Нағыз ұстаз

...Әр адамның көңілінде бір арман,

Сол арманнан бақыт құсы жаралған... деп ақын жырлағандай, бала кезден армандаған арманымыздың бірі – мұғалім болу еді. Мұғалім көп, бірақ нағыз мұғалім болу өте қиын. Осындай қиын жолдан өткен, нағыз мұғалімнің бірі және бірегейі –біздің Нұрша.

1994-2000 жылдар аралығында Нұрша қазақ тіл білімінің саласына өзіндік жаңалығын енгізіп, елді елең еткізді. Бұл жаңалық – қазақ тіл білімін сатылай кешенді талдау еді. 1998 жылдан бастап Нұршамен бірге осы жұмыстың басы-қасында болдым. Түске дейін өзім Нұршадан үйренем, түстен кейін өзім сабақ беретін сынып оқушыларына үйретем.

Басында бұл жаңалықты көп мұғалім біле бермеді, біз өзіміз әр мектепке барып, көшпелі сабақ өткізіп, арасында Нұрша өзі ашық сабақ өткізіп, сол сабаққа мұғалімдерді шақырып көрсетіп жүрді. Кейіннен сатылай кешенді талдаудың мүмкіндігінің мол екенін көрген мұғалімдер өздері ұсыныс жасап, өздерінің мектептеріне шақырып, семинар өткізетін болды. Осылайша сатылай кешенді талдау мектеп мұғалімдерінің арасына кеңінен қанат жайды.

Бәрі ойдағыдай болды, еш қиындық болмады десем, өтірік айтқан болар едім. «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» деген рас екен, сатылай кешен туралы құптаушылардан гөрі, оны көре алмай, даттаушылар да көбейіп жатты. «Талдау жаттанды, балалар жаттап алып, соны сылдырлатып айтып береді, сөйлеуді тежейді, сауаттылықтарын жояды т.т.» деген сөздер жиі естілетін болды. Біреулер көзімізге айтса, біреулер сырттан айтты. Бірақ Нұрша мойымады, ести жүріп оны әрі қарай дамыта берді.

Оның дәлелі басында қазақ тілі пәні бойынша жасалған сатылай кешенді талдау енді ағылшын тіліне, математикаға, тарих пәніне ендірілді. Мұны көрген ата-аналар балаларын жаппай осы пәндер бойынша ұйымдастырылған «Жексенбілік мектепке», сатылай кешенді талдауға жіберетін болды. Балалар да жалықпай, сабақтан қалмайтын еді. «Мен алты күн жұмыс істедім, бүгін дем аламын» демей, балалармен бірге Нұршаның өзі де жүретін, бізді де жүргізетін.

Сатылай кешенді талдаумен оқыған балалар өте жақсы оқитын. Ал мұғалімдердің күнделікті сабағы ашық сабақ болып өтетін. Тіпті завучтеріміздің өздері мектепке келген қонақтарды, семинарға келген, сабақты тексерем деп келген тексерушілерді біздің сабағымызға кіргізіп жіберетін. Кім келсе де еркін, керемет сабақ өтіп беретінбіз. Себебі балаларымыз мүдірмей, кез келген сұраққа жауап беріп, кез келген жағдаяттан шығып, тығырықтан тірелмей өтетін еді. Өйткені олар аталған төрт сабақтан сатылай кешенді талдаумен оқитын.

Соның дәлелі: 2001 жылы мен Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатына ауыстым, ал Нұрша осы мектепке ғылыми кеңесші болды. Сол жылы 8-сыныпты қабылдап алдым, бұл балалар республиканың түкпір-түкпірінен келген, өте жақсы оқитын оқушылар еді. Оларға өзімізбен бірге 5-сыныптан бастап сатылай кешенді талдаумен оқыған Ақтоты, Жүзімгүл, Жанат, Назира қосылды. Талдауды осы төрт оқушымен бастадық. Төртеуінің қазақ тілін, тарихты, ағылшынды қалай талдағандарын көрген оқушылар ауыздарын ашып, көздерін жұмды. Олар да осыларға еліктеп оқыды. 2005 жылы осы сыныпты бітірген 20 оқушының 17-і грантқа түсті. Қазір барлығы жоғары білімді маман, магистратураны бітірген болашақ ғалымдар. Өйткені оларға осы жолды сілтеген Нұрша апайы еді. Осы балалармен Нұрша көп жұмыс істеді, оларға ғылыми жоба жаздырды, ғылымның қиындығын сезіндірді, бірақ істеген ісінің қайыры болатынын түсіндіріп берген еді. Айнұр деген осы сынып оқушысы «мен Нұрша апайдай қазақ тілінің мұғалімі боламын» дейтін, дәл сол сөзінде тұрды, университеттен кейін магистратураны бітірді, қазір белді мұғалім.

Нұршаның мұндай шәкірттері өте көп, олар қазір республиканың әр жерінде жүр. Кезінде бір пәнмен басталып, кейіннен төрт пәнге ұласқан талдау қазір 11 пән бойынша оқытылады. Бұл – үлкен жетістік. Бұл жетістікке Нұрша өз еңбегімен жетті. Осындай жетістікке жетуіне Нұршаның табандылығы, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын қайсарлығы себеп болып еді. Көре алмаушыларға осы жетістігі арқылы жауап берді. Қазір Нұрша биіктіктен көрініп жүрсе, ол – табан ақы, маңдай тері.

Сатылай кешенді талдау туралы айтсақ, сөзіміз таусылмайды. Бұл тұрғыда атқарылған істер де өте көп. Кіші Ғылым Академиясымен бірлесіп атқарылған жұмыстар, ғылыми жобаларды қорғау, ауызша командалық олимпиадалар өткізу, оқушылардың ғылыми бағыттағы еңбектерін кітап етіп шығару және т.б. жұмыстар – осы сатылай кешенді талдаудан бастау алған істер. Бұл істердің басында қашанда Нұрша жүреді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Бала кезден бірге өскен досымның әрқашанда мерейі үстем болып, биіктен көріне берсін. Ең үлкен алғыс – шәкірттерінің алғысын алып, солардың сүйіспеншілігіне бөленсін! Ақ әже атансын!

Ізгі ниетпен, п.ғ.к., доцент
Күлмесхан Әуелханқызы Абдреимова




ӨТКЕНГЕ КӨЗ ЖҮГІРТКЕН БІР ОЙ...

 

«Осы шақ – өткенің мен алдан күткен үмітіңнің екі аралығына түскен көпір» дейді халық даналығы. Өмір мысал өлең секілді: ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен мәнері әрлене түседі. Нұрша Алжанбайқызымен арамыздағы рухани сабақтастық Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан басталыпты.

