“САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ” ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:

Қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Әр пәннің мазмұнын ғылыми негізде меңгертіп, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін жан-жақты түсіндіре отырып, сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін, өзіндік көз қарасын  қалыптастыру;
  •  Пәндердің мазмұнын,  ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы ғылыми түсініктерін кеңейту;
  •  Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру;
  •  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  он деңгейін зейін қоя отырып рет-ретімен жүйелі үйреніп,   талдаудың түрлі амал-тәсілдерін саналы меңгерген оқушының сапалы білім алуға болатындығына көз жеткізу;
  • Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау;
  • Пәнаралық байланыс арқылы ғылымдағы өзгерістер мен жаңалықтардың тоғысын зерделеуге үйрету;
  • Пәндердің мазмұнын,  ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру;
  • Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде жат жазу арқылы шығармашылықпен орындай білуге төселдіру;
  • Интерактивті тақта, компьютермен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,  әр оқушының жазу сауаттылығымен қатар  ақпараттық-коммуникациялық   сауаттылығын жетілдіру;
  • Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге бейімдеу;
  • Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол  арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу;
  • Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, ұлттық ойын үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру;
  • Талдауға қажетті мақал-мәтел, нақыл сөздер мен шешендік сөдерді жинап, саралап қолдануға машықтандыру;
  • Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу.