"Сатылай кешенді оқыту" технологиясының курс кезеңдері

1-кезең

  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясының алғашқы теориялық дайындығынан өтеді.
  • Шығарылған оқу кешендері, олардың жазылу үлгілерімен танысады.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясына қажетті дидактикалық материалдар қорын жинайды.
  • Тақырып бойынша өздігінен білім алудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясының екі деңгейімен танысып, оларды жүзеге асырудың жолдарына машықтанады.
  • Алынған теориялық білімдері бойынша әр деңгейде ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын сауатты орындаудағы белсенділіктері айқындалады.
  • Білімді қабылдау деңгейін бақылау. Бірінші деңгейдегі меңгерілген білімдері бойынша жазбаша және ауызша талдау үлгілерін жинақтаған материалдарын қорғайды.

2-кезең

  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясының теориялық және практикалық мәселелері бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
  • Технологияны өз тәжірибесінде қолданудың жүйесін анықтайды, іс-тәжірибесін мектеп ұжымындағы ұстаздарға таратады. Бірінші кезең бойынша шығармашылық есеп береді.
  • Жинақталған әдістемелік жұмыстарын педагогикалық басылымдарға жариялайды.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясымен жинақтаған тәжірибесін аудан көлеміндегі мұғалімдерге таратып, олармен кәсіби қарым-қатынасқа түседі.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша аудандық семинар ұыймдастырады.
  • Оқушыларды Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының аудандық ғылыми-практикалық конференциясы мен “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша өтетін ауызша командалық олимпиадасына дайындайды.
  • Оқушы, мектеп компонентерінен белгіленген сағаттарға авторлық бағдарлама құрастырып, оқу кешендерін дайындайды.
  • Алдыңғы курста өтілген материалдар бойынша ашық тест үлгілерін құрастырады.
  • Білімді қабылдау кезеңін бақылау. Екінші кезеңдегі меңгерілген білімдері бойынша ашық тест тапсырады.

3-кезең

  • Облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, әріптестері мен технология бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен тәжірибе алмасады.
  • Ізденіс жұмыстарының қорытындыларын ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналдарда мақала етіп жариялайды.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша облыстық семинар, конференция, педоқуларға қатысып, “Шеберлік сынып” сағаттарын өткізеді.
  • Өз пәні бойынша “Сатылай кешенді оқыту” технологиясын белгілі бір тақырыпты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеп, эксперимент жұмысын жүргізеді.
  • Оқушыларды Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-практикалық конференциясы мен “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша өтетін ауызша командалық олимпиадасына дайындайды.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша облыс көлемінде әдістемелік семинар, конференцияларға қатысады.
  • Білімді қабылдау кезеңін бақылау. Емтихан тапсырады.