Кафедра бұрышындағы кітаптардың мұқабасына көз жүгіртіп тұрып, алғашында ештеңе түсінбедім. Ойымда қалғаны тек: «Сатылай кешенді талдау» деген тіркес. «Ұлттық университетті бітірсем де, бес жылдай ауыл мектебінде сабақ беріп жүріп, осындай «модный» терминді естімей қалыппын-ау!..» деп ойлағаным да рас. Содан бастап әлгі тіркестің мәнін түсінуге деген ынта пайда болды. Күндер өте келе «аталмыш технологияның авторы», «ғалым-әдіскерге» деген құрмет мен үшін «кафедра меңгерушісі» деген қалыпты түсініктен басым түсті. 

Консерваторияда кафедра басқарып әрі дәріс оқи жүріп, Нұрша Алжанбайқызы халық музыкасы факультетінде қазақ тілі пәнін  жаңа технология – «Тілдік материалдарды сатылай комплексті талдау» арқылы меңгертуге қадам жасады. Ондағы мақсаты жаңаша әдіс-тәсілдермен студент-орындаушылардың сөз мағынасын жете түсініп, әнді жеткізуде дыбыстардың әуезділігін сезінуіне тілдік тараптан ықпал ету. Әрине, бұл дәстүрлі музыка мен қазақ тілін пәнаралық байланыста өткізудің бір қыры ғана.

Технология авторы «өнердің еркелерін» бір аудиториямен шектеп қоймай, олардың өздері жүрексіне айтатын консерваторияның Кіші сахнасына жиі шығарып жүрді. Бұл дәстүрлі музыканың өрісін кеңейтіп, қанатын құлаштап жаюына түрткі болу мақсатында Нұрша апайдың лекция-концерттер ұйымдастыруы еді (Қазіргі тілмен айтқанда, апайды «сол студенттердің продюсері ме?» деп қаласыз –А.А.К.).

«Халық тарихы – музыка тарихы» деп аталған бұл концерттерде студенттің дәстүрлі музыканың шығу тарихы, көрнекті өкілдері жайлы теориялық білімді жеткізуінде апайдың ой салуымен шешен сөйлеу, шебер баяндау, көпті иландыру тәрізді тәсілдері де байқалып тұратын. Қазақ және шетел тілдері кафедрасының жас оқытушысы әрі апайдың әріптесі ретінде  лекция-концерттерді тыңдай жүріп, осындай артықшылықтарды көңіліме тоқи жүрдім.

Лекция-концерттердің келесі бір тиімділігі мынада еді: студент халық әуендерін қалай орындаумен ғана шектелмей, қазақ ән-күйлерінің тарихын, әдеби көркемдігін, мәтіндік сипатын түйсінуге де ден қояды.  Ж. Баласағұн айтқан: «Тіл мен сөз – көңілдің айнасы» болар еді. Тыңдаушы күй мен әннің әсеріне бөленіп, қиялын ұштай түсер еді. Ал орындаушы болса, орындау шеберлігі қалыптасқан, рухани бай, ана тілінде жатық сөйлейтін «үлкен мәдениеттің иесі» ретінде қалыптасар еді. Түптеп келгенде, лекция-концерт – Тұлға қалыптастырудың бастамасы екен.

Осындай  деңгейден көрінуге талпынған сол тұстағы (2001-2002 жж.) студенттердің игілікті істері күннен-күнге тұрақты көрермендердің шоғырын топтастыруға қол жеткізіп келеді. Бұл жолдардың «құр айғай емес» екеніне бүгінде халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Ақан Әбдуәлиұлы, Нұржан Жанпейісов, Ерлан Ырысқалиев, Баян Нұрмышевалар айғақ бола алады.

Нұрша Алжанбайқызының жадынан әсте шығармайтын тағы бір үлгі болар ісі – бұл Республикалық Кіші ғылым академиясымен байланыс орната білуі. Әрине, жеке мүддесі үшін емес, ел мүддесі үшін.

Ашып айтсақ, сол жылдары Нұрша апай докторлық диссертациясының теориялық негізін қалау мақсатында мектеп оқушылары арасында аталмыш әдістеме бойынша түрлі жарыстар ұйымдастырып, эксперимент жүргізіп тұратын. Әдетте, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығуға ұмтылған «ертеңгі студенттер» дода соңында марқайған көңілмен «бүгінгі студенттердің» концертін тамашалаушы еді. Халық музыкасы факультетінің студенттері «тек үлкен сахнаны ғана пір тұтып, ал оған қарай бастайтын баспалдақтарды естен шығармасын» деген ниетпен апай олардың мектеп сахнасымен байланысын да үзген жоқ. «Ертеңгі халық әртісі үшін көрерменнің үлкен-кішісі болмасын» деген дұрыс ниеті болар. Өз төрлерінен аға-апаларының жанды дауыстағы өнерін тамашалаған жас буын күні ертең солардың өкшесін баспай ма?!.

«Бұлақ көріп, көзін ашқан» Нұрша апай өнерлі өрендердің өнегесін қалыптастыра білетін осындай ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР, ҒАЛЫМ!!!

P.S. Ойлап отырсам, консерватория қабырғасында бар болғаны бір жыл сабақ беріппін. Алайда менің өміріме сол Бір Жылдың берері көп болған екен. Кейіннен Қыздар институтына ауысқан соң көпке дейін сол кафедра, өнер ордасындағы шығармашылық атмосфера ойыма жиі оралып жүрді. Бірақ осы жылдар Нұрша апаймен арамызды алыстатқан жоқ. Қайта сағындырып, сабақтастырып келеді.

Егер Үлкен арманмен орта мектептен жоғары мектепке ауысып келген аспиранттың кафедра меңгерушісі «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі – Нұрша апайдай ұстаз болмағанда, әлдеқалай болар еді?!.

 

Алтаева Алмагүл Кәрісбекқызы

«Тұран» университеті «Журналистика және

аударма ісі» кафедрасының

профессоры, ф.ғ.д.

                                                                         


 

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ МОЛ ТЕХНОЛОГИЯ

Қазақстанның тұрақты дамуы – жалпы ұлттық идея мен елдің бүгінгі ғаламдық үрдістер аясындағы жедел жаңару стратегиясына сай білім беру мен тәрбие үрдісін іске асыруда тың көзқарастар қажеттігі туып отыр.

