СКО  -  технология  эффективного обучения

 

В настоящее время в образовательном пространстве очень много технологий в обучении.

Мой сын Егінбай Даулет в этом году пошел в первый класс школы-гимназии №74 города Астаны.

Спешу поделиться новыми наблюдениями из жизни моего сына-первоклассника.

С первых дней в школе-гимназии начали применять ступенчато-комплексное обучение по следующим  предметам: әліппе, математика, дүниетану, ана  тілі.

В  этой же школе работает и автор  данной технологии, профессор,  доктор филологических наук  КазПИ  имени Абая   Оразахынова  Нурша  Алжанбаевна.

«СКО»-  кратко называют эту технологию,  с казахского  расшифровывается,  как «Сатылай  кешенді оқыту».

  Суть данной  технологии это первый опыт практической реализации личностного-ориентированного  подхода в обучении.

Особенностью данной  педагогической технологии заключается в  том, что ученик в процессе  обучения сам контролирует этот процесс, исходя из темы, реальных целей, сам отслеживает, сам определяет конечный результат.

 Не  скажу, что все было гладко. Беспокоил и объем  заданий. На первый взгляд  это может показаться  как  механическое заучивание.

С уверенностью могут сказать, что эта технология  развивает способность детей  сознательно концентрироваться на конкретной информации,  в отличие от общего воспоминания  скажем,  визуальной  информации.

Таким образом развивается долговременная память, которая более стабильна.

Темы, которые мы изучали с сыном,  связаны с историей,  культурой нашего народа,  что немаловажно  в современном   обществе, это в первую  очередь развивает национальное самосознание у детей, повышая тем самым позновательный интерес к  дальнейшему изучению истории,  культуры казахского народа.

Даулет, с применением   этой технологии   стал более увереннее, разговорчевее, активным,  стал  больше  общаться со сверстниками,  раскрылись  актерские  и лидерские   способности. С  большим интересом выполняет  домашнее задание. Увлеченно  читает  рассказы, декламирует  стихи.

И еще хотелось бы отметить,  по моим наблюдениям,  когда я присутствовала на олимпиаде,  у детей развивается навык  работы в группе,  в команде, каждый  чувствует ответственость за задание, первоклассники, когда обсуждали задание  прислушивались внимательно друг к  другу.

Развивается речь, мышление,  все буквы,  которые мы прошли по  әліппе, мы еще раз  более  углубленно разбирали  по  фонологическому  разбору , т.е, прослеживается связь теории и практики.

Хочу пожелать Автору технологии,  учителям и прежде всего Администрации школы-гимназии № 74 , успешное внедрение    технологии   в жизнь наших  детей. 

С уважением мама  первоклассника  Жабагина А.К.


 Нұрлы білім сырлы білім деп білем...

 

Ата-ана болу – әр адамға зор жауапкершілік жүктейтін үлкен міндет. Тұңғышымыз дүниеге келгенде сол міндетті абыроймен алып жүрудің жолдарын іздей бастадық. Жаңа заман жаңа талаптарын қояды десек, жаһанданудың ұйытқыған құйынында  жұтылып кетпес үшін ол талаптар әр адамның, әр ұлттың, әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, құндылықтарын дәріптеумен үндесіп жатуы тиіс деп түсінемін. Отағасы екеуміз ұл-қызымызға заман үдесінен де шығатын, сонымен қатар ұлттық қасиеттеріміз бен рухани байлығымызды да шет қалдырамайтын білім жүйесін ұзақ іздедік. Ескі жүйеден бас тартқан білім саласы, өкінішке қарай жаңа заманның да үдесінен шыға алмай жатқаны жасырын емес. Өткеннің қасаң қалдықтарын, ал кейінгі дәуірдің жалаң көшірмесін көбірек сіңірген «жаңа» жүйенің қайта-қайта сынға ұшырап жатқаны, көптеген ата-ананың көңілінен шыға алмай жатқаны да  сондықтан болар. Бұған өз кезегінде сауатты әдістеме, сауатты оқулық жазатын мамандарымыздың аздығы немесе олардың сондай жауапты қызметке тиісті дәрежеде тартылмауы, білім реформаларында жүйелілік пен бірізділіктің сақталмауы кесірін тигізіп жатыр.

