп тұрмын.

 

Республикалық сайысқа қатысып бас жүлде алған: Мұратбекұлы Қайратты, Сұлтанғазиева Жібекті, Рахмантегі Бейбарысты, 1-ші орын алған: Молдыбаева Аружанды, Жолдөзек Аруананы, Заманбекова Айшаны жеңістерімен құттықтап, әрдайым білімнің биік шыңынан көріне беріңдер деп тілек білдіргім келеді. Осындай тамаша ұл-қыздат тәрбиелеп отырған ата-аналарына алғысым ерекше. Олар балаларының тек сабақта ғана жоғары үлгерімі жеткіліксіз екендіктерін түсініп, қосымша білім алуларына ерекше көңіл бөліп отыратын отбасылар.

 


"ОСКО" технологиясы бойынша мектепішілік I ауызша командалық олимпиада

        Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап Білім басқармасының 29.08.2014ж  №551 бұйрығы негізінде  «Сатылай кешенді оқыту»  технологиясы бойынша эксперименттік сыныптар жұмыс істейді.Мектепішілік олимпиадаға эксперимент бойынша  жұмыс істейтін                         12 команда - 1 А», 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 1 «Ғ», 1 «Д», 4 «Б», 4 «Б», 5 «А», 5 «А» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 7 оқушыдан қатысып, команданың аты, ұраны, топ басшысы, жетекшісі болды. Мектепішілік олимпиадаға қала мектептерінін арнайы комиссия мүшелері ретінде №8 орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Боранбаева Айгүл Қайроллақызы, №66 мектеп-лицейінен бастауыш сынып мұғалімі Шалова Роза Мейірбековна және №4 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Қалқанбаева Марфуға Қыдырмолдақызы келіп, командаларды іріктеу жұмысын атқарды. Комиссия қорытындысы бойынша 12 команданың 10 командасы  қалалық ауызша олимпиадаға жолдама алды.