Жаңа заман ойлаудың жаңа парадигмасын құрайды, соған сай тілдік танымның да, тілден берілетін білімнің де ауқымы кеңейіп, қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен оқыту әдістеріне жаңаша қарау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Кез келген мәселеге жаңаша қарау өткеннің бәрін жоққа шығару емес, керісінше оған бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасау, дұрысын негізге алып, мазмұнын байыту, соны пайымдаулар жасау деп түсінген дұрыс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынованың бүгінге дейін мектеп тәжірибесінде көріп байқағаны мен озық тәжірибе үлгісін негізге ала отырып әдістемені өсіру, өрбіту, жетілдіру, байыту жолында өз зерттеу жұмысын жүргізуді қолға алған еді. Әдіскер-ғалымның  зерттеу жұмысы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың меңгеруіне қиындық тудыратын тілдік талдауға арналды. Қазіргі республика мектептерінде, колледждер мен жоғары оқу орындарында (әртүрлі пәндер бойынша) кеңінен қолданылып жүрген «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы аз ғана уақытта жасалып, дұрыс-бұрыстығы толық анықталмай оқу үдерісіне  енгізіле салынған дүние емес.

Нұрша Оразахынова  90-жылдары орта мектепте осы бағытта өзі  сабақ беріп осы технология бойынша тәжірибе жинақтады. Әдіскер-ғалымның өткізген сабақтарына  қатысқан республикаға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, әдіскерлер, мұғалімдер жақсы пікір айтып, технологияның ұтымды жақтарын көрсетіп, тиімді технологияны қолданысқа енгізуде авторға сенімділік тудырып, батыл қадам мен еңбегін жандандыра түсуге түрткі болды. Сөйтіп,  Н.Оразахынова бұл технологияның тиімділігіне  өзінің көзі әбден жеткен соң, кейінірек республика  облыстарында, Алматы мен Астана қалаларында мұғалімдерге арнап семинарлар, курстар өткізіп, «Сатылай кешенді оқыту»  технологиясының оқу үдерісіне кеңінен қолдануына мүмкіндіктер тудыру жағында көп еңбек жасады. Содан соң барып түрлі форматтағы, кең көлемдегі  іс-шаралар семинарлар, олимпиадалар, форумдар т.б өткізуді қолға алды.

Бүгінгі таңда  бұл технологияның шығармашылық ұмтылысы мол, ойы ұшқыр тұлға қалыптастыруға кең жол ашатынына көздері жеткен көптеген мұғалімдердің қызығушылығын тудырып отыр.

 Құралай Мұхамади

Сүлейман Демирель атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты   


Профессор, ғалым Нұрша Оразақынова: 

-Нұрша Алжамбайқызы, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының негізін қалаушы ретінде ең әуелі осы жүйенің міндеті мен мақсатына тоқталып өтсеңіз...

-Сатылай кешенді оқыту технологиясының мақсаты ­- қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға тәрбиелеу. Әр пәннің мазмұнын ғылыми негізде меңгертіп, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін жан-жақты түсіндіре отырып, сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін, өзіндік көзқарасын  қалыптастыру. Пәндердің мазмұнын,  ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы ғылыми түсініктерін кеңейту және жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру. Сонымен қатар, интерактивті тақта, компьютермен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,  әр оқушының жазу сауаттылығымен қатар  ақпараттық-коммуникациялық   сауаттылығын жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, ұлттық ойын үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.

-«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  он деңгейі бар екендігінен хабардармыз. Жалпы бұл технология деңгейлер бойынша қалай жүзеге асатындығын тарқатып айтып берсеңіз...

-«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  он деңгейін зейін қоя отырып рет-ретімен жүйелі үйреніп,   талдаудың түрлі амал-тәсілдерін саналы меңгерген оқушының сапалы білімге қол жеткізетіні анық. Оқушы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  алғашқы деңейі бойынша теориялық материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау жүргізуге бейімделеді. Негізінен деңгейлердің басым бөлігі талдау арқылы жүзеге асады. Барлық деңгейді меңгеру барысында оқушы сатылай кешенді талдау арқылы меңгерген теориялық білімдерін жатқа жаздырады, әрі білімді бағалау мақсатында тест тапсырады. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының соңғы сатысы бойынша осы уақытқа дейінгі алған білімдерін басшылыққа ала отырып әр пәннің мазмұнына сәйкес түрлі шығармашылық жұмыстар жасауға бейімделеді.

-Бұл технологиясының мұғалім құзіреттілігін қалыптастырудағы рөлі қандай?

-Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлігін шыңдауда ұлт ұстаздарының ой-тұжырымына сүйенгені абзал. Мәселен, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов мектепке белгіленген бағдарламаның қажеттілігін әу баста айтқан.  Негізінен шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімдерге жаңадан ешнәрсе ойлап табудың да қажеті жоқ. Өйткені, Жүсіпбек, Міржақып, Ахмет сынды ұлт ұстаздары бүгінгі жас ұрпаққа қажет дүниенің барлығын қиын-қыстау заманда-ақ қолданысқа енгізіп, бізге мұра етіп қалдырып кеткен. Бізге тек бабалар салған сара жолды жалғастырып, бүгінгі жас ұрпақтың санасына жеткізе білсек болғаны... «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бүгінгі таңда мектеп компонентіне негізделіп 34 сағатқа арналып жасалған бірнеше пәннен бағдарлама, оқу кешендерінің біраз нұсқалары жазылып, қолданысқа енгізілді, себебі бүгінгі күнге дейін мектеп компоненті мен оқушы компонентінің сағаттары өз мақсатын толығымен орындап отырған жоқ.  Мұғалімдер мүмкіндігіне қарай  өздігінен құрастырып, оқу кешендерін жасап, сабақ өткізген болып жүр. Сондықтан, мектеп компоненті мен оқушы компонентіндегі сағаттар толығымен өз мақсатында жүзеге асырылып жүр деп айту қиын. Бүгінгі таңда осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталып жазылған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының оқу кешендерінің мақсаты мен міндеті айқын, сол арқылы берілетін білімнің сапасы  да жоғары. Сауат ашу, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, тарих, география, биология, химия сияқты пәндер бойынша кешендер жарық көріп келеді. Мұның өзін де жеткілікті деп айта алмаймыз, әлі де толықтыруды, жан-жақты жетілдіруді қажет етеді.

Осылайша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы мұғалімнің біліктілігін    қалыптастыруға өз дәрежесінде ықпал етуде.

-Нұрша Алжамбайқызы,   Алаш зиялыларының білім саласындағы ой-тұжырымы мен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының арасында қандай сабақтастық бар?