Осыдан бір жарым жыл бұрын, үлкен қызымыздың бірінші сыныпқа қашан барамын деп білімге ынтыққан балаң көңілі алғашқы тоқсан бітпей жатып-ақ су сепкендей басылуы –  осы мәселемен бізді бетпе-бет әкелді. Бірер ай өтер-өтпес алдында ғана жанып тұрған құлшыныстың ізім-қайым жоғалуы, ынтаның тұншықтырылуы – мектептегі білім беру жүйесінің ақсай бастағанының, дәрменсіздігінің айқын көрінісі еді. Ал бұл мәселе біздің қызбен бірге бір сыныпқа қарайтын отыз баланың ата-анасының басындағы мәселе болуы – менің тұжырымымды нақтылай түсті. Солай қиналып жүріп, бұл мәселені қоғам талқысына шығармасам, қоғам мүшесі, ата-ана және журналист ретіндегі парызымды орындамағаным деп білдім. «Әліппеден» бастап, «Математикаға» дейін өріп жүрген пунктуациялық, грамматикалық, логикалық, стильдік қателер мен қайшылықтарды тізіп, үшінші оқу тоқсанының басында қызымыз екеуміз қол ұстасып, телеэфирге алып шықтық. Бұл  оңай болмады, өйткені, сол «қате өрген» оқулықтарды шығарушы баспаның өкілі өз өнімін қызғыштай қорғап, қате жасаған олар емес, «дұрыс түсінбейтін» біз кінәлі екенімізді «дәлелдеуге» тырысып бақты. Жанға батар ауыр сөздер айтып қана қоймай,  «Осы уақытқа дейін ешкім мін айтпаған оқулықтарымыздға сын айтатын кімсің?» деп, ақыр соңында оқулық ұнамаса, балаларымызды 30 жыл бұрынғы «Әліппемен» оқытуды ұсынды. Мемлекеттік тапсырыспен шығатын оқулыққа ата-ана ретінде, салық төлеуші ретінде ең қарапайым сауаттылық талаптарын қоя алатынымды түсіндіру ниетім «есіл сөзім қор болдының» кебін киді.   «Бүйректі сирақ етіп дәделдегісі келген олардың сөзінен соң, «батысым шығыс болып кетті» деген күй кештік. Қоғамдық резонанс туындап, өзге қалалар мен ауылдардан ата-аналар, ұстаздар қауымы хабарласып, мәселенің байыбына барып, қоғам талқысына шығарғаныма  қолдау білдіріп, білім жүйесіне қынжылыстарын білдіріп жатты.

Алайда, сол  бағдарлама түсірілімі маған қаншалықты ауыр болғанымен, соншалықты қуаныш та сыйлады. Дәл сол хабар барысында баланың білімін ерекше терең, жан-жақты, ал ең бастысы, ұлттық дүниетаным мен қазақы ерекшеліктерге сай ұығындырып, әрі заман талабына толық жауап бере алатын жаңа жүйенің авторымен таныстым. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Оразақынова Нұрша Алжанбайқызының білім берудегі бұл әдіс-тәсілін өз басым тұман ішіндегі жарық сәуледей қабылдағаным рас. Алаш арыстарының ұлттық  құндылықтарды ту еткен еңбектеріне сүйене отырып, содан нәр ала отырып жасалған, қазақ тілінің табиғи ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, оны барынша аршып, жарқырата көрсете отырып, білімге баулитын бұл жүйемен оқыған қазақтың әр баласы шын мәнінде бәсекеге қабілетті, өз ұлтының қайнарынан нәр алған, туған елін шын мәнінде мақтан ететін зерделі ұрпақ болып өсеріне үміт мол.

Нұрша апайдың нұрлы білімі шын мәнінде қазақтың тарихы мен әдебиетінің, руханиятының, гендік кодының сыры тұнған қазына деп ойлаймын. Елестетіп  көріңізші: қарапайым ғана бір өлеңнің өзін оқыған соң, сол мезетте оның авторы туралы мәлімет айтып, тақырыбын,  идеясын жіліктеп, буын-бунағын жіктеп, әдети териялық ұғымдарды саралап беретін бастауыш  сынып оқушысын жиі кездестеріміз деп айта айлмаймыз ғой? Немесе дүниетану пәнінен «Су» дегенде, судың анықтамасын, химиялық  құрамын, қолдану аясын ғана емес, су туралы мақал-мәтелді зудырата жөнелетін оқушыны көрсеңіз тамсанғаннан басқа амалыңыз жоқ болар еді. Ал енді осы дүниелерді үш тілде бірдей талдап, таразылап, ой елігінен өткізе алатын білімді ұрпақ – болашақта өмірде өз орнын тауып, біліммен құлшына сусындайтынына күмән келтіре аламыз ба?.. Барлық пәндерге өз туған тілінің ғажайыптары мен кең мүмкіндігін терең ұғынып, сол призма арқылы үңілген жас буын патриот болмауы мүмкін бе?!.

 Көзіммен көріп, көңіліммен түйе отырып, менің перзентім де осындай ерекше, туған ұлтымыздың құндылықтарына бейімделе жасаған төл технологиямен білім алуын қаладым. Сол ниетімнің жүзеге асуына қолдау білдірген №66 мектеп-лицейінің директоры Айтжан Ермұханқызына және сол технологияның шырақшысындай болып, «Бәйтерек» түбіндегі мектепте Алматыдан арнайы келіп, қажырлы еңбек атқарып жатқан, туған ұлтын сүйетін қазақтың ғалым қызы Нұрша Алжанбайқызына, сонымен қатар технология модераторы, ол кісі де Алматыдан автормен бірге келген әрі балаларға тікелей үйретуші Роза Мейірбекқызына алғысымыз шексіз.

Үміт зор. Мақсат биік. Ал сол мақсатқа жету жолында жолда талай қиындықтар, кедергілер ұшырасады десек, сол өткелдің барлығын абыроймен өту барысында қажымас қайрат пен талмас жігер тілеймін. Бұйырса, осы төл технология өзінің өміршеңдігін, қажеттілігін барынша кең дәлелдеп, біздің елдің білім саласында белсенді түрде қолданысқа енетін, бейнеттің зейнетін көретін күнге тезірек жетуін шын жүрегіммен қалаймын. Еңбектеріңіз жана берсін!

 

Құрметпен, ата-ана  Алма Сайлауқызы


Copyright © Nurlybilim.kz, 2014