-Жүсіпбек Аймауытов  балаға сапалы білім беруде мұғалімге мынадай шарт қояды: «Мұғалімнің басқасын кешуге болса да, баланы болжыратып, еңсесі түсіп оқытқанын кешуге болмайды. Жігерлі болу мұғалімнің сүйегіне біткен сипаты. Туыста жігерсіз, отсыз мұғалім сыртқы түрінде қандай оңтай, қандай әдіс қолданып оқуын түрлендірем дегенмен мәз береке шықпайды. Әйтсе де, оқытудың әдістерін  дұрыс қолданса, сабақты едәуір ширатуға болады. Сондықтан мұғалім сөзін де, сыртқы әдістерін де сабақты қыздыру жағына орайлау тиіс. Мұғалімнің есінде болатын нәрсе, өтінумен, жалынумен яки күшпен баланың мінезін тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында ғана жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуаттарын жетілдіріп, тәрбие де бере алмайды», – дейді. Енді Алаш зиялыларының осы айтқандарын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен сабақтастыра отырып қарастырып көрелік. Қазақ халқының рухани көсемдері баланы оқытуға, тәрбие беруге бастауыш сыныпта аса жауапкершілікпен қарауда өз заманында  ең алдымен мұғалімдердің педагогика, психология, әдістеме саласынан білімдерінің жеткілікті болуына, сабақтарында әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданумен қатар, қызықты етіп өткізуге баса назар аударады. Сондай-ақ, білім жүйесінде педагогикалық технологияларды басшылыққа алып, жан-жақты дамыған, өз елінің болашағына  қызмет ететін, ұлтының, елінің өркендеуіне өз үлесін қосатын құзыретті тұлға қалыптастыруды балабақшаның мектепалды дайындық тобынан бастау тиімді  болмақ. Осындай бағытты ұстанған, бірнеше жылдардан бері білім үрдісінде қолданыста жүрген  технологиялардың бірі – «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы. Бұл технологияны бүгінгі таңда еліміздегі көптеген алдыңғы қатарлы теориялық білімдері жетік, еңбекқор, жаңашыл ұстаздар мен тәрбиешілер балабақшадан бастап өз тәжірибесіне енгізіп, нәтижелі жұмыс істеуде. Оған қоғамдық негізде ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және ҚР Кіші ғылым академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан мұғалімдердің форумы мен оқушылардың республикалық ауызша командалық олимпиадасы куә.  Өткізілген форумдарда  қозғалатын тақырыптар Елбасының жылдағы халыққа Жолдауында көтерілетін білім саласындағы негізгі мәселелерден туындап отырады.

-Жалпы бүгінгі күнге дейін Қазақстан бойынша қанша ұстаз жаңа жүйе бойынша дәріс алды?

-«Сатылай кешенді оқыту» жүйесі бойынша бүгінгі күнге дейін ұзын-ырғасы 8 772  мұғалім дәріс алыпты. Олардың арасында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институттардың 500 мұғалімі,  Моңғол Халық Республикасынан 30 мұғалім дәріс алды. Еліміз бойынша  Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа өңірлердің барлық ұстаздары қамтылды, ал жаңашыл ұстаздар жаңа жүйені жатсынбай қабылдады. «Сатылай кешенді оқыту» жүйесі бойынша жаңа әдіс-тәсілдер арқылы білімін жетілдіріп, жас ұрпақтың бойына сіңіретін мұғалімдеріміз күннен-күнге артады деген сенімдеміз. Сондай-ақ, аталмыш жүйенің аясында айрықша белсенділік танытып келе жатқан Астана қаласындағы №71 «Мөлдір» балабақшасы, №4 мектеп-гимназиясы, №8 жалпы білім беретін орта мектеп, №66 мектеп лицейін ерекше атап өтуге болады. 

-Нұрша апай, қазақ тілінің маманы ретінде айтыңызшы,  туған тілімізді тұғырына қалай қондыруға болады?

-Әрине, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежедегі биігіне көтеріле алмай келе жатқандығы қоғамның бір мүшесі ретінде бәрімізді де алаңдатады. Әйте де, қабілет-қарымымыз жеткенше, өз мамандығымызға сәйкес қазақ тілінің дамуына атсалысып келе жатқан жайымыз бар.  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бір мақсаты – оқушыларды кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол  арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға танытуға, бағалай білуге баулу.

      Туған тіліміз тиісті тұғырына қону үшін біз болашақтың қожасы жастар екендігін ескеріп, бүгінгі өскелең ұрпаққа қазақ тілін толық меңгеретіндей мүмкіндік жасауымыз керек. Шындығын айту керек, бүгінгі балалар  қазақ тілінің уызына жарып жатқан жоқ. Үш тілділікті желеу етіп, балғындарымызға балабақшадан бастап, ағылшын тілін үйрету, бізге ешбір пайдасын тигізбейді.

Елбасымыз «ағылшын тілін үйретуді балабақшадан немесе бастауыш сыныптан бастаңдар» деп бұйырған жоқ. Білім саласының тізгінін ұстап тұрған басшылар осы мәселені ескеруі тиіс. Кез-келген нәрсені қолданысқа енгізбес бұрын алдымен сараптап алғанымыз жөн  еді. Ал, бізде ешбір экспримент жүргізілмей-ақ, бағдарламаның барлығы қолданысқа бірден еніп кетеді. Негізінен орыс тілін 4-сыныптан, ағылшын тілін 5- сыныптан бастап оқытуды қолға алсақ, оқушының тіл үйренуі кезең-кезеңімен жүзеге асатын еді. Бала кез-келген екінші немесе үшінші тілді меңгеруі үшін өзінің ана тілінің негізіне сүйенуі керек. Өкініштісі сол,  бізде ана тілінің негізі бастауыштан бастап дұрыс қаланбайды.

Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асырудың ең тиімді тәсілі – мемлекттік тіліміз қазақ тілінің негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгеруге жол ашу. Бұған «Сатылай кешенді оқыту» жүйесі арқылы білім алған Астана қаласындағы көптеген мектеп оқушыларының үш тілде қатар сайрап отырғандығы нақты мысал бола алады.

-«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын іске асыру барысында кездесіп жатқан қиындықтарды атап өтсеңіз...

-Сатылай кешенді оқыту» технологиясын жүзеге асыру жолындағы ең басты қиындық – оқулық мәселесі. Елімізде оқулық тапшылығы өз алдына бір мәселе болса, бар оқулықтардың сапасы да сын көтермейді.  

Сараптама жасау арқылы мектеп оқулықтарының көпшілігінде балалардың жас ерекшелігі ескерілмегендігіне көз жеткіздім. Сондай-ақ, кітаптарда баланың ойлау қабілетін, танымын, жалпы сөздік қорын байытатын дүниелер де жоқтың қасы. Өкінішке орай, оқулық авторлары басқа да өрескел қателіктерге жол берген. Мұның барлығы өз кезегінде ғалымдарымыздың көпшілігінің мектептің тыныс-тіршілігінен бейхабар екендігін көрсетсе керек. Бүгінгі таңда тағы да жаңа оқулықтар жазылып жатыр. Өкінішке орай авторлары – тағы да сол мектептің бетін көрмеген ғалымдар. Мұндай шалажансар сауатты кітаптарды оқып отырған шәкірттер қалай сауатты болмақ? Бізді осы жағы алаңдатады. Мектеп оқулықтарына немқұрайдылықпен қарауға болмайтынын ескеретін кез жеткен сияқты.

     Екінші мәселе– ата-аналардың көп нәрсеге атүсті қарайтындығында. Шындығын айту керек, кейбір ата-аналар баласының білімін бағамен өлшеп, бестік алса болғаны мәселенің барлығы шешілді деп ойлайды. Өз кезегінде біз де ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу арқылы бестіктің оңайлықпен келмейтіндігін түсіндірдік.

Үшіншіден, Республикалық «Оқулық» орталығының біздің оқулықтарымызға да қолдау көрсетуге құлық танытпай отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Әйтсе де, біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Мектептерде «Сатылай кешенді оқыту» жүйесін эксперимент ретінде жүзеге асыруға тырысып келеміз. Ол үшін де мұғалімдердің қолында кешенді бағдарламамен қатар оның оқулығы, дәптері, әдістемесі болуға тиіс. Жаңа жүйенің әдістемесі биылғы жылы жасалды. Әйтсе де, оны жетілдіруге мүмкіндігіміз болмай отырғандығын жасырмаймыз.

Төртіншіден, мемлекет тарапынан білім жолында бар күш жігерін сарп етіп жатқан мұғалімдердің еңбегі еленсе екен деймін. Сондай-ақ, ұстаздардың әлеуметтік жағдайының дұрысталуына да көмек көрсетілсе, мұғалімдердің шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігі болар еді. Мұның барлығы еліміздің болашағы болып табылатын білімді ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізетіндігі сөзсіз.

Айта кететін тағы бір мәселе – бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде телеарнаның көрерменге әсер ету мүмкіншілігі мол екендігін ескере отырып, мағынасыз сұхбаттардың берілмеуін қадағалау қажет сияқты. Өйткені, әншілеріміздің көпшілігі көгілдір экран арқылы күндіз-түні  «мектепте математиканы, физиканы, химияны жек көретінмін», «үнемі  сабақтан қашып кететінмін» деген сияқты қыршаңқы әңгімелерді жиі айтады. Мұның барлығы экранның арғы жағында отырған оқушының психологиясына кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан, әншілердің құлағына «алтын сырға», олар осындай мәнсіз әңгімелерді айтудан аулақ болғаны абзал. Мұны жаңа жүйені қолданысқа енгізу барысындағы қиындық ретінде емес, ұстаз болғандықтан кейбір өнер адамдарының қисынсыз әңгімелері, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегімізге өз кедергісін келтірмесе екен деген ниеттемін.

-Алдағы жоспарларыңыз қандай?

-Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болса, болашақта «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын жүзеге асыратын орталық құрсақ деген ойымыз бар. Жоспарымыз жүзеге асар болса, орталық үш тағанның аясында жұмыс жасамақ. Бірінші таған бойынша аталған технологияның мазмұнын мұғалімдерге толық меңгертіп, олардың сапалы білім игерту үшін мемлекет тарапынан арнайы курстар ұйымдастырылса, екінші тағанның аясында эксперимент жүргізетін мектептерімізде осы технологиямен жұмыс жүргізетін мұғалімдеріміз болуы тиіс. Сондай-ақ, үшінші тағанның негізінде ұстаздардың жазған еңбектері жарық көретін арнайы басылым болуы қажет. Біз жоспарлаған орталық өз кезегінде осы мәселелерді жүзеге асырады деген ойдамын.

-Сонда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша жұмыс істейтін мектептің түпкі мақсаты қандай болмақ?

-Түптеп келгенде қазақ ұлтын сақтап қалатын –  қазақша ойлайтын, қазақша білетін қазақтың ұрпағы. Қазіргі таңда елімізде кәдімгі орта мектептермен қатар, дарынды балалар ғана оқуға мүмкіндік алатын Қазақ-түрік лицейлері, ағылшын тілінде оқытатын мектептер бар. Қарап отырсақ, кейбір ата-аналар балаларының осындай мектептерде оқып жатқанын мақтан көретін сияқты. Әйтсе де, аталған білім ордаларының ділі қазақ тілі емес екендігін ескерген жөн. Қазақ еліндегі кез-келген мектепте ең бірінші қазақтың тілі тұруы керек. Біздің арманымыз – жоғары дәрежедегі мектептермен бәсекелесе алатын шынайы қазақ мектебін қалыптастыру.

    Елімізде Алаш арыстарының идеясын жүзеге асыруды мақсат тұтқан нағыз қазақ мектептерінің негізін бүгіннен бастап қалауымыз керек. Ондай оқу ордасы болса, еселеп еңбек етуге де әзірміз.

    Тағы бір айта кетерлік мәселе  осы уақытқа дейін Алаш арыстарының тарихшы, тілші, әдебиетші, қоғам қайраткері, ғалым екендігі жан-жақты зерттеліп, зерделеніп келгенмен, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек сынды Алаш ардақтыларының педагогикасы, психологиясы жабулы күйінде тұрғаны жасырын емес. Ал, Алаш арыстарын ардақ тұтар мектептер болса, жоғарыда аталған мәселелердің барлығы зерттеліп, бір жүйеге келген болар еді. Әрі бүгінгі ұрпақ Алаш зиялыларының сара жолымен білім алуға қол жеткізер еді. Ең болмағанда, 2017 жылға дейін ұлтжанды тұлға қалыптастыратын, ұлттық білім берудегі бір мектепті Алаш деп ұрандатқан ата-бабаларымыз аңсаған дәрежеге жеткізсек, Алаш арыстарының арманының орындалғаны деп білемін.  

-Мәнді де, мағыналы әңгімеңіз үшін рахмет!

 Сұхбаттасқан: Гүлмира САДЫҚ


Гүлжан Сүлеева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми істер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:

          «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Шеберлік сыныпта» грамматикалық материалдарды сатылай талдау, тілдік мысалдар арқылы ойды дәлелдеу кезеңдері кешенді түрде жүргізілді. Бұл әдістеменің ерекшелегі бір грамматикалық материалдан екінші топқа өткенде алғашқысын ұмыт қалдыру емес, кейінгі өтілген материалды алдыңғысымен байланыстыра, сабақтастыра, қатар алып жүру, толықтырып отыру, сол арқылы тіл білімі салаларын жаттап алмай түсіне талдау жағдайлары қалыптасады. Мысалы, өзім қатысқан семинар ақпараттарын консерватория студенттерінің қазақ топтарын оқытуда кеңінен қолдана алдым деп айтуға болады. Бұл студенттердің өз ойларын жүйелі жеткізуге, жылдам ой қорыта білуге, сонымен қатар шапшаңдыққа, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білуге, талғампаздықпен сөйлей білуге жол ашты. Аталған жайттар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының өміршеңдігі мен бүгінгі заман талабына сай әдістеме екенін айқын көрсетеді. «Сатылай кешенді оқытумен» жұмыс жасаған оқытушы, мұғалім онымен білім алған шәкірттер шығармашылық жетістікке жетіп жүр. Қорыта келе, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бүгінгі өскелең ұрпақ пен рухы биік, тілдік дағдыны еркін меңгерген, ұлт қазынасын сақтай алатын ұлт тұлғасын  тәрбиелеуде маңызды орын алады. Аталған төл технология практикасымен білім алған оқушы мен студент жоғары деңгейлі биіктерден көріне алады дегім келеді.


«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ» - ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІРЕГЕЙІ

 

Қазақ елі тәуелсіздік алған кезеңнен бері қазақ тілін оқыту деңгейін жоғарылату мақсатында елімізде түрлі бағыттағы оқу-әдістемелік құралдар жарық көріп, оқу әдістемелерін практикалық қолдану оқытушылар арасында жүргізілуде. Бұлардың қатарында деңгейлеп оқыту, кешенді оқыту, модульдік оқыту, блокпен оқыту және т.б. әдістер бар. Осындай әдістердің бірегейі – қазіргі тіл білімін оқытуда кеңінен танымалдылыққа ие болып, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді оқыту технологиясы». Аталған технология тек мектеп бағдарламасында ғана емес, жоғары оқу орындарының жалпы білім беретін пәні ретіндегі қазақ тілін оқытудағы ұтымды әдіс ретінде қолданылып жүр.

Нұрша Алжанбайқызы 1998-2003 жылдары Құрманғазы атындағы консерватарияның қазақ және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ғалым сол жылдары кафедраның ғылыми әлеуетінің көтерілуіне зор үлесін қосты. Сонымен қатар оқу орнының ерекшелігіне сай  басшылық жасап, кафедра оқытушыларымен бірлесе отырып «Қазақ тілі» (фонетика), «Қазақ тілі» (сөзжасам, морфология) атты екі оқу құралын дайындап, баспадан шығарды. Оқу құралы бүгінгі күнгі қазақ тілін кәсіби тұрғыдан оқыту деген талапқа негізделіп жазылған. Яғни айтқанда, тілдік бірліктер өзі жасаған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен жазылса,  онда берілетін тапсырмалар мен жаттығулар өнер адамдары, олардың өмірбаяны, шығармашылығы, олар жайлы жазылған естеліктер, нақыл сөздер, т.б. және де студенттердің кез келген ортада шешен де шебер сөйлеуге қажетті сөздік қорларын байытып, таным көкжиегін кеңейтуге ықпал ететін материалдар жинағы топтастырылған. Сондай-ақ, ғалым-әдіскер студенттермен сабақтан тыс уақыттарда да қоян-қолтық жұмыс жасай жүріп, «Халық тарихы, музыка тарихы» атты үйірме ұйымдастырып, Алматы қаласындағы мектеп-интернаттар, жетім балалар үйлерінде дәстүрлі музыкадан лекция-концерттер, кездесулер ұйымдастырған еді. Бұл біріншіден, студенттердің  жұрт алдында сөйлеу машықтығын қалыптастыруға ықпал етсе, екіншіден, халық музыкасының терең сырлары мен философиялық ой-тұжырымдарын тыңдаушылардың жүрегіне жеткізіп, оның құдіретті үні таптырмас тәрбие құралы екендігін жалпақ жұртқа таныту еді. Технология авторы сол кезеңдерде жас ұрпаққа ана тілінің құдіретін танытып, ұлттық музыканың ғасырлар бойы сақталған саф үнін олардың құлағында ұзақ сақталуға деген өз мақсатына жете алды деп ойлаймыз.

Бұл әдістемені практикалық түрде бағдарлама негізіне енгізу аясында автор тарапынан түрлі «Шеберлік сыныптар», әдістемеге қатысты ашық сабақ, республикалық деңгейдегі ауызша командалық олимпиада, семинар, конференция, тілдік форумдар өткізу шаралары іске асырылып келеді. Соның бір дәлелі 2001 жылы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институттың Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясында Нұрша Алжанбайқызының  «Шеберлік сыныбымен» «Қазақ тілі материалдарын сатылай комплексті талдаудың лингвистикалық және әдістемелік негіздері» атты ғылыми-әдістемелік семинарға Қазақ тілі пәнінің оқытушысы ретінде қатысқан болатынмын.

Аталған «Шеберлік сыныпта» грамматикалық материалдарды сатылай талдау, тілдік мысалдар арқылы ойды дәлелдеу кезеңдері кешенді түрде жүргізілді. Бұл әдістеменің ерекшелегі бір грамматикалық материалдан екінші топқа өткенде алғашқысын ұмыт қалдыру емес, кейінгі өтілген материалды алдыңғысымен байланыстыра, сабақтастыра, қатар алып жүру, толықтырып отыру, сол арқылы тіл білімі салаларын жаттап алмай түсіне талдау жағдайлары қалыптасады. Мысалы, өзім қатысқан семинар ақпараттарын консерватория студенттерінің қазақ топтарын оқытуда кеңінен қолдана алдым деп айтуға болады. Бұл студенттердің өз ойларын жүйелі жеткізуге, жылдам ой қорыта білуге, сонымен қатар шапшаңдыққа, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білуге, талғампаздықпен сөйлей білуге жол ашты. Аталған жайттар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының өміршеңдігі мен бүгінгі заман талабына сай әдістеме екенін айқын көрсетеді. Оған дәлел өзіммен қатар «Шеберлік сыныбында» қатар оқыған әріптестерім, ұстаздар күні бүгінге дейін автормен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, сонымен қатар шығармашылық жетістіктерге жетті  және олардың біразы ғылыми дәреженің иегерлері атанды.  Бір сөзбен айтқанда,  «Сатылай кешенді оқытумен» жұмыс жасаған оқытушы, мұғалім онымен білім алған шәкірттер болсын бүгінгі таңда шапағатын көруде.

Қорыта келе, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бүгінгі өскелең ұрпақ пен рухы биік, тілдік дағдыны еркін меңгерген, ұлт қазынасын сақтай алатын ұлт тұлғасын  тәрбиелеуде маңызды орын алады. Аталған төл технология практикасымен білім алған оқушы мен студент жоғары деңгейлі биіктерден көріне алады дегім келеді.

 

 Сүлеева Гүлжан Созақпайқызы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми істер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.


ҒАЛЫМ-ӘДІСКЕР ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

 

Нұрша Алжанбайқызымен сонау кеңестік дәуірдің 80 жылдарында танысып едім. Білетінім Нұрша апай сол кездің өзінде-ақ қазіргі пилоттық жобаға айналып отырған «Сатылай кешенді талдау» әдісінің негізін қалап үлгеріп еді. Екеуміз де  сол кездегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранттары едік. Ол заманда аспиранттар оқу аудиторияларымен  тығыз  бірлікте болатын да үнемі студенттерге сабақ беру  үдерісіне  үздіксіз қатысатын. Сол жылдардың өзінде-ақ  Нұрша апай өзі оқи жүріп, аздап сабақ жүргізген аудитория студенттеріне тілдің құрылымдық жағын бүге-шігесіне дейін талдап беріп, оларды өзі соңынан ертіп алатын.  Студенттер кейде бір сабақ бойы тек бір сөйлемді ғана түпкілікті талдап үлгермейтіндерін айтып,   таңқалысатын, таңғалып қана қоймайтын, сөйлем талдауға одан әрі құмартып, тілдің құрылымынындағы құпияларды біле түсуге, тіл ғылымының қыр-сырын танып білуге құлшына түсетін. 

Ғалым-әдіскер «Сатылай кешенді талдау» технологиясын мектептен қол үзбей жүріп,  тәжірибе  жұмысын тікелей өзі жүргізді. Тәжірибе жұмысын 1994-1995 жылынан бастап Алматы қаласындағы №1 қазақ-түрік лицейінде он жылдан астам үздіксіз жүргізді. Сол кезеңдерде қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті оқытушы-профессорлары мен республикамыздың түкпір-түкпірінен білім жетілдіруге келген ұстаздар қауымы  ғалымның  сабақтарына  үнемі  қатысып,  ауылдан білім алуға келген оқушылардың тілі білімінің салаларын шемішкеше шағып, сөздің мәйегін тамызып, ой толғағанда  ерекше  бір  әсермен оралушы едік. Содан бері 30 жылдай уақыт өтті. Міне, бұл Нұрша Алжанбайқызының өз әдісін жетілдірдіруге  қаншама  жылдарын арнағанын көрсетсе керек. Нағыз әдіскер зерттеуші осылайша жалықпай, талмай еңбек ету керек шығар. Шындығын айту керек, қазірде әдістеме саласынан қорғаған ғалымдар саны жетіп артады. Алайда, сол ғалымдарымыз қандай жаңа тәсіл енгізді, ол енгізілген тәсілдер мектептерге, оқу орындарына жетіп жатыр ма, қолданысқа еніп, өз нәтижесін беріп жатыр ма, міне, мәселе осында.

Ол өзінің білім  беру  жүйесіне  енгізген жаңалығының негізгі ой-тұжырымдарын Алаш зиялыларының баға жетпес құнды еңбектерінен алғандығын ерекше мақтанышпен айтып отырады. Бүгінгі таңда технологияның  он  пәнге  еніп отырғандықтан оны «Сатылай кешенді оқыту» деп атап, Астана қаласындағы білім ордаларында тәжірибеден өткізуде.

Қазірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда бастау алып, бүгінде балабақшадан бастап бірнеше пәнге енген, Қазақстан аумағына кең тараған бірден-бір технология осы Нұрша Алжанбайқызының енгізген білім саласына енгізген  жаңалығы болып отыр десек артық айтпағанымыз болар.

    Мен өзім де университет қабырғасында сабақ берген жылдар ішінде Нұрша  Алжанбайқызының  әдісімен  таныс  студенттерге сабақ беріп жүрдім. Айтайын дегенім, бұл технологиямен сусындаған балалар басқа студенттерден бірден ерекшеленеді. Тілдің ғылыми құрылымын жетік білетіндіктерімен бірден көзге түседі.  Кезінде Фердинанд Де Соссюр деген ғалым осы әр  тілдің құрылымы  жүйеге  бағынатындығын айтып кетіп еді. Бүгінгі  Нұрша  Алжанбайқызының  «Сатылай кешенді оқыту»  технологиясы осы Фердинанд Де Соссюр айтқан тіл құрылымының жүйеге бағынатындығының  нағыз  дәлелі. Бұл әдісті меңгерген бала осы әдіс арқылы қазақ тілінің құрылымы жеке-дара емес, толық бір жүйеге бағынатындығын оп-оңай аңғарады. Міне, бұл Нұрша Алжанбайқызының  ұзақ  жылдар бойы  ізденісінің  жемісі  дер едім. 

Сонымен қатар әдіскер-ғалым «Сатылай кешенді оқыту» технологисымен жұмыс жасап жүрген ұстаздар мен білім алып отырған шәкірттерінің де еңбегін елусіз қалдырмайды. Жылда ұстаздар қауымына түрлі тақырыпта семинар, форум, оқушылырға ҚР Кіші ғылым академиясының  республикалық  ауызша  командалық  олимпиадасын өткізіп, мүмкіндігіне қарай оларды марапаттап отырады.

Әрине, Нұрша Алжанбайқызы бұл табыстарына  малданып, масаттанып қарап отырған жоқ. Ғалым-ұстаз әлі де осы өзі енгізген әдістің қыр-сырын жетілдіре түсу жолында мектеп басшылары мен ұстаздарымен бірлікте талмай еңбек етуде. Ал, мұның өзі жас ұрпаққа ана тіліліздің табиғатын танытуға, оған деген өзінің азаматтық парызын өтеумен бірге балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында білім беріп жүрген ұстаздар қауымына үлкен көмек болып отыр. Оны бүгінде осы салада жүрген ЖОО-ының оқытушылары,  ұстаздар,  тәрбиешілер  қауымы  дерлік  қолдап отыр.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Қалыбаева Қ.С.


Neue Nationale Schritt-Komplex-Technologie bei der Lehre

         Guten Tag, Nursha Alzhanbajkyzy!  Wie geht es Ihnen? ich bin seit dem Jahre 2001 mit Ihrer neuen Technologie bekannt. In jener Zeit arbeitete ich unter Ihrer Führung im  Lehrstuhl fur Sprachen als Oberlehrerin der Fremdsprachen bei dem kasachischen nationalen Kurmangazy-Konservatorium.  Ich war Zeuge davon, wie Sie zahlreiche Veranstaltungen fur Sprachfacher nach Ihrer Technologie durchgeführt haben. Sie organisierten viele Olympiaden fur Sprachen,  Sie gaben Meisterklasse, Sie eröffneten eine Sonntagsschule und Schuler gingen mit Gern und Liebe  zum Ihren Unterricht.  Ich weiß auch, dass Sie arbeiteten hart, einen großen Beitrag bei der Entwicklung leisteten, um Ihre Technologie zu implementieren, zum Nachweis ihrer Wirksamkeit in der Lehre der kasachische Sprache. Ich benutze selbst immer noch Ihre Methoden an meinen Unterrichten in Fremdsprachen.  Es gibt heute bei  dieser Technologie reale hervorragende Ergebnisse. Man weiss auch davon, dass dieser Technologie nicht nur bei den Unterrichtssprachen verwendet werden kann, sondern auch in andere Fächern, zum Beispiel in der Mathematik, davon zeigten Ihre Kollegen den Angriff auf Mathe, die in Ihrem Team unter Ihrer Leitung bei der Sonntagsschule gearbeitet haben. Und schließlich beweisend Ihre Technologie in der Praxis durch viele Vorschungen Sie presentierten im Jahre 2007 erfolgreich selbstbewusst  Ihre Doktorarbeit zum Thema «Schritt-integrierte Technologie beim Lernen der kasacnischen Sprache»  an der Kasachischen nationalen pädagogischen Abai-Universität. Und wir waren sehr froh und stolz auf Sie immer da.

Heute ist der Wortschatz der Schüler in den Schulen sehr knapp. Der Grund für den Mangel an ein angemessenes Niveau der Rede-Kultur bei Kindern ist, dass ihre Eltern nicht beeinflussen konnen, um ihren Wortschatz zu bereichern, und es gibt auch keine effektive Lehrmethoden und  visuelle hilfsmitteln beim Lehren.

Sie bezeichnen Ihre Technologie als nationale Bildungs-Technologie,  weil es von den ersten Ideen-Alashordamanner-denken in Bildung stammt. In unseren Tagen  Ihre Technologie “Komplex-Step Training” erfullt  die Prinzipien der Alaschordamanner im nationalen Bildungssystem. Im Vergleich-matching analysierten Sie mehrmalls die Merkmale des traditionellen Systems des Lernens und der Technologie in einer  integrierten Weise-Modus beim Lernen. Heute kann Ihre Technologie die bestimmten Anforderungen und Aufgaben an die Lehrer stellen, es starkt naturlich die Autorität der Lehrer bei der Erziehung der Kinder.

Ich wünsche Ihnen aufrichtig viel Erfolg beim Wohlstand Ihrer Technologie! 

Mit freundlichen Grüßen Oberlehrerin, m.Ed Kuanysh Essìmkyzy Rasulbek!  

 

New national step-complex technology by the teaching 

         Good day, Nursha Alzhanbajkyzy!  How are you? I know your new technology since 2001. In those days I worked as a teacher of foreign languages under your leadership  at the Chair for languages by the Kazakh national Conservatoire named after Kurmangazy. I witnessed how you performed numerous events in language subjects by your technology. You organized many Olympics in languages, you had  master classes, you opened a Sundaysschool and pupils went to your lessons with pleasure and love. I also know that you worked hard and made a great contribution by the development to implement your technology, proving its effectiveness by the teaching Kazakh language. I use myself your methods still by the teaching in foreign languages. Today there are really excellent results with this technology. We also know that this technology can be used not only by the  teaching in languages of instruction, but also in other subjects, such as mathematics, where your colleagues showed the attack on math, who have worked in your team under your guidance at the Sundaysschool. And finally demonstrating you had your technology in practice by many researches associate and in 2007 you presented successfully confidently doctoral dissertation on the theme «step integrated technology by the teaching of Kazakh language» at the Kazakh national pedagogical University named after Abay. And we were very glad and always proud of you.

Today the vocabulary of pupils at schools is very poor. The reason for the lack of an adequate level of speech culture in children is, that their parents cann’t interfere to enrich their vocabulary, and there are also no effective methods of teaching and failure of the teaching packages.

You call your technology as a national educational technology, because it comes from the first ideas of Alashordamen’s thinking by education. Nowadays  this complex step training technology responds to the principles of the Alashordamen’s by the education system. In comparison-matching  you analyzed many times characteristics of the traditional system of learning and step-complex technology in an integrated learning. Today your technology can provide the requirements and tasks to the teachers, of course it strengthens the authority of the teacher by the education of the children.

I wish you really success by the prosperity of your technology! 

Sincerely Senior Lecturer, Master of pedagogical sciences Kuanysh Essìmkyzy Rasulbek!

 

           Здравствуйте, Нурша Алжанбайкызы!  Как у Вас дела? Я хорошо знакома  в Вашей новой технологией с 2001 года. Тогда я работала под  Вашим руководством на кафедре языков старшим преподавателем  иностранных языков Казахской национальной консерватории имени Курмангазы.  Я была свидетелем , как Вы организовывали  языковые олимпияды,  давали мастер классы, открыли воскрестную школу  и как ученики  с вдохновением ходили на Ваши уроки.  Я также знаю, что Вы упорно работали в реализации Вашей технологии и внесли большой вклад в ее формировании, доказывая ее эффективность при обучении казахскому языку. Я сама до сих пор использую Ваши методы на своих уроках по иностранным языкам. Это технология не применно дает свои плоды и отличные результаты. Так же известно эту технологию можно использовать не только при обучении по языкам, но и по другим предметом, например по математике, это доказывали Ващи коллеги по математике, которые работали в Вашей команде под Вашим руководством. И наконец-то оспоривая, доказывая свою технологию обучения на практике, через многочисленные экспериметы, Вы в 2007 году с уверенностью успешно защитили свою докторскую диссертацию по теме «Ступенчато-комплексная технология обучения» при Казахском национальном педагогическом университете имени Абая. И мы были очень рады, и гордимся Вами досих пор.

Сегодня словарный запас учеников в школах является скудным. Причиной отсутствия соответствующего уровня культуры речи у детей является неспособность родителей повлиять на обогащение их словарного запаса и  недостаточность в этом учебно-методических комплексов.

Вашу технологию называют национальной технологией обучения, потому что она берет начало с первых идей-мышлений Алашординцов в области образования. В наши дни именно Ваша технология комплексно-ступенчатого обучения отвечает  тем принципам Алашординцов в системе образования. Сравнивая-сопоставляя Вы неоднократно анализировали особенности традиционной системы обучения и технологии комплексно-ступенчатого обучения. Сегодня Ваша технология может ставит определенные требования к учителям, задачи их выполнения и это неприменно укрепляет  авторитет учителя в воспитании детей.

Я искренно желаю Вам больших успехов в процветании Вашей технологии, живите долго и будьте здоровы!

 

С уважением старший преподаватель, магистр педагогических наук Расулбек Куаныш Есімкызы